Материалдар / "Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз"
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

"Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз"

Материал туралы қысқаша түсінік
Сыбайлас жемқорлық қарсы күрес туралы.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
09 Маусым 2020
192
5 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

“ЖШС Каспий өңірі “Болашақ колледж” Ноо-18 Сағын Арайлым Жəнiбекқызы.
“Сыбайлас жемқорлық”
Бiз мүлде жаңа қоғамда өмiр сүрiп жатырмыз. Жаңа қоғамның сипаты iскерлiк болса,
бұл жолда жетiстiктерiмiз де аз емес. Ал шешiмi күрделi мəселелер де бар. Ол –
əлеуметтiлiк мəселе. Бұл салада қоғам өмiрiнде түбегейлi шешiмi табылмай тұрған
мəселе, ол – коррупция. Елiмiзде осы мəселеге арнайы қабылданған заңдар да,
атқарылып жатқан жұмыстар да баршылық, бiрақ бұл мəселе əлi толық шешiмiн тапқан
жоқ.
Сыбайлас жемқорлықпен күресу Қазақстанның бүгінгі күнгі күрделі мəселесі болып
отыр. Үлкен əлеуметтік қасірет болып табылатын ол саяси даму тұрғысынан бір-біріне
ұқсамайтын əлемдегі барлық елдердің қай-қайсысын да қатты алаңдататыны
анық.
«Сыбайлас жемқорлық» деген түсінік мағынасына этимологиялық қарау мұны «параға
сатып алу», «пара» ретінде, «corruptio» деген латын сөзін алып, анықтауға мүмкіндік
береді. Рим құқығында сондай-ақ «corrumpire» түсінік болған, ол жалпы сөзбен
айтқанда «сындыру, бүлдіру, бұзу, зақымдау, жалғандау, параға сатып алу» деген
түсінік беріп, құқыққа қарсы іс - əрекетті білдірген. Орыс тілінің түсіндірме сөздігі
сыбайлас жемқорлықты пара беріп сатып алу, лауазымды адамдардың, саяси
қайраткерлердің сатқындығы ретінде сипаттайды.
Сонымен қатар сыбайлас жемқорлықпен пəрменді күресу үшін халықтың құқықтық
сауатсыздығын жоятын, құқықты түсіндіру жұмысының деңгейі мен сапасын арттыру
керектігінің маңызы зор. Халық өздерінің құқықтарын, өздеріне қарсы қандай да бір
құқыққа қайшы іс-əрекет жасалған жағдайда қандай іс-қимыл қолдану керектігінің нақты
жолдарын толық білулері қажет. Конституциялық тəртіпті қорғау, сыбайлас
жемқорлықпен күрес аясында тиімді, бірыңғай жалпы мемлекеттік саясат жүргізу,
мемлекет пен азаматтардың өмір сүруінің барлық салаларында сыбайлас жемқорлық
пен оның көріністері деңгейін төмендету, қоғамның мемлекетке жəне оның
институттарына сенімін нығайту бүгінгі күндегі басты мақсат болып табылады.


Біздің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа орын жоқ. Қоғамның барлық күш-жігерін
біріктіріп, осы дерттің одан əрі ушықпауы үшін оны тоқтатудың барлық
амалдарын қолдану арқылы ғана бұл құбылысқа тиімді түрде қарсы тұруға
болады.
Ел болып еңсемізді көтергенімізге, тəуелсіздігімізді алып, шаршы əлемге
танылғанымызға жиырма жылдай уақыт өтті. Өткенімізге көз салсақ,
Елбасымыз Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаевтың көреген саясатының арқасында
мемлекетіміздің тамыры тереңге тартып, нығая түсуіне бағытталған құқықтық
заңнамалар мен іс-шаралар қабылданып, ел экономикасы мен əлеуметтік
жағдайы түзеліп, əлем мемлекеттерінің ортасынан өз орынын айқындады. Бүкіл
əлемге өзінің біртұтастығымен, ажырамас бірлігімен танылды. Қоғам дамуының

жаңа жолын таңдап, уақыттан туындаған əртүрлі кеселдерден айығуды міндет
етіп қойды. Ол жол - Президенетіміз Нұрсұлтан Əбішұлының бастауымен алға
қойылған сыбайлас жемқорлықпен күрес жолы.
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!