жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Біздің мектеп
№1 Федоров жалпы орта білім беретін мектебі
Ашық сабақ тақырыбы:
Біздің мектеп.
Нагимова Сабира Жанайдаровна
қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі.
2018-2019 оқу жылы
Сабақтың тақырыбы: Біздің мектеп.
Сабақтың мақсаты: «Мектеп» тақырыбынан өткен материалдарды кайталату арқылы оқушылардың білімдерін жүйелеп, бекіту,оларды тақырыпқа байланысты өз ойын айта білуге үйрету, тақырыптың негізгі идеясын ашу.
Сабақтың міндеттері:
1.Білімділік: Өткенді еске түсіру, сұрақтарға жауап беру, көрген, естіген, оқығандарын практикада қолдана білуге дағдыландыру.
2.Дамытушылық: Ойлау, есте сақтау, көру қабілеттерін дамыту, сөздік қорларын молайту, коммуникативтік құзыреттіліктерін дамыту,ой-өрістерін кеңейту.
3.Тәрбиелік: Білім алуға ынталандыру, оқушыларды оқуға шақырып, өз мектепті құрметтеуге тәрбиелеу.
Күтілетін нәтижесі: Зат есімнің септелуін, тәуелденуін,көптелуін қайталау, білімдерін тиянақтайды, Сөз тіркестерін,сөйлемдер құрастыра біледі,өз ойларын толық жеткізе алады.
Сабақтың түрі: Жалпылау сабақ
Сабақтың типі: Ашық сабақ .
Сабақтың әдісі: Интерактивтік оқыту әдісі,СТО, мәтінмен жұмыс, «Бес жолды өлең» стратегиясы, сұрақ-жауап, топпен жұмыс жасау, бір-бірін тексеру.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, мәтін, маркер, сәйкестендіру парақтары, бағалау парағы.
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі:
-Cәлеметсіздер ме, балалар?
- Қазір бізде қандай сабақ?
- Аптаның қай күні?
1. Психологиялық тренинг.
Сыныптағы ынтымақтастық атмосферасын құру. " Шаттық шеңбері"
Сыныптастар және достар болып
бір-біріне сәттілік тілейді.
2.Топқа бөлу.\сөздер арқылы\ Кім?сұрағына жауап беретін сөздер бір бөлек.Не? сұрағына жауап беретін сөздер бір бөлек.
ІІ. Үй жұмысын тексеру.
1.Мектеп туралы мақал-мәтелдерді жатқа сұрау.
1.Мектеп-кеме.Білім-теңіз
2.Көп жасаған білмейді, көп көрген біледі.
Много знает не тот, кто больше прожил, а тот, кто больше видел.
3.Тіліңмен жүгірме, біліммен жүгір.
Стремись удивить знаниями, а не красноречием.
4.Өмір – үлкен мектеп.
Жизнь – самая большая школа.
5.Кітап – алтын қазына.
Книга – кладовая золота.
6.Оқусыз білім жоқ, білімсіз күнің жоқ.
Нет жизни без знания, нет знания без учения.
7.Білім инемен құдық қазғандай.
Глубину науки постигать, что иголкой колодец копать.
8.Оқу – білім бұлағы, білім – өмір шырағы.
Учение – основа знания, знание – основа жизни.
9.Күш – білімде, білім – кітапта.
Сила – в знаниях, знания – в книгах.
3.Мағынаны ажырату кезеңі:
ІІІ.Жаңа сабақ.
4. Ребусты шешу арқылы сабағымыздың тақырыбын анықтап алайық.
Ребус
|
|
-дің |
|
«Біздің мектеп» тақырыбына сай сұрақтар қоямын.
-
Сенің мектебің қандай?
-
Сенің мектебің неше қабатты?
-
Мектепте нелер бар?
-
Сенің сыныбың нешінші қабатта?
-
Асхана нешінші қабатта?
-
Кітапхана нешінші қабатта?
-
Спортзал нешінші қабатта?
-
Мектепте кімдер білім алады?
-
Мектепте кім білім береді?
-
Саған мектебің ұнай ма?
5. «Жоба қорғау» топтық жұмыс
I топ «Біздің қазіргі мектебіміз»
II топ «Біздің болашақ мектебіміз»
Біздің қазіргі мектебіміз.
Мынау – біздің мектеп. Біздің мектеп үш қабатты. Ол үлкен, жарық және таза. Мектепте асхана, кітапхана, сыныптар, акт залы, мұғалімдер бөлмесі, спорт зал бар.
Менің болашақтағы мектебім.
Менің болашақтағы мектебім өте әдемі болады. Ол мектеп бес қабатты, лифт жұмыс істейді. Әр кабинетте интерактивті тақта, әр оқушыда компьютер болады. Интернет жүйесі барлық кабинеттерге қосылады. Мектеп өте таза, кабинеттер кең болады. Оқушыларды сабаққа арнайы автобус тасымалдайды. Әр оқушының киім қоятын жеке шкафы болып, ол кілтенеді.
6.Дәптермен жұмыс. 5-тапсырма. Толықтырып жаз.
IV.Ой толғаныс кезеңі: 8.«Бес жолды өлең» стратегиясы
I топ Оқушы II топ Мұғалім
|
Синквейн |
«Бес жолды өлең» стратегиясы
|
V. Бағалау. Бағалау парағы арқылы баға қоямын.
20-25 = «5»
15-19 = «4»
10-14- = «3»
VI. Кері байланыс ."Білім кемесі" арқылы кері байланыс аламын.
VII. Үйге тапсырма. Мектеп туралы диалог құрастыру.
шағым қалдыра аласыз





Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген