400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 16 материал табылды

"Біз спортты сүйеміз!"

Материал туралы қысқаша түсінік
Көңілді жарыс
Материалдың қысқаша нұсқасы

Спорттық жарыстың тақырыбы :

« Біз спортты сүйеміз! »

8 сыныптар

Сабақтың мақсаты: 1) Оқушыларға әр түрлі спортттық ойындардың ережелерін түсіндіру.Орындалу әдіс-тәсілдерін көрсете отырып үйрету,орындату.Ептілік пен шапшаңдыққа , жылдамдылыққа баулу.Кеңістікте бағдарлауға жаттықтыру. Спортқа деген қызығушылықтарын арттыру.

2) Оқушыларды ұйымшылдыққа,достыққа, бір-біріне жанашырлыққа тәрбиелей отырып, ұжымдық сезімін ояту.

3) Оқушылардың ойлау, көру, есте сақтау,сөйлеу қабілеттерін дамыту.Танымдық іс-әрекеттерін арттыру.Аяқ-қол дене қимылдарын жетілдіру.

Жарыстың барысы :

I. Ұйымдастыру кезеңі :

Сәлеметсіздерме құрметті ұстаздар,оқушылар және жанкүйерлер «Біз спортты сүйеміз!» атты сайысымызға қош келдіңіздер! Бүгінгі сайысымызға 8-9 сынып оқушылары қатысады. Сонымен ортаға қатысатын командаларды шақырамыз.

Спортқа берік сенеміз.

Думанға қызық келіңіз.

Әділқазы ел сенген,

Сайысқа баға беріңіз.

Келесі кезекті сіздерді бүгінгі сайысымызға әділ төрелік ететін әділқазы алқаларымен таныстырып өтейін.

II. Негізгі бөлім

 Бүгінгі сайысымыз 8 кезеннен тұрады.

Сайыс түрлері :

1. Доппен жүгіру

Әр топ ойыншылары төрешінің белгісі бойынша допты алып белгіленген жерге жүгіріп барып,кейін қайтады.Екінші ойыншыға береді.Бірінші келген команда жеңіске жетеді.

2. « Қазан мен доп »

Допты себеттің ішіне лақтыру.

3. « Мергендер »

5-6 метр қашықтықта тұрған кеглиді қағып, түсіру.

4. Оң (сол) аяқпен секіру.

Төрешінің белгісі бойынша оң немесе сол аяқпен секіріп белгіленген жерге барып,кейін қайтады.Келесі ойыншыға береді.Ойынды бірінші аяқтаған топ жеңімпаз болады.

5. « Кенгуру »

Белгі бойынша әр команданың сайыскері үлкен допқа отырып,белгіленген жерге секіріп барып,келеді.Ойын келесі сайыскерлер жалғастырады.

6. Допты табу

Сайысқа қатысушыладың көзін байлап, белгілі бір қашықтықта тұрған допты төрешінің көмегі бойынша табу.

7.Шығыршықпен допты тарту.

8. Миға шабуыл.

1 топтың сұрақтары :

  • 5 кг   темір   мен  5 кг   мақтаның    қайсысы   ауыр? ( тең )

  • Жер бетінде неше мұхит бар? ( 4 )

  • Біздің мектептегі директордың толық тегін ата?

  • Қазақ алфавитінде қанша әріп бар? ( 42 әріп )

  • 1 желтоқсан қандай күн? (Президент күні)

  • Алма , өрік , алмұрт бұлар ... ( жемістер)

  • 3 х 7 = ... ( 21 )

  • Мысықта 4 аяқ , тауықта қанша аяқ? ( 2 )



 2 топтың сұрақтары :

- 5 м. мен 500 см. қайсысы ұзын? (тең)

- Жер бетінде қанша материк бар? ( 6 )

- Біздің мектептегі психологтың толық тегін ата? (Қалтаева Ұлжан , Шарипова Айгүл)

- Футбол ойынында 1 командада қанша ойыншы бар? ( 11 )

- 16 желтоқсан қандай күн? ( Тәуелсіздік күні )

- Пияз , қырыққабат , сәбіз бұлар .... ( көкөністер )

- 3 х 8 = ... ( 24 )

- Өрмекшіде қанша аяқ ? ( 8 )

ІІІ.Қорытындылау.

Қорытынды сөз әділқазыларға беріледі.

Командалар сап түзеп қатарға тұрады.

Ұпай санын есептеп,жарысқа қатысқан командаларды марапаттау.

IV. Жарыстың аяқталуы.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
23 мамыр
1077
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі