Өскемен
қаласы әкімдігінің «Мүмкіндігі шектеулі
балаларға арналған «Алтын дән» балабақша
КММ
Тәрбиеші:
Ақылбекқызы А.
Жетекші:
Смагулова А.Н.
Күні:
10.04.2018
Білім
беру бөлімі:
Қатынас
Білім
беру саласы:
Экология.
Тақырыбы:
Біздің қанатты достарымыз.
Мақсаты:
қоршаған орта туралы ұғымдарын жетілдіру;
Білімділік:
құстар туралы білімдерін бекіту;
Дамытушылық:
табиғатқа деген сүйіспеншіліктерін
ояту;
Тәрбиелік:
қамқорлыққа тәрбиелеу.
Билингвалдық
компонент:
құстар – птицы, торғай – воробей,
сауысқан – сорока.
Әдіс-тәсілі:
көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап.
Керекті
құрал-жабдықтар:
суреттер, үнтаспа.
Шаттық
шеңбері.
Нұр
құшып әлемге
Арайлап
таң атты.
Жарқырап
күніміз
Жер
көкті оятты.
Қайырлы
таң, қайырлы күн!
-
Балалар, жылдың қай мезгілі?
-
Көктем мезгілі.
-
Көктем
мезгілінде неше ай бар?
-
Көктем мезгілінде 3 ай бар: Наурыз, сәуір,
мамыр.
-
Көктемде табиғатта қандай ерекшеліктер
болады?
-
Көктем мезгілінде күн жылынады, қар
ериді, құстар ұшып келеді, күн ұзарады.
Жұмбақтар
жасыру.
Итпен
бірге таласар,
Табаққа
қонып қоймайды.
Білесің,
кәне, айта ғой,
Танисың
ба ... (торғайды).
Үстіне
ақ қамзолын киіп алып,
Жүреді
қанаттарын жиып алып.
(сауысқан)
Ендеше,
балалар, бүгінгі тәрбие сағатында
«Біздің қанатты достарымыз». Торғай
мен сауысқан жөнінде айтамыз.
Таяққа
сауысқан мен торғайды бекітіп құстар
келеді.
Торғай
мен сауысқанның суреттерін көрсетіп,
олардың қонақ екенін айту.
Құстар
туралы әңгіме өткізу.
Құстар
қанат және қауырсындарымен ерекшеленеді.
Олардың ауыздарының орнында тұмсық,
қолдарының орнында қанат, екі аяғы бар,
бірақ олар көбіне аспанда ұшып, қалықтап
жүреді. (суреттер көрсету).
Мынау
– сауысқан. Оны ақ бүйірлі құс деп те
атайды. Себебі оның екі бүйірі ақ түсті.
Құстар
зиянды құрт-құмырсқалармен қоректенеді.
Сөйтіп, олар көптеген зиянды жәндіктерді
құртады. Қыста құстарға жем тауып жеу
қиынға түседі. Сондықтан адамдар жемсауыт
жасап, оны ағаш бұтақтарына іліп қояды.
Жем-сауытқа нан қиқымдарын және т.б жем
салады.
Аяла:
Мен торғаймын, торғаймын
Жерге
бекер қонбаймын
Құрт
- құмырсқа шіркейден
Ақ
бидайды қорғаймын.
Алдияр:
Шыр - шыр еткен торғайды
Қорғамасақ
болмайды
Кіп
- кішкене торғайлар
Ағаштарды
қорғайды.
Айерке:
Құсты атпа!
Ануар:
Құстың жұмыртқасын жарма!
Рамина:
Құстың ұясын бұзба!
Мансұр:
Аққуды атпа, досыңды сатпа!
Сергіту
сәті
Қане
қанат жазайық,
Мойнымызды
созайық
1,
2, 3
Құс
аспанға ұш.
1,
2, 3,
Құс
аспаннан түс.
Құстар
жем жейді,
Құстар
су ішеді.
1,
2, 3
Құс
аспанға ұш.
Балалар
қарандаршы бізге тағы бір қонақ келді.
Ол
келген не екен? (көбелектің суретін
көрсету).
Көбелек
өзін құстар қатарына жатқызады екен.
Осысы дұрыс па? (жоқ, қанаты, тұмсығы
жоқ).
Ойын:
«Құсты тап!»
Шарты:
ағаш бұтақтарына тек құстар-дың суреттерін
жапсыру керек.
олар
– құстар.
Сұрақ-жауап
әдісі
арқылы
сабақты
қорытындылау.
Сұрақтар:
Ал
енді
еске
түсірейік,
бүгінгі
тәрбие сағатымыз
қай
тақырыпта
болды?
Сауысқан,
торғай,
қарға
– барлығын
бір
сөзбен
қалай
айтамыз.
Балаларды
марапаттап
бағалау.
Күтілетін
нәтиже:
Біледі:
құстардың
пайдасы,
оларды
бір-бірінен
ажырата
білуге
байланысты
берілген
тапсырмаларды;
Игерді:
құстардың бірнеше түрін және олардың
ерекшеліктері туралы берілген
мәліметтерді.
Меңгереді:
құстарды басқа жан-жануарлардан ажырата
білу дағдыларын.