«Біз шыныққан баламыз»

Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Біз шыныққан баламыз»

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақсат: Салауатты өмір салтын қалыптастыру, ата-анамен бала арасында спорт мәдениетін кең тарату.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Эстафеталық жарыс: «Біз шыныққан баламыз»


Қатысушылар: ортаңғы топтың ата-аналары.


Мақсат:  Салауатты өмір салтын қалыптастыру, ата-анамен бала арасында спорт мәдениетін кең тарату. Тәрбиенушілерді және ата-аналарды сұлу да сымбатты, денсаулығы зор, мықты болу үшін денені шынықтыру, оларға спортпен айналысудың қажет екендігін түсіндіру.

Дене сұлулығына, күшіне, ептілікке және төзімділікке жету құралы ретінде дене шынықтырудың маңыздылығын насихаттау. Дене белсенділігін дамыту.

Құрал-жабдықтар: доптар, гимнастикалық таяқшалар, доптар, карта, шеңбер, юбка, костьюм, марапаттау топтарына арналған сертификаттар.

Өтетін орны: Спорт алаңы.

«Солнышко лучистое» спорттық- хореографиялық композициясы орындалады.

Дене ш/м: Сәлеметсіздер ме, құрметті ата-аналар! Бүгін біз балабақшамыздың спорт алаңында «Біз шыныққан баламыз» спорт мерекесін өткізуге жиналдық. Сіз спортты ұнатасыз ба?

Ата-аналар: Иә!

Дене ш/м: Егер сіз епті, жылдам, күшті, батыл болғыңыз келсе, ешқашан көңіліңді түсірме, спортта адал жеңіске жет. Денсаулықтың сыры осында.

Дене ш/м: Бүгін үш команда жарысады. «Күншуақ», «Қызғадақ» командасы және «Дельфины» командасы.

Құрмет- қошеметпен қарсы аламыз.

Қош келдіңіздер! Командаларға сәттілік тілейміз!

Ал, құрметті халайық!

Жарысты енді көріңдер

Әділ қазы алқасы

Әділ баға беріндер!


Сайысымызға әділ баға беретін әділқазылар алқасымен таныстырайық.

Қазақ тілі мұғалімі: Тлепиева Нурбану Измукановна, Балабақша медбекесі: Турашева Мария Аманходжаевна,

Дене ш/м: Бірінші «Сәлемдесу» сайысына берейік. Топтар бір-бірімен амандасуы керек.

Дене ш/м: Жаттығуды бастамас бұрын не істеу керек? Дұрыс, жаттығу жасау керек!

  • «Солнышко лучистое» жаттығуы

Спорттық сайысымыз 3 балдық жүйемен бағаланады.

Бүгінгі сайыстың бағдарламасы 6 кезеннең тұрады.


1-кезең: «Ең жылдам»

2-кезең: «Ең шебер»

3-кезең: «Қалаларды тап»

4-кезең: «Мен ең сұлумын»

5-кезең: «Допты беру»

6-кезең: «Асық ату»

Дене ш/м:

Командалар, дайынсыңдар ма?

Ендеше сайысты бастаймыз.

Спортпен достасамыз!

Жұлдыздай жанамыз!

Алға, алға, алға!



  • 1 эстафета «Ең жылдам» деп аталады. Енді кімнің тобы епті екенін анықтаймыз.

Ойын ережесі: Командалар шарды жылдам үрлейді, оны аяқтарының арасына қояды, мәреге дейін секіру және шарды келесі ойыншыға беру керек.

  • 2 эстафета: «Ең шебер».

Ойын ережесі: Қолдарына екі гимнастикалық таяқшаны алып допты мәпеге дейін домалатып және артқа домалату керек. Ал допты ең шеберлер ғана жоғалта алмайды!

  • 3 эстафета: «Қалаларды тап»

Ойын ережесі: Әр топ мүшелері картаға қалаларды жапсыруы керек.

(Әділ қазыларға сөз: командалардың ұпайлары)

  • 4 эстафета: «Мен ең сұлумын»

Ойын ережесі: Аналардың қарсы жағында үстел, белдемше, қалпақ. Үстелге жүгіру керек, киіну керек. Шеңберге дейін жүгіріп, шеңбердің ортасында тұрып, дауыстап айтады: «Мен ең әдемімін! », шешініп, командаға қайта жүгіреді, эстафетаны келесі қатысушыға береді.

  • 5 эстафета: «Допты беру»

Ойын ережесі: Қатысушылар бірінің артынан бірі тұрып, жылдам қарқынмен допты төменнен және жоғарыдан береді, оны қай команда тез аяқтайды және команда жеңіске жетеді.

  • 6 эстафета: «Асық ату»

Ойын ережесі:  Әрбір ойыншылар кезекпен қолдағы асықтарды арнайы белгілеген асықпан (сақамен) қалған асықтарды шертеп атады. Басты шарты ұқсас асықтарды ғана атады. Басқа асықтарға тигізбей атып алынған асық, ұпай ретінде олжаланады.

(Әділ қазыларға сөз: командалардың ұпайлары

Дене ш/м: Әділ қазыларға сөз: командалардың ұпайлары


Дене ш/м:Дене шынықтыру керек бәрімізге,

Жаттығу ырғағы қосылады әнімізге!

Дене шынықтыру жалқаулыққа жол бермей,

Ауру – сырқауды жолатпайды тәнімізге.


Әділ- қазыларға сөз беру.

Жарыстың қорытындысы шығару.

Топтарды марапаттау, сыйлық беру.


Сонымен біздің жарыстарымыз аяқталды және жақын арада кімнің командасы ең жеңіл атлетикалық болып шыққанын анықтаймыз. Өйткені, бәріңе қажет спорт өте қажет. Біз спортпен жақын доспыз, спорт – денсаулық, спорт – көмекші, спорт – ойын.

(бәріңіз бірге 2 рет Ура деп айқайлайды)

Ата аналар: уау! Ура!

Дене ш/м: Құрметті қонақтар! Келгендеріңізге көп-көп рахмет.

Дендеріңіз сау болсын!



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
14.11.2022
1098
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі