«Біз спортты сүйеміз!»

Тақырып бойынша 17 материал табылды

«Біз спортты сүйеміз!»

Материал туралы қысқаша түсінік
1.Балалардың денсаулығын, белсенділігін нығайту, ептіліктерін, шапшаңдықтарын, батылдықтарын, күштіліктерін байқау. 2.Спортқа деген сүйіспеншіліктерін арттыру. 3.Салауатты өмір салтын насихаттау
Материалдың қысқаша нұсқасы

МКҚК №26 «Үміт» бөбекжай-балабақшасы









«Біз спортты сүйеміз!»

/Эстафеталық ойындар/





















Дене шынықтыру нұсқаушысы: Бекеева.Ж.Б





Тақырыбы: «Біз спортты сүйеміз!» спорттық сайыс

Мақсаты:

  1. Балалардың денсаулығын, белсенділігін нығайту, ептіліктерін, шапшаңдықтарын, батылдықтарын, күштіліктерін байқау.

  2. Спортқа деген сүйіспеншіліктерін арттыру.

  3. Салауатты өмір салтын насихаттау.


Түрі: Эстафеталық жарыс

Өтілетін орны: Дене шынықтыру залы.

Қажетті құралдары: Доп, шығыршық, кегли,дорба, қағаз кесіндісінен жасалған сандар

Өтілу барысы:

I. Ұйымдастыру бөлімі

Жүргізуші:

Шынықсаң шымыр боласың,

Сауығып айдай толасың.

Спортты серік ете біл,

Жақсы азамат боласың.

Жеңімпаз болу оңай ма,

Арман болған талайға

Болмасаң да ұқсап бақ,

Жарысқа түсіп қалайда.

Әуенмен спортшыларымызды қарсы алу.

II. Негізгі бөлім

жүргізуші:

Құрметті ұстаздар мен балақайлар, жанкүйерлер бүгінгі ұйымдастырылған салауатты өмір салтын насихаттау бағыты бойынша «Біз спортты сүйеміз» атты спорттық сайысымызға қош келдіңіздер ! Көңілді жарысқа «Болашақ» пен « Қыран» тобы қатысады.

жүргізуші:

Жарысқа қатысатындарды шақырамыз,

Әр таңды бақытпенен атырамыз.

Өнерді ой көгінде бақылаңыз,

Сайысқа қатысуға енді ортаға,

Жылдам да шапшаң,

Спортшыларымызды ортаға шақырамыз.

(әр топ сап түзеп, орындарына келіп тұрады)

1. « Болашақ » тобы

2. «Қыран» тобы

Жүргізуші:
Тік тұрыңдар!
Ал енді сайысымызды бастамас бұрын денемізді қыздырып алу үшін көңілді әуенге флешмоб биін билеп жіберейік.

жүргізуші:

Ал, құрметті халайық!

Жарысты енді көріңдер.

Әділ қазы алқасы,

Әділ баға беріңдер!

Сайысты бастамас бұрын, сайысымызға әділ баға беретін әділқазылар алқасымен таныстырайық.

жүргізуші:

Таза ауа, спорт болсын дәріміз,

Еңбек етіп келгенінше әліміз.

«Алға» - деген бір – ақ мақсат ұстанып,

Сайысқа аттанайық бәріміз!

Спорттық сайысымыз 5 балдық жүйемен бағаланады.

Әр топ төмендегі турлар бойынша сайысқа түседі :

  1. Тур: «Өз тобыңды таныстыр»

  2. тур: «досыммен көңілді ойын»

Ойынның шарты: Топ мүшесінен екі баладан жұптасып бір-біріне сүйеп допты түсірмей жүріп өту.

Қажетті құралдар: 2 доп,конустар



3-тур: «Достарымызды жинаймыз»

Ойынның шарты: Топ мүшелері ойын алаңының келесі бетіне шығыршықпен тартып достарын жинайды.

Қажетті құралдар.2 шығыршық.



4-Тур. «Допты жеткіз!»

Ойын шарты: Балалар теннис ракеткасымен кішкентай допты кедергілер арасымен ірелеңдеп жүріп өту.

Қажетті құралдар: 2 теннис добы,2 ракеттка,8 конустар.



5- тур: «Кіп шапшаң !»

Ойын шарты: «Доптарды жинау!»

Ойын шарты:Әр командадан екі ойыншыдан шыгады.Жерде шашылып жатқан доптарды қалақпен шеңбер ішіне жинайды.Қай топ көп доп жинаса сол команда жеңімпаз атанады.

Қажетті құралдар:түрлі түсті доптар,4 дана қалақ,2 шеңбер.

Көрермендермен ойын.

«Шеңбер құр»

Ойын шарты:Музыка ырғағымен шашырап жүгіріп,музыка токтағанда әр топ өз шеңберлерін құрады.Қай топ бірінші шеңбер құрса,сол топ жеңімпаз.



6- тур: «Жалаушаны желбірет!» Барлығы тізбектеліп тұрады. Қатарынан тұрған шығыршықтардан қос аяқпен сікіріп ,модуль үстінде тұрған сылдырмақты сылдырлатып.қайта секіріп қайту.

Қажетті құралдар: 10 дана шығыршық,2 модуль,2 сылдырмақ.

7- Тур: «Сандарды жина!» Әр ойыншы шығыршық ішіндегі сандарға сәйкес шеңбер ішінде тұрган доптарды салу.

Қажетті құралдар:1-8 дейін сан жазылған шығыршықтыр,2 карзина.72 доп.

Әр кезеңнен кейін әділқазылар өз бағаларын береді.

жүргізуші:

Құрметті сайыскерлер! Сіздерге сәт сапар!

Сайысымызды бастаймыз.

Өнер қуып топ өтер дейміз

Бір басына өнері жетер дейміз.

Сайысқа келген топтар кезектесіп,

Таныстырып өздерін кетер дейміз.

Жүргізуші:

Олай болса, ортаға _______________________________________

Шақырамыз.



III. Қорытынды бөлім

Жүргізуші:

Жарыс заңы ежелден

Жеңімпазды анықтау.

Жеңіілпаз болу шарты сол

Еңбектену, жалықпау.

Біреу озса сайыста,

Біреу артта қалады.

Жеңілгендер ренжімей,

Тараса бізге жарады.

Демекші, сайысымыздың жеңілпаздарын анықтайтын да уақыт келіп жетті. Ендеше, барша турдың қортынды бағасын есептеп шығарып, марапаттау сөз әділқазылар алқасына беріледі.

Жеңілпаздарды марапаттау.















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
10.10.2025
27
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі