жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"Бізді не қоршап тұр"
Е.В.Бритвина, Т.Л.Яндулова
ЖАРАТЫЛЫСТАНУ
Әдістемелік нұсқау
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың
үлгілік оқу бағдарламасы бойынша ересектер тобы (5–6 жас) педагогтеріне арналған
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған
Алматыкітап баспасы 2018
Бритвина Е.В., Яндулова Т.Л.
Жаратылыстану. Әдістемелік нұсқау.Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы бойынша ересектер тобы (5–6 жас) педагогтеріне арналған Бритвина Е.В., Яндулова Т.Л.Алматы: Алматыкітап баспасы, 2018. – 94 б.
© Бритвина Е.В., Яндулова Т.Л., 2018
©«Алматыкітап баспасы» ЖШС, 2018
КІРІСПЕ
«Жаратылыстану» оқу-әдістемелік кешені төмендегі нормативтік құжаттарға сәйкес дайындалды:
-
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты (Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2016 ж. 15 мамырдағы № 292 қаулысымен бекіген). Аталған стандарт Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі және мектепалды даярлық білім берудің жаңа әдіснамалық негізін анықтайды;
-
1 жастан 6(7) жастағы балаларға арналған Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы (Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігінің 2016 ж. 22 маусымдағы № 391 бұйрығымен бекіген);
-
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы (Қазақстан
Республикасының білім және ғылым министрлігінің 2016 ж. 12 тамыздағы № 499 бұйрығымен бекіген). Жаңартылған бағдарлама мектепке дейінгі білім берудің контекстегі 5 білімдік саласына жаңа мазмұн ұсынып отыр.
«Жаратылыстану» оқу-әдістемелік кешені (ОӘК) мектепке дейінгі ұйымдардағы педагогтерге көмек ретінде, «Таным» саласындағы Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасын әдістемелік тұрғыдан сүйемелдеу мақсатында әзірленген. Әдістемелік кешен педагогтерге Жаратылыстану бойынша ұйымдастырылған оқу қызметінде (бұдан әрі ҰОҚ-да) оқу үдерісін ұйымдастырудың жаңа педагогтік тәсілдерін жан-жақты қолдану жөнінде бағыт-бағдар береді.
ОӘК кешеніне:
-
әдістемелік нұсқау
-
балаларға арналған әліппе-дәптер кіреді.
Әдістемелік нұсқауда балаларды шығармашылыққа, зерттеу үдерісіне жұмылдыру, табиғи-ғылыми білім алуға қызықтыру бағытында жұмыс жүргізу жүйесі ұсынылған. Онда баланың бойында ізгілік қасиеттер қалыптастырып, тұлға ретінде дамытуды, білім беру салаларын бір-бірімен үйлестіре отырып, мектеп жасына жетпеген балаларды оқыту мен дамытудың тиімді тәсілдері қарастырылған. Білім беру салаларын бір-бірімен үйлестіру баланың жеке көзқарасын қалыптастыруға, рухани-адамгершілік, азаматтық және эстетикалық таным-түсініктерін дамытуды көздейді.
Жоғарғы топқа арналған Жаратылыстану пәні ҰОҚ-ларының мақсаты мынадай:
- жанды және жансыз табиғаттағы заттар мен құбылыстар туралы білімдерін арттыру;
-жыл маусымдарындағы құбылыстар, өсімдіктер (жемістер мен көгөністер, ағаштар мен бұталар); жануарлар (үй жануарлары, жабайы аңдар) және олардың жылдың түрлі кезеңдеріндегі тіршілік ету ерекшеліктері туралы; табиғатты мекендеушілерге қамқорлық жасау тәсілдері туралы білімдерін кеңейту;
-себеп-салдарлық байланыстарды анықтай білуге баулу.
Мемлекеттік жалпы білім беру стандарты мен Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасына сәйкес, мектеп жасына дейінгі баланың сабақ мазмұнын игеру деңгейіне қатысты талаптар мынадай: заттың қасиеттерін айқындайтын танымдық қабілеттерге ие (заттардың қасиеттері мен белгілерін танымдық қызмет санаты ретінде қарастыра алады. Қоршаған ортаны тану және экологиялық мәдениетті меңгеру: көрнекі-әсерлік және бейнелі-көрнекі жоспардағы танымдық тапсырмаларды жүйелендіреді, топтастырып, шеше алады; олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын табу қабілеттерін меңгерген; қоршаған ортаның алуан түрлі екендігін түсінеді; өсімдіктердің, жануарлардың тіршілік ететін ортасының белгілері мен қасиеттерін біледі. Ізденушілік және тәжірибеалдық қызмет бойынша:
тәжірибелерді ізбе-із және нәтижелі түрде жүргізе алады, қарапайым себеп-салдарлық байланыстарды анықтай алады; Ақпаратпен жұмыс істеугенде: жаңа ақпаратты қызықтыратын адамдарға қалай жеткізу керектігін түсінеді және біледі.
Мектепке дейінгі тәрбие және білім беру бір-бірімен тығыз байланысты. Сондықтан ҰОҚ-лардың барлық түрінде және өзіндік жұмыс барысында өмір сүру дағдысы әмбебап қалыптасады. Осыған байланысты шығармашылық машықты дамытпай табиғи-ғылыми білім негізін қалыптастыру мүмкін емес. Оған мынадай мәселелер кіреді: қоршаған ортаны эстетикалық тұрғыдан қабылдау және балалардың табиғат сұлулығына қатысты эмоциясын білдіру қабілеттерін қалыптастыру.
Жаратылыстану ҰОҚ-да әлеуметтік машықтар да қалыптасады: мінез-құлық машығы және адамгершілік ережелері туралы түсінік – индикаторлары: қажет болған жағдайда көмек сұрай білу, өзге адамдардың тілегіне құрметпен қарау қабілеті; мінез- құлық нормаларын сақтау, жақсы істерге қуану, қанағаттану, адамгершілік нормалары бұзылған жағдайда қобалжу.
Оқу әдістемелік кешен авторлары білім технологияларын енгізу барысында К.Венцельдің балалардың бойындағы іздеуші рухын қолдау, Л.Выготскийдің бірлесіп еңбек ету тәсілдерін пайдалану, Д.Эльконин, В.Давыдовтың оқытудың дамытушылық сипаты туралы ойларын басшылыққа алған.
Үлгілік оқу бағдарламасына сәйкес, оқу әдістемелік кешенді пайдалану барысында қателеспес үшін педагогтер ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерінің сабақ емес, балалар мен ересектердің бірлесіп жұмыс істеу тәсілі екендігін ұғынуы тиіс. Ол балалардың өз бойындағы танымдық энергияны пайдаланып, зерттеу мен жаңа білім алуға деген талпыныстың дәмін (бастапқыда педагогтің басшылығымен, құрбы-құрдастарымен бірлесіп, кейін өз бетінше) сезінуіне мүмкіндік беретін танымдық қызметті жандандырудың интерактивті тәсілдерін енгізуді көздейді. Оқу әдістемелік кешеннің ерекшелігі де осында.
Педагогтер оқытудың интерактивті тәсілдерін пайдалану барысында ересек адам мен балалардың өзара сөйлесу, бақылау, ойнау және ҰОҚ-лар мен экскурсияларда ізденістік жұмыстар арқылы тиімді байланыс жүйесін ұйымдастырады.
Жоғарғы топтағы Жаратылыстану ҰОҚ-сында білім беру және тәрбие үдерісінің табысты болуын қамтамасыз ететін шарттар қандай?
Әлбетте, бұл:
-топтық және жалпы жұмыстар барысында педагог пен баланың арасында, балалар ұжымы ішінде ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру;
-өнімді дамыту ортасы, дидактикалық құралдарымен, энциклопедиялармен, видео және аудио материалдармен жұмыс істеу;
-педагогтің балалар бойында сөйлесе білу қабілеттерін қалыптастыруға бағытталған мақсатты жұмысы;
-ойындық әдістер мен тәсілдерді; шығармашылық тапсырмаларды белсенді түрде пайдалану;
-баланың дербестігін және рефлексивтік қабілеттерін дамыту;
-этно-педагогикалық идеяларды (мақал-мәтелдер, нақыл сөздер), экологиялық ертегілер, танымдық әңгімелер, жаратылыстану саласына қатысты қызықты деректерді пайдалану арқылы балалардың білімдерін тереңдету.
ҰОҚ-ны өткізу технологиясы қандай?
Автордың ойын іске асыру үшін ҰОҚ-ның жоспарлары әзірленген (36 сабақ). ҰОҚ- лар қолданылатын әдістер мен тәсілдердің ырғағы және қарқындылығымен ерекшеленеді. Оларға: балалардың сыни, рефлексивтік ойлау қабілеттерін дамытатын «Идеялар себеті»,
«Алмаз», «Текше», «Жұлдызды шашу», «Тұңғиық (лотос) гүлі» сынды технологиялар,
ойлау үдерісін көрнекілендіруге, ақпаратты құрылымдандыруға және оны түйсінуге
мүмкіндік беретін графикалық үлгілеу (Венн диаграммасы, ауа райы күнтізбесін толтыру,
«көрнекілендірілген ақылдылар талқысы» кластері) технологиясы енгізілген. Ұсынылып отырған технологиялық карталарда «Педагогтің іс-қимылдарын басқару» бөлімінде оларды пайдалану технологиясы жан-жақты сипатталған. Педагог үшін сабақтың тақырыбына сәйкес үш тілде: мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде меңгерілетін негізгі сөздер жиынтығы іріктеп алынған.
Әліппе-дәптер – педагог пен баланың жұмыс істеуіне арналған ресурс және технологиялық карталармен логикалық тұрғыдан байланыстырылған. Әліппе-дәптер көптеген иллюстрациялық, графикалық материалдармен (суреттер, суреттер, иллюстрациялар, табиғат күнтізбесі кестесі, ҰОҚ соңында эмоциялық рефлексті білдіруге арналған таңба (смайл) толықтырылған. Ғылыми түсініктерді тануға және қоршаған ортадағы құбылыстар арасындағы байланыстарды анықтауға арналған тапсырмалар іріктелініп алынған. Олар балалармен сараланған тәсілмен жұмыс істеуге және күрделілігі жағынан әртүрлі тапсырмаларды іріктеп алуға мүмкіндік береді. Айсұлу мен Қуаныш есімді ойындық кейіпкерлер де балалардың танымдық қызығушылықтарын арттыруға көмектеседі.
ҰОҚ барысында макеттер, үлгілер, муляждар, көркемөнер туындылары, бейнефильмдердің, әдеби, музыкалық туындылардың үзінділері сынды табиғи немесе қолдан жасалған заттарды иллюстрациялық құрал ретінде пайдалануға болады.
Жаратылыстану ҰОҚ-лары өткізу алгоритмі қазіргі заманғы технологияларға тән: проблемалық-диалогтік, жеке басқа бағытталған оқыту сынды негізгі кезеңдерден тұрады. ҰОҚ-лардың тақырыбы сұрақ түрінде қалыптасқан. Оқушылар ұйымдастырылған оқу қызметі барысында осы сұрақтарға жауап алуы тиіс.
Әр сабақтың бағдарламалық мақсаттарының орындалу деңгейін бақылау МЖБС мен Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасында көрсетілген индикаторларға сай жүргізіледі:
-
1-деңгей – бала білімдеріне сүйеніп, белгілі бір және басқа да тапсырмаларды орындай алады;
-
2-деңгей – бала өзінің тапсырманы қалай орындағанын біледі, белгілі бір білім қоры бар;
-
3-деңгей – бала білетіні мен қолынан келетінін пайдалана біледі, білімдерін өздігінше, шығармашылық тұрғыдан пайдалана алады.
Аталған әдістемелік нұсқауда ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерінің үлгі жоспарлары берілген. Педагогтер бұл жоспарларды қалауларынша өзгертіп, толықтырады.
Осы оқу-әдістемелік кешенінде ұсынылып отырған құралдар білім беру және тәрбие үдерісінде, сондай-ақ Жаратылыстану ҰОҚ-сын оқыту нәтижесінде белгілі бір өзгерістер енгізуге бағытталған. Олар жұмыс істеудің үйреншікті тәсілдері мен дәстүрлерін өзгертуді талап етеді. Бірақ бұл – мазмұнды жаңарту және бастауыш мектептің оқу бағдарламаларымен сабақтастық байланыс орнатудың басты шарты.
ЖАРАТЫЛЫСТАНУ БОЙЫНША ПЕРСПЕКТИВАЛЫҚ ЖОСПАР
|
№ |
Тақырып |
Мақсаттары |
Сағат саны |
|
|
|
1 |
Бізді не қоршап тұр? |
а) Балаларды «жансыз табиғат» түсінігімен таныстыру, жансыз табиғаттағы адам қолымен жасалған заттарды айыра білуге үйрету. ә) Өзіндік тәжірибеалдық жұмыстарды ұйымдастыру арқылы балалардың түсініктерін жетілдіру. б) Қоршаған ортаны аялауға тәрбиелеу; әлемді өз бетінше тануға баулу. |
1 |
|
|
|
2 |
Табиғатта не өзгерді? |
а) Күзде табиғатта болатын маусымдық өзгерістерді бақылап, бір-бірінен ажырату және атауларын атап көрсетуге; себеп-салдар байланысын анықтауға үйрету. ә) Тәжірибелік-тәжірибеалдық жұмысқа деген қызығушылықтарын ояту, бақылау нәтижелерін салыстыру, талдау және қорытынды жасау қабілеттерін шыңдау. б) Табиғатқа жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу. |
1 |
|
|
|
3 |
Нан қайдан келеді? |
а) Балалардың нанның дастарқанға келу жолы туралы түсініктерін жетілдіру. ә)Танымдық-ізденістік жұмыстарға деген талпынысын күшейту. б)Нанға, оны өсіріп, пісіретін адамдардың еңбегіне құрметпен қарауға үйрету. |
1 |
|
|
|
4 |
Себетке қандай саңырауқұлақ саламыз? |
а) Саңырауқұлақтың кейбір жеуге жарамды (қозықұйрық, ақ саңырауқұлақ, қайыңқұлақ, терекқұлақ) және улы түрлері (шыбынжұт, арамқұлақ) туралы түсінік қалыптастыру. ә) Балаларға саңырауқұлақтардың түр-түсі мен атауларын үйрету. б) Құрбы-құрдастарымен және ересектермен емін-еркін сөйлесу кезінде танымдық-зерттеушілік қызметті дамыту. Табиғатты аялай білуге баулу. |
|
|
|
|
5 |
Ағаш және бұта |
а) Ағаштың, бұталардың атауларымен таныстыру және олардың түрлерін бір-бірінен өзіне тән ерекшеліктеріне қарай (жапырағы, жемісі, діңі) айыра білуге үйрету. ә) Жақын маңда орналасқан ағаштар, бұталар мен шөптер туралы түсініктерін нығайту. Тірі нысанды суреттей білу қабілеттерін дамыту. Балалардың зейінін, жадын күшейту. б) Табиғатқа қамқорлықпен, жанашырлықпен қарауға үйрету. Рухани-ізгілік және эстетикалық сезімдерін қалыптастыру. |
1 |
|
|
|
6 |
Біздің өлкемізде қандай жануарлар тіршілік етеді? |
а) Жабайы жануарлардың тіршілігі жайлы түсініктерін кеңейту. ә) Жануарлардың сырт келбетіндегі ерекшеліктері мен жылдың әртүрлі мезгіліндегі тіршілігі жайлы сипаттама жасау қабілеттерін қалыптастыру. б)Себеп-салдар байланысын анықтау қабілеттерін дамыту. Жануарлар әлемін сүюге баулу. |
1 |
|
|
|
7 |
Барлық ағаштардың жапырағы түсе ме? |
а) Күзгі табиғаттағы маусымдық өзгерістерді бақылап, бір-бірінен ажырата білуге үйрету. ә) Балалардың табиғатқа қатысты қарапайым білімдерін күшейтіп, табиғатпен қатынас жасау мәдениетін қалыптастыру. б) Баланың тұлғалық қасиеттерін дамыту. |
1 |
|
|
|
8 |
Жыл құстары |
а) Қыста жылы жаққа ұшып кететін жыл құстары мен қыстап қалатын құстардың атын атап, бір-бірінен айыра білуге үйрету; құстардың пайдасы туралы түсініктерін нығайту. ә) Табиғатқа қатысты қарапайым ғылыми түсінікті дамыту; заттарды салыстыру арқылы талдау қасиетін дамыту. б) Табиғатқа қамқорлықпен, жанашырлықпен қарауға үйрету. Этикалық және эстетикалық сезімдерін қалыптастыру. |
1 |
|
|
|
9 |
Аңдар қысқа қалай дайындалады? |
Жануарлардың (аңдардың) қоршаған ортадағы өзгерістерге бейімделуі туралы түсінік қалыптастыру. Себеп-салдар байланысын анықтай білуге үйрету. Логикалық ойлау, талқылау, салыстыру, пікір білдіру қабілеттерін дамыту. Табиғатқа деген сүйіспеншіліктерін арттыру, оның сұлулығын қабылдап, терең түйсінуге, жануарлар мен өсімдікке қамқорлықпен қарай білуге тәрбиелеу. |
1 |
|
|
|
10 |
Терезе алдында не өсіп тұр? |
а) Балаларды жаңа бөлме өсімдіктерімен таныстыру. ә) Тәжірибелік-тәжірибеалдық жұмыстарға деген қызығушылықтарын ояту, бақылау нәтижелерін салыстырып, талдау және қорытынды жасау қабілеттерін дамыту. б) Зерттеушілік мінез-құлық пен жаңаны танысам деген құлшынысын дамыту. |
1 |
|
|
|
11 |
Тұқымнан не өсіп шығады? |
а) Балалардың өсімдіктердің көбею тәсілдері, оның өсуіне кері әсер ететін белгілі бір жағдайлар, өсімдіктің өсу және дамуының негізгі кезеңдері туралы түсініктерін кеңейту. ә) Қарапайым экологиялық және зерттеушілік мәдениетін дамыту. б) Топта өзінің құрбы-құрдастарымен бірігіп жұмыс істей білуге үйрету. |
1 |
|
|
|
12 |
Өсімдіктерге өсу үшін не қажет? |
а) Өсімдіктердің тірі ағза екенін және өсу үшін барлық тіршілік иесі секілді оларға да белгілі бір қолайлы жағдайлар қажеттігі туралы түсінік қалыптастыру. Өсімдіктердің адам өмірі үшін маңыздылығы туралы түсінікті бекіту. ә) Топпен бірге жұмыс істеу, келісімге келу, жанындағы серіктесінің пікірін ескеру сынды әлеуметтік құзіреттіліктерін дамыту. б) Жануарлар мен өсімдіктер әлемін сүюге баулу. |
1 |
|
|
|
13 |
Табиғат бұрышын мекендеушілерді білесің бе? |
а) Табиғат бұрышын мекендейтін атжалман, теңіз шошқасы сынды тіршілік иелері туралы білімдерін жетілдіру. ә) Өз нысанын суреттеу қабілеттерін; зейінін және есте сақтау қабілеттерін дамыту. б) Жануарлар әлеміне деген сүйіспеншілікке, оларға қамқорлық жасауға құштар етіп тәрбиелеу. |
1 |
|
|
|
14 |
Аквариумда не тіршілік етеді? |
а) Балаларды жанды табиғат бұрышындағы тіршілікпен таныстыру.
ә) Құрбы-құрдастарымен және ересектермен еркін
араласу үдерісі арқылы оларды | |||



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген