жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
«Біз тәуелсіз елдің ұрпағымыз!»
Тақырыбы: «Біз тәуелсіз елдің ұрпағымыз!»
Тобы: «Балдырған»
Тәрбиеші:Абенова М.
Мақсаты: Отан туралы алған білімдерін бекіту,мемлекеттік рәміздері туралы білімдерін бекіту,тәуелсіздікке қол жеткізген Қазақстаан туралы балаларға ұғындыру.
Көрнекіліктер: «Қазақстан рәміздері»
Барысы: «Атамекен» әні мен «Балдырған»тобының балалары саппен топқа кіреді.
Еліміздің Әнұраны орындалады:
Жүргізуші:
Армысыздар ағайын!
Сәлеметсіздерме ,қадірлі қонақтар!Бүгін 16- желтоқсан Тәуелсіздік күніне арналған «Балдырған»тобының «Біз тәуелсіз елдің ұрпағымыз» » атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер.
Тәуелсіздік-ең басты құндылығымыз!Тәуелсіздікке қантөгіссіз,бейбіт түрде
қол жеткізгеннен кейін ғана елімізді әлемнің өркениетті мемлекеттерінің
қатарына қоса алдық . Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін
орны ерекше мереке деп білеміз,себебі, осынау жүрекжарды қуанышқа толы
күнді ата-бабаларымыз ғасырлар бойы армандап күтумен өтті.
Армандарды жақындатып тым алыс,
Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс.
Егемендік –ел бақыты.ертеңі,
О,халайық! Құтты болсын қуаныш!
Азат өлкем күндей күлген шығыстан,
Асыл елім жан –жүректі ұғысқан.
Ата бабам аңсап өткен бақытым,
Айналайын ,Қазақстан-Гүлстан!
Ал,балалар өнерімізді көрсетіп меркені тойлайық.
1.Аяна: Маған қымбат ұлы елімнің
Шешек атқан әр гүлі
Аялайды бәрімізді,
Азаттықтың таң нұры.
2.Алина: Елтаңбасы елімнің
Неткен әйбат,әдемі,
Тұнығындай көңілдің.
Ортада аспан әлемі.
3.Дариға: Сарыарқаның даласында
Күн шуғын төккен күн
Елім менің жерім менің
Баққа қолы жеткен күн
Жүргізуші: Балалар бізге « Балапан» телеарнасынан қонаққа тілші Іңкәр деген
қызымыз келіпті. Ол сендерге бірнеше сұрақ қоймақшы ,балалар сұраққа жауап
беремізбе?
Балалар: Иә,
Тілшіміз: Балалар сендер тұратын мемлекет қалай аталады?
Балалар: Қазақстан.
------------ Қазақстан мемлекетінің елбасы кім?
---Балалар: Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.
----------Елбасы қандай болу керек?
---Балалар: Білімді ,ақылды,іскер,жан-жақты,өз –Отанын шексіз сүйетін адам болу керек.
--------Қандай мемлекеттік рәміздерді білесіңдер?
Балалар: Ту,елтаңба,әнұран.
--------Қазақстанның бас қаласы қалай аталады?
Балалар: Астана.
Тілші: Ой жарайсыңдар балалар бәрін тамаша біледі екенсіңдер қош сау
болыңдар .Балапан теле арнаның азғантай ғана сыйлықтары бар соны
сендерге тарту етейін. «Ертегі кітап»
Ән хор: «Желтоқсан желі»
4Дидар: .Әнді алысқа жеткіземіз,
Көкке елдің туы ілінді,
Жылда тойғып өткіземіз.
Тәуелсіздік ұлы елді
5.Нұрислам:Қуат алған өзінен
Туған елдің ұлымын.
Бақытты етіп өсірген,
Отанымның гүлімін.
6.Нұрсая: Шырқап көкке аспан ән,
Болашаққа бас қадам .
Қазақ рухын биіктет,
Ей,бас қалам Астанам!
Би: « Алға Қазақстан»
7.Шадияр: Гүл жайнаған Астанам,
Қазақстан- Отаны.
Бірін –бірі сыйлаған,
Туысқандар отаны.
8.Шапағат: Тәуелсіздік жолында .
Талай-талай тер төккен,
Билігің өз қолыңда,
Еркіндігім елдігім.
9.Алина: Оналтыншы желтоқсан,
Тәуелсәздәк алған күн.
Ерекше болып мәңгілік ,
Ел жадында қалған күн.
10.Дамир: Тәуелсіздік ұлы елім,
Тұрсын жайнап төрімде.
Сен,жасай бер мәңгі бақи,
Қуанышқа бөленде.
11.Аяна: Отанның қасиетті тілін сүйем,
Отанның қасиетті үнін сүйем.
Отан ,Отан бәрінен биік екен ,
Мен оны мәңгілікке сүйіп өтем.
Жүргізуші: Желтоқсан –заман толғағы байтақ даланың,
Шарпыған сәті үміт пен күдік қаланың.
Желтоқсан-Қайрат,Ләззат,Сабира,
Құрбаны болған жаланың.
Ал қоғамның адамнан бар ма асылы,
Кеткенде жоқ зар басылып.
Бұғаудағы боздақтары кете барды,
Бірі атылып,бірі дарға асылып.
(1 минут үнсіздік)
Жүргізуші: «Балдәурен» тобының тәрбиеленушісі Саяжанның орындауында
Мәнерлеп оқу «Тәуелсіздік деген осы»
Ән : «Көк тудың желбірегені» қосылып тұрады
Балалар ту мен шеңбер болып айналып билейді.
Жүргізуші: Осы мен «Балдырған»тобының «Біз тәуелсіз елдің ұрпағымыз» атты
ертеңгілігіміз өз мәресіне жетті тыңдап, тамашалағандарыңызға рахмет!
Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік,халқымыздың енсесі жоғары,егемендігіміз
баянды болсын деп тілейік,ағайын. Келесі кездескенше сау саламатта
болыңыздар!
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген