Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Біз спортты таңдаймыз- 2018"

Материал туралы қысқаша түсінік
дене мұғалімдері
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Біз спортты таңдаймыз»
Мақсаты: Спорттық эстафеталық жарыстарға деген қызығушылығын арттыр, спортқа деген сүйіспеншілігін нығайту. Ептілікке, шапшаңдыққа баулу. Ептілікке, шапшаңдыққа баулу. Балалардың жылдамдығын және ойынға деген белсенділігін арттыру. Балаларды шапшаң қимылдауға үйрету. 
Кіріспе:

Тәрбиеші: Спорт деген азанда,

Алады да тұрғызып,

Еріншектік аз онда,

Бастайды ойын бір қызық.

Аяздада тоңбайсың,

Ыстыққа да күймейсің,

Сергектікті қолдайсың,

Жалқаулықты сүймейсің,

Бақыт сенен қашпайды,

Өнер білген пайдалы,

Спорт соның айғағы дей тұрып, балалар арасында  өткелі жатқан  «Біз спортты таңдаймыз» атты  сауықтыруымызға қош келдіңіздер! Құрметті қонақтар, педагогтар  және балаларды  мерекесімен құттықтай  отырып,  зор денсаулық,  мол  бақыт,жұмыста  табыс ,қажымас  қайрат,жүздеріңізден  күлкі,қуаныш,көлдей  көңіл, өзендей  өмір тілейміз!


Тосын сый: балалардың ортасына Таусоғар мен Көлтауысар келеді балалар екі топқа бөлініп жарысатын болады.

Ойын: «Кенгуру» жарысы (Таусоғар тобы)

Шарты: Үрленген шарлармен кедергілер арасымен секіріп, белгіленген межеден айналып келеміз. Біріші жеткен топ осы бөлімнің жеңімпазы атанады.

Ән: «Қошақаным» (Көлтауысар тобы)

Жүргізуші: Уа халқым, назар аудар денсаулыққа,

                   Өмірде бақыттысың,  денің  сауда.

                   «Денсаулық  терең  бақыт» деген сөзді

                   Құр  айтпаған ұлы Абай  данамыз да,

                   Денің сауда күштісің бұл әлемде,

                   Денің сауда сұлусың  жер бетінде

                   Сол мықты денсаулықтың арқасында

                   Жетерсің әлі талай бақыттарға,-дей келе ортаға:

Би: «Қара жорға» (Таусоғар тобы)

«Жүйрік паравоз» жарысы (Көлтауысар тобы)

Шарты: бірінші бала паравоз, қалған балалар вагондары болады. Бірінші паравоз бала белгіленген жерден өзі айналып келіп, екінші баланы ерітіп айналып келіп, үшінші баланы ерітеді, жарыс осылай жалғаса береді. Жарыс соңында қай топтың паравозы вагондарын жинап мәреге бірінші жетсе сол топ жеңеді.

Ән: «Әрқашан күн сөнбесін»

Жүргізуші:

Ат өнері білінбес,

Бәйгеге түсіп жарыспай.

Ер өнері білінбес,

Қоян-қолтық алыспай.

«Бәйге» жарысы

Шарты: балаларға ағаш ат беріледі. Осы ағаш атқа бір топтың екі баласынан мініп, белгіден айналып келеді. Қай топ бірінші болып аяқтаса, сол топ жеңіске жетеді.

Би: Көңілді ән (Екі топ)
«Арқан тартыс» жарысы

Шарты: ортаға арқан беріледі. Арқанның қақ ортасынан белгісі бар. Екі топ  арқанның екі жағынан ұстап белгі бойынша тартысады. Қай топ арқанды өзіне қарай тартып алса сол топ арқан тартыс жарысы бойынша жеңіске жетеді.

Жүргізуші:

Жарыс заңы ежелден,

Жеңімпазды анықтау,

Жеңімпаз болу шарты сол,

Еңбектену, жалықпау.

Біреу озса сайыста,

Біреу артта қалады.

Бұл сайыста ренжімей,

Тараса бізге жарады.

  Жеңіске жеткен топ марапатталады.

Жүргізуші:

Жарқын,шаттық заман болсын,

Отбасымыз аман болсын.

Сыйластық пен бірлік болып,

Әрқашан орта толсын.

















МКҚК «Болашақ» балабақшасы

«Бекітемін»

МКҚК «Болашақ» балабақшасының

әдіскері: Утенова А _________

«____» ______________2018ж







«Біз спортты таңдаймыз» атты сауықтырудың сценарийі









Дене шынықтыру нұсқаушысы: Жұмасатова С

Әдіскер: Утенова А









Құрық селосы 2018 ж

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
12.11.2018
940
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12