Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз

Материал туралы қысқаша түсінік
Қысқа мерзімді жоспар Біртұтас тәрбие бағдарламасына сәйкестендіріліп жасалған.Ұлттық құндылық,қауіпсіздік сабақтары,апта дәйек сөздері кіріктірілген.Дайын ҚМЖ ала отырып жұмысыңызды жеңілдетіңіз.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Тәрбие сағаты

Біз-сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз

Күні

13-17.01.2025ж

Сынып жетекші:

Аты-жөні

Сынып : 11 сынып

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың мақсаты:

1. Оқушыларға жемқорлықтың қоғамға, адам өміріне тигізетін теріс әсерлерін түсіндіру.


2. Жемқорлыққа қарсы күреске ынталандыру және қоғамдағы жауапкершілікті арттыру.


3. Оқушыларды сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және әділдік қағидаттарына баулу.

Құндылықтарды дарыту

Оқушылар жемқорлықтың қоғамдағы салдарын және оның заңмен қудаланатынын түсінеді.Оқушылар жемқорлыққа қарсы өз көзқарастарын білдіре алады.Әділдік, адалдық, жауапкершілік ұғымдарын өмірде қолдана біледі.

Апта дәйексөзі

Талап бар жерде тәртіп бар


Сабақтың барысы


Сабақтың кезеңі/ уақыт

Мұғалім әрекеті


Оқушы әрекеті

Ресурстар


Ұйымдастыру кезеңі (17 мин)


Оқушылармен сәлемдесу, сабаққа психологиялық дайындық.

Көңіл-күйді тексеру, сыныптағы ахуалды бағалау.

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру.

Оқушылардан жемқорлық туралы не білетіндерін сұрау.






Жаңа материалды түсіндіру:


Жемқорлық деген не? (Жемқорлықтың анықтамасы және түрлері туралы түсінік беру).


Жемқорлықтың қоғамға және жеке тұлғаға тигізетін зияны.


Жемқорлыққа қарсы күрестің маңызы.


Қазақстандағы жемқорлыққа қарсы заңдар мен шаралар.


Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте әр азаматтың рөлі.


Кейбір нақты мысалдар арқылы түсіндіру. (Видео көрсетілім немесе нақты өмірден алынған мысалдар).

Сабақтың басталуына дайын болу, мұғаліммен сәлемдеседі.


Мұғалімнің сұрақтарына жауап бере отырып, көңіл-күйлерін білдіреді.


Көңіл-күйді бағалау (мысалы, суреттер арқылы:

«Бүгінгі көңіл-күйімді білдіру үшін сурет таңдаңыз».

Сабаққа дайын екенін көрсетеді.





Оқушыларды 3-4 адамнан топтарға бөліп, әр топқа жемқорлықтың түрлі аспектілері бойынша жағдайларды талқылауды ұсыну.


Әр топ өзінің талқылаған жағдайы бойынша шешімін ұсынуы керек.


Топтарға сұрақтар:


Егер сен жемқорлыққа куә болсаң, не істейсің?


Жемқорлықты қалай жоюға болады?


Сіздер өздеріңіз жемқорлыққа қарсы қандай іс-шаралар атқарар едіңіздер?










Диджитал тақта немесе флипчарт


Маркерлер


Видео немесе презентация (жемқорлық туралы)










Сабақ ортасы (10 мин)







Қауіпсіздік сабағы.

Секталардың ықпалына қалай түспеуге болады?

Сабақтың мақсаты: секта туралы терең түсінік беру, оның түрлері, себептері мен

зардаптарын ұғындыру.

Негізгі міндеттері:

1) діни секталардың бала өміріне қауіптілігін түсіндіру;

2) деструктивті бағыттағы секталардың ұстанымдарын ажыратуға үйрету;

3) елін, жерін сүйетін, отанын, тілін, ата-бабасының дінін қастерлей білуге баулу.

Сабақтың барысы

1. Кіріспе (2 мин)

Христиандықта, исламда және басқа діндерде қандай да бір басым бағыттан әртүрлі себептермен бөлінген сенушілердің бірлестігі секта деп аталады. Деструктивті діни ағымдар қоғамдық қауіпсіздікке, отбасына, адам денсаулығына қауіп төндіреді.

2. Негізгі бөлім (6 мин)

Деструктивті діни ағым немесе ұйым – бұл адамның санасы мен еркіне толық бақылау орнатуға ұмтылатын деструктивті діни немесе жалған діни ұйым.

Деструктивті культтерге тарту тәсілдері мынадай жолдармен жүзеге

асырылады:

- Әлеуметтік желілер ең тиімді және кең тарту жолы.

- Спортпен айналысатын жас жігіттер мен қыздарды тартады. Спорт түрлерімен айналысатын (күрес, бокс және басқа түрлері).

- Балалар үйлері, дағдарыс орталықтары, қарттар үйлері және мүгедектерге көмек көрсету орталықтары да қолжетімді.

Деструктивті діни ағымдар қоғамдық қауіпсіздікке, отбасына, адам денсаулығына қатер төндіреді.

- Діни секталардың белгілері: ұлттық құндылықтары мен салт-дәстүрлерін (Наурыз мейрамын тойлауды, қазақ халқының «Беташар», «Сәлем салу» салттарын, өмірден озған жандарға құран бағыштауды және т.б.) жоққа шығарады.

- Мемлекеттік рәміздерді және мемлекеттік мерекелерді құрметтемейді.

- Дәстүрлі исламды ұстанатын мұсылмандарды кәпірлік жасайды деп айыптайды, өзге діндердің өкілдері мен дінді ұстанбайтын адамдарға төзімсіздік танытады.

- Заманауи мәдениет және өнер түрлеріне (музыка, балет, бейнелеу өнері және т.б.) өшпенділік танытады.

- Заңда белгіленген міндеттерді (әскерде қызмет ету, міндетті орта білім алужәне т.б.) орындаудан бас тартады.

- Медициналық рәсімдердің кейбір түрлерінен (қан құю, вакцинация, ағза

мүшелерін трансплантациялау және т.б.) бас тартады.

- Білім мекемелеріндегі жекеленген пәндерге (биология, дене шынықтыру,ән- күй, сурет салу және т.б.) қатыспауға шақырады.

3. Қорытынды: сабақты қорытындылау.


Пайдалы сілтеме:

https://youtu.be/mVKWd4Xkd7Q?si=spEFbKTVgePjbtQf


Постер жасау және қорғау.

1- топ. «Қазақстан Республикасының аумағында тыйым салынған діни бағыттағы ұйымдардың тізімі».

3-топ. «Діни секталардың белгілері».

2- топ. «Сектанттардың қулықтарына қалай түспеуге болады?».




















Ортасы (15 мин)


Мұғалім:

Жемқорлық, коррупция (лат. corruptio - сатып алу) — мемлекеттік басқару құрылымдарындағы лауазымды қызметкерлердің өздеріне тапсырылған қызмет мүмкіндіктерін жеке бастарының пайдасы мен мүддесі үшін пайдалану мақсатында жасаған қоғамға қауіпті қылмыстық іс-әрекеттері.Сыбайлас жемқорлық - бұл мемлекет қауіпсіздігіне жүйелі қауіп, мемлекет пен қоғамның тұрақтылығына қауіп төндіретін фактор.«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 22-бабына сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды өз құзыреті шегінде барлық мемлекеттік органдар, ұйымдар, квазимемлекеттік сектор субъектілері мен лауазымды адамдар жүргізуге міндетті.Сыбайлас жемқорлық – жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдардың, мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдардың, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестiрiлген адамдардың, лауазымды адамдардың өздерінің лауазымдық (қызметтік) өкiлеттiктерін және соған байланысты мүмкiндiктерiн жеке өзi немесе делдалдар арқылы жеке өзіне не үшінші тұлғаларға мүлiктiк (мүліктік емес) игiлiктер мен артықшылықтар алу немесе табу мақсатында заңсыз пайдалануы, сол сияқты игiлiктер мен артықшылықтарды беру арқылы осы адамдарды параға сатып алу.

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық – сыбайлас жемқорлық белгілері бар құқыққа қайшы, кінәлі түрдегі іс-әрекет (әрекет немесе әрекетсіздік), бұл үшін заңда әкімшілік немесе қылмыстық жауаптылық белгіленген.


Тақырып: "Жемқорлыққа қарсы күрес – тек үкіметтің міндеті емес, әр азаматтың міндеті".


Оқушылар екі топқа бөлініп, бұл тақырыпты талқылайды. Бір топ жемқорлыққа қарсы күресті азаматтардың міндеті деп қорғайды, ал екінші топ оның үкіметтің ғана міндеті екенін айтады.


Дебат соңында пікірталасқа қорытынды жасалады.





Диджитал тақта немесе флипчарт


Маркерлер


Видео немесе презентация (жемқорлық туралы)


Соңы

3 мин


Қорытындылау және рефлексия (5 минут):

Сабақтың негізгі тұжырымдарын қорытындылау.

Оқушыларға сабақ бойынша рефлексия жасау ұсынылады: бүгінгі сабақтан не үйренгендері, қандай ойлар қалды.

Сабақта алған білімдерімен қалай бөлісетінін сұрау.


Үй тапсырмасы:


Оқушыларға жемқорлыққа қарсы күрес тақырыбында эссе жазу тапсырмасы беріледі.



Бағалау:


Оқушылардың топтық жұмыс барысында белсенділігі мен пікір білдіру деңгейі бағаланады.


Дебат нәтижесі бойынша әр оқушының өзіндік көзқарасы бағаланады.

Диджитал тақта немесе флипчарт


Маркерлер


Видео немесе презентация (жемқорлық туралы)



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
17.01.2025
36
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12