400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Біздің балғындар мекені.

Материал туралы қысқаша түсінік
Бүгінгі қоғам мүддесіне лайықты, жан-жақты жетілген бойында имандылық сана сезім қалыптасқан, парасатты, мәдениетті, дені сау азамат тәрбиелеу отбасының, балабақшаның барша елдің міндеті. Осы міндетті орындауда мектепке дейінгі тәрбие мекемесі- балабақшаның атқарар рөлі шексіз.
Материалдың қысқаша нұсқасы

IMG_2593.JPG №13 «Құралай» құрама үлгідегі бөбекжай-бақшасының әдіскері

Садуақасова Алуа Жеңісқызы


Біздің балғындар мекені


Бүгінгі қоғам мүддесіне лайықты, жан-жақты жетілген бойында имандылық сана сезім қалыптасқан, парасатты, мәдениетті, дені сау азамат тәрбиелеу отбасының, балабақшаның барша елдің міндеті. Осы міндетті орындауда мектепке дейінгі тәрбие мекемесі- балабақшаның атқарар рөлі шексіз. Бала тәрбиесі-зор адамгершілік пен имандылықты талап етеді. Қазіргі кезде толғандыратын өзекті мәселелердің ең негізгісі-еліміздің болашағы. Қоғамымыздың болып жатқан әлеуметтік -экономикалық өзгерістер мен еліміздің білім беру саласының әлемдік білім кеңістігіне өту білім беру саласында, оның ішінде мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқытуға уақыт талабына сай өзгерістер енгізуді талап етіп отыр. Балабақша-келешек ел басқарар, жер-суына иелік етер, ел-халқын гүлдендірер,мерейін өсіріп,мәртебесін биіктетер жасампаз жандарды шыңдап , өмірдің ең басты сатысын қалайтын киелі ұя. «Ауылына қарап, азаматын таны»,- дейді халық даналығы. Жас ұрпақтың ұясы қоршаған ортасына байланысты. Мектепке дейінгі білім беру - бұл бала тұлғасы мен санасының қарқынды, құнды, қайталанбайтын кезеңі, сондықтан балабақша - баланы тұлға етіп қалыптастырудың алғашқы баспалдағы.

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың тұрғын халықтың мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының сапалы қызметтеріне деген қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында 2010 жыл әзірлеген «Балапан» бағдарламасы аясында бой көтерген балабақшалардың қатарында біздің «Құралай» балабақшасы да бар. Балабақшамыз 2014 жылы 17 қарашада ашылып, онда 140 бүлдіршін тәрбиеленуде. Балабақша әсем ғимаратының бой көтергеніне міне биыл 5 жыл толды. «Әлемде ең қиын іс бар, ол-мемлекет басқару және бала тәрбиесі»,- деген аталы сөз. Бала біздің болашағымыз. Сол балаға жүйелі білім беріп, ынта-ықыласын дұрыс бағыттауды, қабілетін дамытуды балабақшадан бастауымыз керек. Осы балабақшаның ірге тасы қаланғанда өзінің үлкен үлесін қосқан, өркендеуінде атсалысқан, алдағы уақытта да еңбектерінің зейнетін көріп жүрген алғашқы балабақша меңгерушісі болған Ахмолданова Айнакез Сатыпалды қызының еңбегін айтып өтпеске болмас.

Қазіргі таңда осыдан екі жыл бұрын «Білім бөлімінің» тағайындауымен А.Б.Майтжан меңгерушілікке тағайындалды. Бүлдіршіндердің жан дүниесін, көңіл-күйін терең түсінуді талап ететін, еңбекпен етене араласып, ұрпақ тәрбиесіне өз үлесін қосқан келешек жас ұрпақ тәрбиесі үшін аянбай еңбек етіп, жас буынға сапалы білім беріп, мәдениетті, ана тілін бойтұмардай қастерлейтін азамат болып өсуіне үлес қосуды талап ететін жан.

Тәжірбиелі маман, іскер басшы Майтжан Айгүл Бекенқызының ұрпақ тәрбиесіндегі тынымсыз ізденісті еңбегін айта кеткеніміз орынды. Балабақшамызда ерекше бір жайлылық, тәртіп, тазалық пен ауызбіршілік ұйымшылдық байқалады. Балабақша ұжымы жаңа педагогикалық технологияларды меңгерген, озат тәжірбиелерді кеңінен қолдануда, халық педагогикасының тағылымын балалардың бойына сіңіруге, оқыту-тәрбиелеу әдістерін саналылықпен меңгеруге аса мән береді. Балабақшаның оқыту базасы керекті әдістемеліктер құрал –жабдықтармен балалардың тілін, логикалық ойлау қабілеттерін дамытатын оқулықтар, дидактикалық материалдармен қамтамасыз етілген. Сондай-ақ балабақшада балаларға ана тілімен қоса орыс және ағылшын тілдерін де үйрету жолға қойылған. Балабақшадағы оқу тәрбие жұмыстары ҚР Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес жүргізіледі. Осы стандарт аясында тәрбиешілерге күнделікті ұйымдастырылған оқу қызметін жүргізу, баланы бақылау индикаторын жасауды меңгерту мақсатында тәрбиешілерге бірнеше кеңестер өткізіліп тұрақты жұмыс жүргізіледі.

Біздің басты мақсатымыз - бес түрлі білім саласын интеграциялау арқылы баланың қимыл әрекеті, физикалық дамуын жетілдіру, ойлау және қиялдау қабілеттерін қалыптастыру. Шығармашыл, өзара мәдени әлеуметтік қарым-қатынасқа лайықты, заман талабына сай ,жан-жақты дамыған мектеп жасына дейінгі тұлғаны тәрбиелеу. Білім беру жүйесіндегі қабылданған жаңа реформалардың мақсаттары мен талаптарын басшылыққа ала отырып, жасалған жоспар бойынша жұмыс жүргіземіз. «Үш тұғырлы тіл» мемлекеттік бағдарламасы аясында мектепке дейінгі мекемелерде балалар қазақ тілі, орыс тілі мен қатар ағылшын тілінде үйренуде. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы, «Мәңгілік ел» идеяларын жүзеге асыру барысында бүлдіршіндер бойына патриоттық тәрбиемен қатар ұлттық құндылықтарымызды сіңіруді бастаймыз.

Педагог-мамандар қалалық семинарларға, курстарға, әдістемелік бірлестіктерге қатысып, білімдерін жетілдіріп тәжірбие алмасып тұрады. Балабақшамыздың материалдық-техникалық базасына келер болсақ толық қамтылған. Бізде спорт, музыка залы, өзін-өзі тану, бейнелеу студиясы, әдістемелік бөлме, логопед-психолог, медициналық кабинеттер қызмет етеді. Балабақшада оқу тәрбие жұмысымен қатар бала денсаулығын қорғау және нығайту барысында алға қойылған міндеттер әрқашан назардан тыс қалған емес. Балалардың сауықтыру-шынықтыру шаралары жаңа үрдістегі әдістерімен жүргізіледі, спорттық , отбасылық сайыстар өткізіліп тұрады. Балалардың дұрыс тамақтануы, тағамдар құрамындағы сүт өнімдері, көкөністер мен жемістердің сапалы түрде беруіне аса мән беріледі.

Ұжымда әлеуметтік серіктестер мектеп арасындағы байланысты нығайту мақсатында жұмыстар жүргізіледі. Жоспар бойынша ересектер тобымен мектепке, қарттар үйіне саяхаттар ұйымдастырылады.

«Қарттарым-қазынам», «Үлкенге-ізет, кішіге құрмет» тақырыбына қарт адамдарды құрметтеу, сыйлауға тәрбиелеу.

Балаларға заман талабына сай жан-жақты білім беруде жаңа үрдістермен, жаңа инновациялық технологияларды кеңінен қолданамыз. Балаларды ана тілінде әдемі сөйлету, олардың ой-сезімдерін анық, еркін, көркем жеткізе алуға баулу, танымдық қабілеттерін дамыту-тәрбиешінің негізгі мақсаттарының бірі. Міне, ұстаз деген киелі мамандық. Ұрпақ тәрбиелеу, оған ғылыми тұрғыда мәлімет беру, өмір сүруге үйрету оңай шаруа емес. Оны осындай қиын да қызықты іспен шынайы айналысқан жандар ғана түсіне алады. Балаға бөбекжайдан бап керек. Өйткені жас ұрпақтың алғашқы таным ортасы, тәлім ұясы-бөбекжай, балабақша. Бала жас шыбықтай иілгіш келеді. Оны кез келген пішінге салуға болады. Құнарлы топыраққа не ексең, соның жемісін аласын деп босқа айтылмаған болар.

Алдағы уақытта шебер де білікті мамандар қатарын толықтырып, шығармашылық пен жұмыс жасап, балабақшамызды бүлдіршіндердің қуаныш мекеніне айналдыруды мақсат етіп отырмыз. Бала тәрбиесінің бағбаны аталған ұстаздар қауымының тынымсыз еңбегі шығармашылық жетістіктерге толы болсын.







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21 ақпан
358
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі