жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Біздің мақтаныштарымыз. Дөңгелек үстел
Тақырыбы:
«Біздің мақтаныштарымыз»
Мақсаты:
Олимпиада жеңімпаздары туралы мәлімет
бере отырып, олар туралы әңгімелеуге
үйрету. Сөздік қорларын молайту,
сөйлеу мәдениетін дамыту. Олимпиада
жеңімпаздарын үлгі ете отырып, спортқа
баулу
Жұмыс
түрі:
дөңгелек үстел
Көрнекілігі:
интерактивті тақта, спортшылардың
суреттері
Барысы:
Кіріспе.
«Көк тудың желбірегені»
әнімен бастау.
Мұғалім сөзі: Қайырлы
күн құрметті ұстаздар,оқушылар! Бүгінгі
сабағымыздың тақырыбы «Біздің
мақтаныштарымыз» яғни олимпиада
жеңімпаздары туралы болмақ.Осы сабақ
барысында Қазақстанның спортшыларымен,
жеңімпаздарымен таныс боласыздар.
Бүгінгі сабағымыздың мақсаты- олимпиада
жеңімпаздары туралы мәлімет беру және
оларды үлгі ете отырып, спортқа
баулу.
Балалар, сендер олимпиада
жеңімпаздарынан кімдерді танисыңдар?
( оқушылар спортшылардың аты-жөндерін
айтады) Жарайсыңдар, балалар! Еліміздің
туын биікте желбіретіп жүрген жеңімпаз
аға әпкелеріміз көп,біз олармен
мақтанамыз.
Негізгі бөлім.
Солардың
бірі –Серік
Сәпиев.
Серік Жұманғалиұлы Сәпиев- боксшы,олимпиада
чемпионы,халықаралық спорт шебері,Парасат
орденінің иегері , Лондон олимпиадасының
алтын медаль жүлдегері. Жартылай орташа
салмақ пен бірінші жартылай орташа
салмақта әуесқой бокстан Олимпиада
ойындарының чемпионы,әлемнің екі дүркін
чемпионы,Бейжің және Лондон Олимпиадасында
бокстан құрама команданың капитаны. (
презентацияда суреті көрсетіледі)
Илья
Александрович Ильин-Қазақстандық
зілтемірші .Әлемнің төрт дүркін
чемпионы,Қазақстанның еңбек сіңірген
спорт шебері.Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара
қызметінң аға лейтенанты.Илья Ильин
1988 жылдың 24 мамырында Қызылорда қаласында
дүниеге келген.Балалық қызығушылықпен
ауыр темірлерді көтеруді үйренді.Бірақ
арнайы секцияда жаттығуды сегіз жасынан
бастады.Алғашқы бапкері Вилорий Пак
болатын.Ауыр атлетикамен айналысып
жүрген ағасы Алексейдің жанынан бір
елі қалмайтын кішкентай Ильяның дарынын
байқаған Вилорий Пак оны бірден өзіне
тартқан көрінеді.Илья Ильин-«Отан»,
«Құрмет», «Барыс», ордендерінің
иегері.(презентацияда суреті
көрсетіледі)
Жұптық
жұмыс.
«Мозайка» әдісі арқылы оқушыларға
берілген сурет қиындыларынан спортшылардың
суретін құрастырып шығу және сол
спортшының аты-жөні, қай олимпиадаға ,
қандай спорт түрінен қатысқандығы
туралы айтып береді.
Сергіту
сәті. «Дұрыс-дұрыс емес» ойыны.
Ойынға
қатысушыларды екі топқа бөледі.Оларды
біріне-бірі қарама-қарсы тұрғызған
жөн.Ортаға бос екі орындық қояды.Бір
орындық «дұрыс» дегенді білдірсе, екінші
орындық «дұрыс емес» дегенді
білдіреді.Мұғалім қағазда жазылған
ой-тұжырымды оқиды.Бұл тұжырымды дұрыс
деп тапса олар тез барып «дұрыс»
орындығына отырады.
1) Салауатты өмір
салтын сақтау үшін дұрыс тамақтанып
көп ұйықтау керек.
2) Илья Ильин –
брасс әдісімен жүзуде әлем чемпионы
3)
Пхенчхан олимпиадасы 2018 жылы Оңтүстік
Корея қаласында өткізілді.
4) Деніміз
сау болу үшін көп қозғалу керек
5)
Дене
тәрбиесі сабағында біз жаттығу
кешендерімен- ойлау, жазу,сызу ережелерімен
таныстық.
6) Дене шынықтыру адам
ағзасын дамытып, ауруды алыстатып,өмірді
ұзартады.
7) Денис Тен қысқы олимпиаданың
алтын медаль иегері
Жұптық
жұмыс.
«Постер қорғау» Менің сүйікті спортшым
туралы тақырыбында оқушылар постерге
өзінің сүйікті спортшысы туралы жазады
немесе суретін бейнелейді, тірек-сызба
арқылы көрсетіп, қорғайды.
Оқушылар,
сендер олимпиада жеңімпаздарын танып
біледі екенсіңдер. Біз ұмытпауымыз
керек және Қазақстан Республикасының
спорт саласына өзінің ерекше орасан
зор орнын,ізін қалдырған,өмірден озған
ағаларымызды да ұмытпағанымыз жөн.
Солардың бірі де бірегейі Сидней
олимпиадасының алтын медаль
жүлдегері,Түркістан қаласының тумасы
Бекзат Сейілханұлы Саттарханов. Алғашында
өзін-өзі қорғап үйренсін деген оймен
ата-анасы Бекзатты күрес үйірмесіне
қатыстырады.Алайда күреске ынтасы
болмай, екінші жағынан күреспен айналысу
бойдың өсуін тежейтінін ұғып үйірмеге
бармай,бірден боксқа бет бұрады.
Ой
қозғау.
Лондон олимпиадасы
,
Рио де Жанейро олимпиадасы, Пхенчхан
Олимпиадасы
1.
Лондон олимпиадасы қай жылы болды?
(2012)
2. Лондон олимпиадасында ең алғаш
алтын медальды қоржынға қай спортшы
салды? (Александр Винокуров)
3. Лондон
олмпиадасында ел қоржынындағы медальдар
саны? ( 7-алтын,1-күміс,5-қола)
Қазақстан
Лондон олимпиадасында жеті алтын, бір
күміс, бес қола жүлде иеленіп, жалпы
командалық есепте 12-орын алды.Олимпиада
ойындарына әлемнің 204 елінен он мыңнан
астам спортшы қатысты.
АЛҒАШҚЫ
АЛТЫН
Велоспортшы
Александр Винокуров олимпиада
ойындарындағы екінші жүлдесін иеленді.
Осыдан
он екі жыл бұрын Сидней олимпиадасында
күміс медаль алған ,
Лондонда
алтын
медальмен чемпион
атанды.
Рио
де Жанейро олимпиадасы
1.
Рио де Жанейро олимпиадасы қай жылы
болды? (2016)
2.
Рио де Жанейро олимпиадасына қатысқан
спортшылар?
Рио-де-жанейро олимпиадасы 2016 жылы Бразилия қаласында өтті. Тамыздың 5-21 аралығында.Рио-де-Жанейрода өткен XXXI жазғы Олимпиада ойындарында қазақ елі 17 медаль жеңіп алды. Рио олимпиадасында Қазақстан құрамасы сапынан мына спортшылар жүлдеге қол жеткізді: Ниджат Рахимов 200 метрге брасс әдісімен жүзуде Дмитрий Баландин және Данияр Елеусінов олимпиада ойындарының чемпионы атанды. дзюдошы Елдос Сметов боксшы Василий Левит пен Әділбек Ниязымбетов еркін күрес шеберіГюзель Манюрова және ауыр атлет Жазира Жаппарқұл олимпиада ойындарының күміс жүлдегері атанды.
Пхенчхан
Олимпиадасы
1.
Пхенчхан Олимпиадасы қай қалада
өткізілді? (Оңт.Корея)
2.
Пхенчхан Олимпиадасындағы еліміздің
қоржыны? (1-қола медаль)
Оңтүстік
Кореяда өткізілген 28- қысқы олимпиада.
Бұл Олимпиадада еліміздің қоржынында
жалғыз қола медаль. Шаңғы жарысынан
фристайлшы Юлия Галышева Қола жүлдегері
атанды.
Бүгінгі
таңда осы аға әпкелеріміз секілді
жеңімпаз, еліміздің туын биікке көтеремін
деп аянбай тырысып,Қазақстан спорт
шеберлерін үлгі етіп жүрген мектебіміздің
спорт мақтаныштары бар. Атап айтсақ,
тхэквондодан аймақтық,аудандық,облыстық
,республикалық,халықаралық деңгейдегі
жеңімпаздарымыз-Құлымжан Назерке,
Бұрқанова Несібелі, Құлымжанова Айкөркем.
Футбол ойынының аймақтық ,аудандық,облыстық
жеңімпаздары, Ерталапов Бақытжан ,
Ерталапов Бауыржан,Елубаев Асылжан,Өтепов
Ринат.
Қорытынды.
Рефлексия. «Менің спортқа қосар үлесім»
(Оқушылар алдарына таратылып берілген
стикерлерге өз ойларын және сабақтағы
әсерлерін жазып тақтадағы рефлексия
парақшасына іледі.)
Елім барда ерлік
бар мақтанатын
Ерлік барда намыс бар
сақталатын
Намыс барда жеңіс бар
жетелейтін
Жеңіс барда елім бар
еркелейтін
Биікке бұлтым самғайды
Елімнің
жас арманы
Намысын елдің қорғайтын
Бейбіт
күн батырлары- Қазақстанымызды әлемге
танытқан спорт шеберлерін мақтан тұта
отырып,аға-апаларымыздан үлгі алуға
шақырамыз!
«Спорт» әнімен аяқтау.
Бекітемін_______
«____
»________ 2018 ж
«Дене
шынықтыру пәні мұғалімдерінің
педагогикалық шеберлігін арттыру
жолдары»
тақырыбындағы аудандық
семинар
Тақырыбы:
«Біздің мақтаныштарымыз»
дөңгелек үстел
Қатысатын
сыныптар: 5 а,ә
Өткізілетін күні:
16.03.2018ж
Өткізілетін орны: 110 кабинет
Пән
мұғалімі: Ә.Байғалиев
Ақай
ауылы
2017-18 оқу жылы

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген