«Біз спортты сүйеміз» спорттық жарыс

Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Біз спортты сүйеміз» спорттық жарыс

Материал туралы қысқаша түсінік
Спорттық эстафеталық жарыстарға деген қызығушылықты арттыру Спортқа деген сүйспеншілігін нығайту. Ептілікке шапшаңдыққа жаттықтыру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Біз спортты сүйеміз»

Саласы: Денсаулық

Бөлімі: Денешынықтыру

 Мақсаты:    Спорттық  эстафеталық  жарыстарға  деген қызығушылықты арттыру Спортқа деген сүйспеншілігін нығайту.  Ептілікке шапшаңдыққа жаттықтыру.             
К
өрнекі құралдар:  доп, секіргіш,   гимнастикалық скамейка, кеглилер, кішкентай доптар, арқан, эмблема .

Әдіс-тәсілдер: Көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап, көркем  сөз,  ойын, мадақтама.

Шаттық  шеңбері
Денсаулық  - ол шыныққан,
барлық  денең  мүшесі.
Денсаулық  -ол  тыныққан,
жүйке  тамыр  жүйесі.
Денсаулық  -ол  күлуің,
көңіл-күйің  жадырай.
Денсаулық - ол жүруің,
ешқай  жерің   ауырмай.
Кіріспе   бөлім:
Бір  қатармен  бірінің  артынан бірі жүру,  аяқтың  ұшымен, қол  белде,
өкшемен  жүру,  қол желкеде. Қаздар  секілді  отырып  жүру. «Маймылдар», «Құмырсқа  жүрісі», ирелеңдеп  жүгіру, жай  жүріс, 2 қатарға  тұру,  доптарды  алу.

Негізгі бөлім:
Ізденіс  ұйымдастырушы
1. Б.қ. «Кім  биік?»
1Аяқтың  ұшымен  тұрып, қолды жоғары  көтеріп  жүру.
2. Допты  алдымызға  қойып  отыру,қолды артқа тіреп, аяқты  сәл жинап тізені оңға, түзу,солға бұру.
3. Екі аяқ бірге қол кеудеде бір орында тұрып секіру.
Жәй жүру, дем алу жаттығу.2 қатарға бөлінді.


Жүргізуші:, Құрметті қонақтар , ұстаздар және бүлдіршіндер ! Бүгінгі «Балдырған» ІІ кіші тобының «Біз спортты сүйеміз» атты спорттық сайысына қош келдіңіздер !

Әр таңды бақытпен атырамыз ,

Өнерді ой көгінде бақылаңыз .

Сайысқа қатысуға енді ортаға ,

"Тұлпар" , "Қыран" топтарын шақырамыз .


Ортаға сайысқа қатысатын топтарды шақырайық .

Бүгінгі сайысымыздың әділқазылары :

1. Балабақша меңгерушісі Абдиганиева А.К
2.Әдіскер :  Керуенбаева А.К

Топ басшыларымен және топ ұраны мен таныс болыңыздар

Топ ұраны


1. "Тұлпар" тобы. 2. "Қыран " тобы

Топ басшысы: Рашидұлы Б Топ басшысы; Жанұзақов Ж

Желмен бірге жарысқан Қырандай күшті қанатты

Тұлпар қалмас жарыстан . Біз өрендер талапты

Ойын кезеңдері

1. «Кім жылдам» Ойын шарты: Жолға гимнастикалық сақина қойылады сақина ішіндегі доптарды балалар жинайды. Бірінші келген топ жеңіске жетеді.

2. «Кедергіден өту» Ойын шарты:  Ойыншылар алдарына қатарластырып қойылған гимнастикалық скамейкадан тепе-теңдік сақтап өтіп, екінші ойыншыға қол соғады . ол ойыншы ойынды жалғастырады.

3. «Доппен секіру» Ойын шарты;Доппен секіру арқылы кедергіден өтіп. Допты келесі балаға беру арқылы ойын жалғасады. Бірінші келген топ жеңіске жетеді.

4 «Кеглиді доппен құлату» Ойын шарты:     2-3 метр қашықтыққа тігілген кеглиді доппен ұрып құлату. Қай топ барлық кеглиді құлатса сол топ жеңіске жетеді.

5. «Арқан тарту» Ойын шарты:   Екі топ балалары топқа бөлініп арқан тартады

         Балаларымыздың сайысына баға беру үшін сөз  кезегін  балабақша меңгерушісі   Абдиганиева Айдана апайымызға  береміз.
( ойынға қатысқан ойыншылар марапатталды).

Жүргізуші: Қызықты өтті бүгінгі сайысымыз,
Жоғары боп күш жігер намысымыз.
Осылайша қуанышпен думандатып,
Аяқталсын көңілді жарысымыз дей келе
«Біз спортты сүйеміз» атты  жарысымыз аяқталды.
Назарларыңызға рахмет!



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
30.05.2019
4031
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі