400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Бизиборд – баланы дамытудың ерекше құралы.

Материал туралы қысқаша түсінік
балабақша тәрбиешілеріне, ЖОО білімгерлеріне,мектеп мұғалімдеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бизиборд – баланы дамытудың ерекше құралы.

Жарылкапова Айжан Абдиманаповна

№54 мектеп жанындағы «Алтын ұя» шағын орталығының тәрбиешісі

Бизиборд-ең кішкентай балаларға арналған Монтессори әдісі. Мария Монтессоридің өзінің өнертапқыш шәкірті Бизиборддың құрметіне аталған баланы дамыту тақтасы. Ол Монтессоридің педагогикалық әдістемесінің жарқын мысалы болып табылады.

Бизиборд – бұл дамыту тақтайшасы немесе сабақ өткізуге арналған тақтай. Тақтайша бала қолының ұсақ моторикасын дамытуға әсер етеді. Ол үшін онда құлыптар, ысырмалар, шпингалеттер, оларды жабуға және ашуға арналған су құбыры краны, бәтеңкенің бауы, ленталар бар.

Сақинамен ойында балалар қозғалыстар тепе-теңдігі мен көзөлшемін қалыптастырады. Зейіннің дамуына ажыратқышпен және тоқ көзін қосатын құрылғымен әрекет ету әсер етеді. Баланың қиялын дамыту мақсатында есіктің артында кім жасырылған және оған шығуға қалай көмектесуге болатыны туралы талқылауға болады. Бизиборд мектепке дейінгі жастағы балалардың төзімділігінің қалыптасуына ықпал етеді, балалар құрылғыларды ұзақ оқып, өздеріне ұнаған іс-әрекеттерді бірнеше рет жасап, оларды автоматтандыруға жеткізе алады.

Тақта көп орын алмайды, оны топта кез келген орынға орналастыруға, серуендеу кезінде өзіңмен бірге алып жүруге де болады. Бизибордта балалар жеке және топпен ойнай алады.

Баланы тәрбиелеу – ата-ананың назарын үнемі талап ететін күрделі міндет. Баланы қадағалау, дамыту, қатерден қорғау ата-ананың барлық уақытын талап етеді. Бизборд баланың қауіпсіз дамуын қамтамасыз ететін құрал. Ал тәрбиеші үшін қызметтік мақсатына оңай қол жеткізетін құрал.

* Тіпті ең қарапайым дамытушы тақта сезінуді көздейді, бұл ұсақ моториканы дамытады.

* Кез келген қарапайым іс-әрекет бланың ойлау қабілетін жақсартады. Ақпаратты дұрыс және жүйелі сақтауына әсер етеді.

Бизибордты қай жастан бастап қолданған жөн?

Бизибордтың құрылымы қаншалықты күрделі болса, соншалықты пайдалану жасерекшелігі үлкейеді. Бизибордтың ең қарапайым түрі баланың 10 айынан бастап қолдануға болады. Ал ең күрделісі физикалық-ақыл-ойы қалыпты дамыған бала үшін 2 жаспен шектеледі. Ал қазіргі уақытта көптүрлі құраммен толықтырылған бизибордтар шығуда, оны 4 жастағы балаға дейін пайдаланады.

Бизиборд көбінесе:

  • Майда бөлшектерден – түйме, ілмек, ілгектер.

  • Барлық есікті құлыптау түрлері – щеколд, шпингалет, шынжыр.

  • Ағаш есептегіш.

  • Қимылды көрсететін айналмалы дөңгелектер, шарлар.

  • Сандық циферблаттар, телефон дисклары, теледидар пульты.

  • Баулар, есік қоңырулары, геометриялық фигуралар ұяшықтары.

Бизиборд кез-келген бала үшін дамуына ең қажетті ойыншық, ал ата-ана мен тәрбиеші үшін оқытудың ерекше, қызықты құралы.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
5 ұстаз жүктеп алған
29 қаңтар
3665
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі