Білім беру
саласы: «Денсаулық»
Тақырыбы:
«Біз спортты
сүйеміз»
Мақсаты:
Балалардың қимыл - қозғалыстарын жетілдіру,
спортқа деген қызығушылықтарын арттыру, ептілікке, шапшаңдыққа
баулу.
Спорт – көркі
өмірдің,
Спорт – досың
серігің,
Жаттықсаң шымыр
боларсың
Шынығып өсіп,
толарсың.
Жүргізуші: Құрметті тәрбиешілер және балалар,
бүгінгі «Біз спортты сүйеміз» атты сайысқа қош келдіңіздер! Бұл
сайысқа «Жұлдыздар» тобының бүлдіршіндері
қатысады.
Сайысқа қатысушы командаларды ортаға
шақырайық.
Көңілді
сайысымыз 2 командадан тұрады.
1 - ші команда
«Ақбота» тобы
2 - ші команда
«Толағай» тобы
Ал, құрметті
халайық!
Жарысты енді
көріңдер.
Әділ қазы
алқасы,
Әділ баға
беріңдер!
Сайысты бастамас бұрын, сайысымызға әділ баға
беретін әділқазылар алқасымен
таныстырайық.
1.
Балабақшамыздың меңгерушісі: Роза
Муханқызы
2.
Балабақшамыздың әдіскер: Бағила Житекқызы
3.
Балабақшамыздың медбикесі: Замира
Сәрсенқызы
Сайысымыз 5 кезеңнен
тұрады:
І -
кезең: Таныстыру
Шарты: әр
команда өз ұрандарымен таныстырады.
«Ақбота» тобы –
«Шынықсаң – шымыр боларсың»
«Толағай» тобы
– «Дені саудың, жаны сау»
ІІ
– кезең: «Көңілді
секіртпелер»
Шарты: топ
мүшелері секіртпемен белгілі межеге дейін жетіп, жалаушаны алып
кері жүгіріп келіп, эстафетаны келесі ойыншыға
береді.
ІІІ -
кезең: «Кім
жылдам?»
Шарты: допты
екі аяқ ортасына ұстап, кедергілер арасынан жылан тәрізді айналып
өтіп, эстафетаны келесі ойыншыға
береді.
Әсерлі сәт:
Залға Сайқымазақ келеді, балалармен амандасады. Балаларды музыкалық
– ырғақты би билеуге шақырады.
ІV -
кезең: «Кім
епті?»
Шарты: кішкентай доптарды себетке
салу
V - кезең:
«Арқан тартыс» ұлттық
ойыны
Шарты: екі топ арқан
тартысады.
Жүргізуші:
Көрсетті міне өз өнерін
балалар,
Сайыстың да соңы жетіп
таянар
Дені сау, мықты, епті,
ақылды
Спорт сүйгіш боп өсіңдер,
балалар!
Мінеки балалар, бүгінгі сайысымыздың соңына
да келдік.
- Сендерге ойындар ұнады
ма?
- Алдағы уақытта спортпен шұғылданып,
ертеңгісін жаттығулар жасап жүресіңдер
ме?
Жарайсыңдар, балалар! Ендеше бүгінгі сайысқа
қатысушы бүлдіршіндерімізді
марапаттайық.
Барлық қатысушыға мадақтау қағазын
тапсыру.
«Тексерілді»
«Ерке-Наз»
балабақшасы
МКҚК
әдіскері
_______Б.Ж.Муханова
« __»
_________2019ж
Ашық ұйымдастырылған оқу
қызметі
Тақырыбы: «Бағдаршам біздің
досымыз»
Өткізген:
Танатова.А
2019 оқу
жылы