400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Біз спортпен доспыз"

Материал туралы қысқаша түсінік
дене шынықтыру нұсқаушыларына көмекші құрал
Материалдың қысқаша нұсқасы

Спорттық мереке

«Біз спортпен доспыз»

Өткізілетін шара түрі: спорт сайысы

Өткізілетін орны:  Спорт залы

Қатысатын мүшелер:  балалар, топ тәрбиешілері, дене шыны0тыру нұсқаушысы.

Құрал жабдықтар:  арқан жіңішке – 3 дана, прищепка-30 дана, қалта шыты -30 дана, разнос – 3 дана, кегля – 3дана, доп(орташа көлемді) -3  дана, (кіші көлемді) – 3  дана, сыпыртқы – 3 дана, газет- 3 дана.

Алдан-ала өткізілетін жұмыс түрі: кеңес, жеке әңгіме жүргізу, суреттер спорт жайлы.

Мақсаты:Дене тәрбиесіне деген қызығушылықтарын арттыру. Салауатты өмір салтына тәрбиелеу.  Бос уақыттарын жаттығу түрлеріне арнауға үйрету. Ұжыммен жұмыс жасай білуге тәрбиелеу. Міндеттері:Дене тәрбиесіне деген қызығушылықтарын арттыру. Денсаулықта сақтаудағы, дене тәрбиесінің алатын орынын түсіндіру Балалардың дене-тәрбиесіндегі алған білімдерін бекіту

  Н:

Спорт алаңына балалар

Шақырамын сендерді

Денің сау шымыр болсаң

Қыздырайық денені

Орнымызда тұрмайық

Мерекені бастайық

Қайырлы күн балалар, қонақтар! Бүгін біз «Біз спортпен доспыз»атты спорттық мерекемізге қош келдіңіздер.

 Әділ-қазылармен таныстыру:

Төрде отырған жюри

Бізге берсін әділ баға

Озғыр,өжет көңілмен

Жетеміз біз жеңіске

Біздің бүгінгі жарыста  ең шапшаң,жүйрік,өткір ойлы балалар ғана қатысады. Ал қазір біз алдымызда сайысқы түсетін командалармен танысайық. Командалар өздерін таныстырады:  Біздің топ: Қарлығаш

Біздің ұран: Тыңдаңыздар бізді! Сеніңіздер бізге! Бізбен бірге болыңыздар!

Н: Сайысымызды бастамас бұрын бір сергіп, көңілімізді көтеріп, бойымызды жазып алайық. (Разминка)

Алдарыңда көп тапсырма

Қиындықтан қорықпа

Күштеріңе сенеміз

Салыстырып көреміз

 1 ЭСТАФЕТА: Жуылған кірді ілу

Шарты: Балалар кезекпен, кегляға жетіп жіпке шытты прищепкамен қыстырады. Қай команда бірінші болып іліп бітіреді солар жеңіске жеңеді.

 2 ЭСТАФЕТА: Үй тазала

Шарты:  Газеттен жасалған доптарды сыпыртқымен кегляға дейін сыпырып, қайтып келу.

 3 ЭСТАФЕТА: Қасықпен доп тасу

Шарты: Ағаш қасыққа кіші көлемді доп салынады, сол допты кеглядан айланып жылдам келесі балаға тапсыру.

 4 ЭСТАФЕТА: Дүкенге бару

Азықты да аламыз

Сатушыға барамыз

Шынықсақ жақсы біз Күшті, жылпас боламыз. Шарты:  Балалар себетпен мәреге барып дүкеннен бір азық алып, себетті келесі балаға тапсырады.



5 ЭСТАФЕТА: Аспазшы

Шарты: Қатысушылар подноспен допты тасып мәреге барады да

қайта айланып келіп келесі балаға подносты тапсырады.

 

Н: Спорт бізбен,

Біз - спортпен доспыз!

* * * *

Жюри қатал болса да

Әділ баға береді ғой

Шыныменен  барлығы

Жарайсыңдар - деді ғой!

 Соңында: жеңген команданы құттықтау.

Н: Міне осымен біздің «Біз спортпен доспыз» атты спорттық мерекеміз аяқталды!

( Балалар маршпен адымдап,қол шапалақтап залдан шығады.)

Күтілетін нәтиже: Балаларды дене-тәрбиесіне баули білу. Балалардаң шапаң қимылдауын, өткір ойлау дағдыларын арттыру. Балалардың көңіл күйін көтеру, достыққы, мейірімділікке тәрбиелеу. Бала өмірінде қимыл қозғалыс өте маңызды. Баланың бұл өмірде қандай да жетістікке жетуі бұл дене – тәрбиесінің алғышарты. Осы сайыс командаларға үнады деп сенемін. Бұл өткізілген шара мен үшін үлкен тәжірбиелердің біріне жатады. Бәріне сәттілік тілеймін!

 

















Спорттық мереке

«Біз спортпен доспыз»

Ересек топ











Дене шынықтырупән маманы: Аруова.А.С





















Атырау



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
25 ақпан
1313
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі