Материалдар / Біздің әсем бақшамыз
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Біздің әсем бақшамыз

Материал туралы қысқаша түсінік
Эстафеталық жарыс Біздің әсем бақшамыз балабақшада ересек топпен өтілген
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
11 Наурыз 2024
229
0 рет жүктелген
250 ₸
Бүгін алсаңыз
+13 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +13 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Эстафеталық жарыс


                                                «Біздің әсем бақшамыз»

Мақсаты:

  Балалардың көтеріңкі көңіл - күйде болуын қалыптастыру, тепе - теңдікті сақтау. Тұлғаның мүмкіндіктерімен қабілеттерін дамыту арқылы шапшаңдық, ептілік дағдыларын қалыптастыру. Спорт ойындары арқылы балалардың спортқа деген қызығушылығын арттыру. Жарыс барысында балалардың ынтымақтастығын арттыра отырып, адамгершілікке, адалдыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар: доп, кегли, құрсау, корап

 

Жүргізуші: Құрметті «Алпамыс», спортшылар! Сіздерді «Біздің әсем бақшамыз!» атты эстафеталық жарысқа қатысуға шақырамыз! Сіздерге зор денсаулық, «жарыста» сәттілік тілейміз.

Бүгінгі ересек тобының арасында өткізгелі отырған , «Біздің әсем бақшамыз» атты жарысымызға қош келдіңіздер!

1топ -«Ботақан» командасы
№2топ -«
Қызғалдақ» командасы
№3топ -«
Күншуақ» командасы ортаға шақырамыз

Ал, сайыскер балалар, Ешкімің жоқ алалар «Жеңімпаз» болу үлкен ерлік Оны әділ қазылар бағалар. (әділқазы мүшелерімен таныстыру)

  • Төреші: Кабидолданова Қ

  • Алимбекова Индира
    2. Ерен Бұлбұлқан

Әнұран орындау

Сайыстың шарты

  1. «Кім жылдам?»

  2. Жүйрік паровоз

  3. Шебер

  4. Жаңа орын

Сайыс 5 жүйелік балмен бағаланады

       Уа ,халқым,назар аудар денсаулыққа,
                    Өмірде бақыттысың денің сауда.
                    «Денсаулық-терең бақыт»деген сөзді
                   Құр айтпаған ұлы Абай данамыз да.
                   Денің сауда күштісің бұл әлемде,
                   Денің сауда сұлусың жер бетінде.
                  Сол мықты денсаулықтың арқасында
                  Жетерсің әлі талай бақыттарға деп,- ортаға

Командалар сәлемдесуі.
«
Ботақан»командасынан жалынды сәлем.
«
Қызғалдақ»командасынан жалынды сәлем!
«
Күншуақ»командасынан жалынды сәлем!




Жүргізуші: Міне, балалар шықты алаңға,
Ал, балалар өздеріңді танытыңдар,
Ептілік, мықтылық, батылдық көрсетіп табанда!



Жүргізуші: Жаттығу ырғағы қосылады әніме
Дене шынықтыру жалқаулыққа жол бермей,
Ауру сырқауды жолатпайды тәнімізге!
Ал, қанекей бір — бірімізді қостаймыз,
Бүгінгі жарысымызды бастаймыз.
«Жеңіске»жетеміз деп
Жалынды ұран тастаймыз.

Әр команда өз ұрандарын айтады

1топ -«Ботақан» командасы
№2топ -«
Қызғалдақ» командасы
№3топ -«
Күншуақ» командасы



Жүргізуші: «Алақай»деген ұранды ортаға біз тастаймыз.
Жарысымызды денені қыздырудан бастаймыз.

Дене қыздыру жаттығулары
Эстафета 5
этаптан тұрады:

1 — этап «Кім жылдам?»
Шарты:
Бірінші  ойыншы берілген кедергілер арасынан өтіп, қолына допты алып , жүгіру арқылы белгіленген орындағы себетке допты алып , қайта орнына жүгіріп   келіп, екінші ойыншыға кезегін беріп ойынды жалғастырады. Қай топ бірінші аяқтаса сол топ жеңіске жетеді.

Жүргізуші:
        Спорт деген азанда,
        Алады да тұрғызып.
        Еріншектік аз  онда,
        Бастайды ойын бір қызық.
        Аязда да тоңбайсың,
        Ыстыққа да күймейсің,
        Сергектікті қолдайсың,
        Жалқаулықты сүймейсің,
        Бақыт сенен қашпайды,
        Өнер білген пайдалы,
        Спорт соның айғағы .

2. «Жүйрік паравоз» жарысы

Ойын шарты:   Бірінші бала паравоз, қалған балалар вагондары болады. Бірінші паравоз бала белгіленген жерден өзі айналып келіп, екінші баланы ертіп айналып келіп, үшінші баланы ертеді, жарыс осылай жалғаса береді. Жарыс соңында қай топтың паравозы вагондарын жинап мәреге бірінші жетсе сол топ жеңеді.


4этап: «Шебер»
Шарты:
Әр балаға берілген ыдысты таяқтын көмегімен, берілген жерде тірган ыдысқа жылдамдықпен апарып қойу.


5 — этап: «Жаңа орын»
Шарты:
Балаларға тұс жабыстырылған қап беріледі сол қапқа берілген доптардын ішінен өз түсін тауып доптарды жинау.


Жүргізуші: Бүгін міне, оң болып әр ісіміз,
Жоғары боп күш жігер намысымыз.
Осылайша қуанышпен думандатып,
Аяқталды халайық жарысымыз!

Деп Әділ қазылар өз ұпайын шағарса, ал біз балалар бір сергіп алсақ

Жүргізуші: Осымен  ересек тобының арасында өткізілген   «Біздің әсем бақшамыз» атты  жарысымыз аяқталды.

                  Жарқын,шаттық заман болсын,

                  Бүлдіршіндер  аман болсын.

                  Сыйластық пен бірлік болып,

                  Әрқашан орта толсын. ( Қортындылау, мадақтау ).



Жарыс заңы ежелден, Жеңімпазды анықтау, Жеңімпаз болу шарты сол,  

  Еңбектену, жалықпау. Біреу озса сайыста, Біреу артта қалады. Бұл сайыста ренжімей, Тараса бізге жарады,-демекші сайысымыздың шарты бойынша қорытынды шығарып жеңімпазды анықтап, марапаттау сөз әділ қазылар алқасына беріледі.

.
( ойынға қатысқан ойыншылар марапатталды).

Жеңіпаздар

І орын Қызғалдақ

ІІ орын Ботақан

ІІІ орын Күншуақ



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!