Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз

Материал туралы қысқаша түсінік
Қысқа мерзімді жоспар Біртұтас тәрбие бағдарламасына сәйкестендіріліп жасалған.Ұлттық құндылық,қауіпсіздік сабақтары,апта дәйек сөздері кіріктірілген.Дайын ҚМЖ ала отырып жұмысыңызды жеңілдетіңіз.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Тәрбие сағаты

Біз-сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз

Күні

13-17.01.2025ж

Сынып жетекші:

Аты-жөні

Сынып : 10 сынып

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың мақсаты:

1. Оқушыларға жемқорлықтың қоғамға, адам өміріне тигізетін теріс әсерлерін түсіндіру.


2. Жемқорлыққа қарсы күреске ынталандыру және қоғамдағы жауапкершілікті арттыру.


3. Оқушыларды сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және әділдік қағидаттарына баулу.

Құндылықтарды дарыту

Оқушылар жемқорлықтың қоғамдағы салдарын және оның заңмен қудаланатынын түсінеді.Оқушылар жемқорлыққа қарсы өз көзқарастарын білдіре алады.Әділдік, адалдық, жауапкершілік ұғымдарын өмірде қолдана біледі.

Апта дәйексөзі

Талап бар жерде тәртіп бар


Сабақтың барысы


Сабақтың кезеңі/ уақыт

Мұғалім әрекеті


Оқушы әрекеті

Ресурстар


Ұйымдастыру кезеңі (17 мин)


Оқушылармен сәлемдесу, сабаққа психологиялық дайындық.

Көңіл-күйді тексеру, сыныптағы ахуалды бағалау.

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру.

Оқушылардан жемқорлық туралы не білетіндерін сұрау.






Жаңа материалды түсіндіру:


Жемқорлық деген не? (Жемқорлықтың анықтамасы және түрлері туралы түсінік беру).


Жемқорлықтың қоғамға және жеке тұлғаға тигізетін зияны.


Жемқорлыққа қарсы күрестің маңызы.


Қазақстандағы жемқорлыққа қарсы заңдар мен шаралар.


Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте әр азаматтың рөлі.


Кейбір нақты мысалдар арқылы түсіндіру. (Видео көрсетілім немесе нақты өмірден алынған мысалдар).

Сабақтың басталуына дайын болу, мұғаліммен сәлемдеседі.


Мұғалімнің сұрақтарына жауап бере отырып, көңіл-күйлерін білдіреді.


Көңіл-күйді бағалау (мысалы, суреттер арқылы:

«Бүгінгі көңіл-күйімді білдіру үшін сурет таңдаңыз».

Сабаққа дайын екенін көрсетеді.





Оқушыларды 3-4 адамнан топтарға бөліп, әр топқа жемқорлықтың түрлі аспектілері бойынша жағдайларды талқылауды ұсыну.


Әр топ өзінің талқылаған жағдайы бойынша шешімін ұсынуы керек.


Топтарға сұрақтар:


Егер сен жемқорлыққа куә болсаң, не істейсің?


Жемқорлықты қалай жоюға болады?


Сіздер өздеріңіз жемқорлыққа қарсы қандай іс-шаралар атқарар едіңіздер?










Диджитал тақта немесе флипчарт


Маркерлер


Видео немесе презентация (жемқорлық туралы)










Сабақ ортасы (10 мин)







Қауіпсіздік сабағы.

Жалған ақпаратты, оның ішінде желіде таратқаны үшін жауапкершілік

Сабақтың мақсаты: жалған ақпаратты, оның ішінде желіде таратқаны үшін

жауапкершілік туралы ақпарат беру.

Негізгі міндеттері:

1. «Жалған ақпарат дегеніміз не?!» деген сұраққа жауап алу

2. Жалған ақпаратты, оның ішінде желіде таратқаны үшін жүктелетін жауапкершілік туралы түсіндіру.

Материалдар мен ресурстар:

Бейнематериалдар, жадынама, ситуациялық оқиғалар ұсынылған карточкалар.

Сабақтың құрылымы

1. Кіріспе

2. Негізгі бөлім

Тарату – мәліметтерді бір немесе бірнеше адамға ауызша, жазбаша немесе өзге де нысанда кез келген тәсілмен хабарлау, жария ету. Атап айтқанда, ақпараттық- телекоммуникациялық желілерді, оның ішінде интернет желісін пайдалана отырып, материалдарды беру немесе ақпаратты орналастыру.

Жалған ақпарат (false information) – объектінің сипаттамалары менбелгілері дұрыс емес әрі қате бейнеленген ақпарат немесе нақтылық жоқ объектітуралы ақпарат.

Жалған ақпарат тарату үшін түрлі байланыс құралдары, баспасөз, радиохабарлар, теледидар және т.б. қолданылады. Жалған ақпарат тарату ашық қыр көрсету, ұқсаттыру (елестету), жасыру әрекеттерімен кешенді жүргізіледі.

Қазақстанда жалған ақпарат таратқандарға 20 АЕК сомасындағы айыппұл төлеуден бастап, 7 жылға бас бостандығынан айыруға дейінгі жаза көзделген.

Қылмыстық кодекстің бірнеше баптарына сәйкес жалған ақпарат таратушылар жазаланады:

174-бап. Әлеуметтік, ұлттық, тайпалық, нәсілдік, рулық немесе діни келіспеушіліктерді қоздыру.

Қоғамдық немесе бұқаралық ақпарат құралдарын немесе телекоммуникация желілерін пайдалана отырып, әлеуметтік, ұлттық, тайпалық, нәсілдік, таптық немесе діни араздықты тұтату кезінде: екі жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қолданылады.

273-бап. Терроризм актісі туралы қасақана жалған хабар тарату үшін 5000 АЕК мөлшерінде айыппұл; немесе түзеу жұмыстарына, немесе бес жылға дейінгі мерзімде бас бостандығын айыру түріндегі жаза қолданылады.

274-бап. Қасақана жалған ақпаратты тарату. Қоғамдық тәртіпті бұзуға, азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделеріне не қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделеріне елеулі зиян келтіруге қауіп төндіретін қасақана жалған ақпарат таратқаны үшін.

3. Қорытынды: стикерлердегі кері байланыс

Пайдалы сілтемелер:

https://youtu.be/zt2SZZ2_aiQ

https://youtu.be/QxoeXWM62GM

https://www.nur.kz/society/2127045-yurist-saida-taukeleva-v-kazahstane-za- rasprostranenie-lozhnoy-informacii-predusmotrena-administrativnaya-i-ugolovnaya- otvetstvennost/


Топтық жұмыс.

Оқушылар жағдайларды сипаттайтын карталарды алады және оларға заңнама тұрғысынан түсініктеме береді.

Әлеуметтік желілерде және мессенджерде ақпарат лезде және дәстүрлі БАҚ тарапынан бақылаусыз таратылады.

Пайдаланушылар жаңалықтармен және жазбалармен олардың дұрыстығын тексермей жиі бөліседі.

Бұл фейктердің таралуы үшін қолайлы жағдай жасайды, әсіресе олар күшті эмоционалды реакцияларды тудырса.











Ортасы (15 мин)


Мұғалім:

Жемқорлық, коррупция (лат. corruptio - сатып алу) — мемлекеттік басқару құрылымдарындағы лауазымды қызметкерлердің өздеріне тапсырылған қызмет мүмкіндіктерін жеке бастарының пайдасы мен мүддесі үшін пайдалану мақсатында жасаған қоғамға қауіпті қылмыстық іс-әрекеттері.Сыбайлас жемқорлық - бұл мемлекет қауіпсіздігіне жүйелі қауіп, мемлекет пен қоғамның тұрақтылығына қауіп төндіретін фактор.«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 22-бабына сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды өз құзыреті шегінде барлық мемлекеттік органдар, ұйымдар, квазимемлекеттік сектор субъектілері мен лауазымды адамдар жүргізуге міндетті.Сыбайлас жемқорлық – жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдардың, мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдардың, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестiрiлген адамдардың, лауазымды адамдардың өздерінің лауазымдық (қызметтік) өкiлеттiктерін және соған байланысты мүмкiндiктерiн жеке өзi немесе делдалдар арқылы жеке өзіне не үшінші тұлғаларға мүлiктiк (мүліктік емес) игiлiктер мен артықшылықтар алу немесе табу мақсатында заңсыз пайдалануы, сол сияқты игiлiктер мен артықшылықтарды беру арқылы осы адамдарды параға сатып алу.

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық – сыбайлас жемқорлық белгілері бар құқыққа қайшы, кінәлі түрдегі іс-әрекет (әрекет немесе әрекетсіздік), бұл үшін заңда әкімшілік немесе қылмыстық жауаптылық белгіленген.


Тақырып: "Жемқорлыққа қарсы күрес – тек үкіметтің міндеті емес, әр азаматтың міндеті".


Оқушылар екі топқа бөлініп, бұл тақырыпты талқылайды. Бір топ жемқорлыққа қарсы күресті азаматтардың міндеті деп қорғайды, ал екінші топ оның үкіметтің ғана міндеті екенін айтады.


Дебат соңында пікірталасқа қорытынды жасалады.





Диджитал тақта немесе флипчарт


Маркерлер


Видео немесе презентация (жемқорлық туралы)


Соңы

3 мин


Қорытындылау және рефлексия (5 минут):

Сабақтың негізгі тұжырымдарын қорытындылау.

Оқушыларға сабақ бойынша рефлексия жасау ұсынылады: бүгінгі сабақтан не үйренгендері, қандай ойлар қалды.

Сабақта алған білімдерімен қалай бөлісетінін сұрау.


Үй тапсырмасы:


Оқушыларға жемқорлыққа қарсы күрес тақырыбында эссе жазу тапсырмасы беріледі.



Бағалау:


Оқушылардың топтық жұмыс барысында белсенділігі мен пікір білдіру деңгейі бағаланады.


Дебат нәтижесі бойынша әр оқушының өзіндік көзқарасы бағаланады.

Диджитал тақта немесе флипчарт


Маркерлер


Видео немесе презентация (жемқорлық туралы)



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
17.01.2025
48
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12