Бизнес жоспар

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Бизнес жоспар

Материал туралы қысқаша түсінік
бизнес жоспар
Материалдың қысқаша нұсқасы

С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті.









Бизнес-жоспар







Орындаған:Кеңесова.А. информатика- 602 Тексерген: Қинашева.Ж.

Бизнес-жоспар

Кептірілген нан, печенье және өзге де нан пісіру өнімдері цехын құру



2016 жыл.

Мазмұны 

Кестелер тізімі 3

Суреттер тізімі 4

Резюме 5

Кіріспе 7

1. Жобаның тұжырымдамасы 8

2. Өнімнің (қызметтердің) сипаттамасы 9

3. Өндірістер бағдарламасы 11

4. Маркетингтік жоспар 12

4.1 Өнімдер (қызметтер) нарығының сипаттамасы 12

4.2 Негізгі және әлеуетті бәсекелестер 14

4.3 Нарықты дамытудың болжамды бағалары, күтілетін өзгерістер 15

4.4 Маркетинг стратегиясы 16

5. Техникалық жоспарлау 17

5.1 Технологиялық процесс 17

5.2 Ғимараттар мен құрылыстар 18

5.3 Жабдық және инвентарь (техника) 19

5.4 Коммуникациялық инфрақұрылым 21

6. Ұйымдастыру, басқару және құрам 22

7. Жобаны іске асыру 23

7.1 Іске асыру жоспары 23

7.2 Жобаны іске асыру шығындары 23

8. Пайдалану шығыстары 24

9. Жалпы және әкімшілік шығыстар 25

10. Қаржыландыру қажеттілігі 27

11. Жобаның тиімділігі 28

11.1 Cash-flow проекциясы 28

11.2 Пайда мен залалдардың есептері 28

11.3 Баланс проекциясы 28

11.4 Қаржы индикаторлары 28

12. Әлеуметтік-экономикалық және экологиялық әсер 30

12.1 Жобаның әлеуметтік-экономикалық мәні 30

12.2 Қоршаған ортаға әсер 30

Қосымшалар 31





Кестелер тізімі
















































Суреттер тізімі












Резюме

Жобаның тұжырымдамасы Шығыс Қазақстан облысында металл кептірілген нан, печенье және өзге де кепкен нан пісіру өнімдері өндірісі цехын ашуды қарастырады.

Цех шығаратын негізгі өнім түрлері кептірілген нан, печенье және сушкалар болады.

Кейіннен өндірілетін өнімнің түр-түріне нысаналы топтың қажеттілігі ескеріле отырып нан-тоқаш өнімдері (бөлке нан, баранкалар және т.б.) қосылуы мүмкін.

Жоспарланған цехтың нысаналы тобы ол орналасқан аудан орталығының, сондай-ақ көршілес елді мекендердің тұрғындары болады.

Жоба бойынша жалпы инвестициялық шығындар мыналарды қамтиды:

Шығыстар, мың теңге

2017

Негізгі капиталға инвестициялар

2 360

Айналым капиталы

716

Барлығы

3 076

Жобаны қаржыландыруды жоба бастамашысының өз қаражаты есебінен сияқты қарыз капиталы есебінен де жүзеге асыру жоспарлануда.

Қаржыландыру көзі, мың теңге

Сомасы

Кезеңі

Үлесі

Негізгі капиталға инвестициялар

716

03.2017

23%

Айналым капиталы

2 360

03.2017

77%

Барлығы

3 076

 

100%



Кредиттеудің келесі шарттары қабылданды:

Кредит валютасы

тенңе

Пайыздық ставка, жылдық

7%

Өтеу мерзімі, жыл

6,0

Пайыздар мен негізгі борышты төлеу

ай сайын

Пайыздарды өтеудің жеңілдікті кезеңі, ай

3

Негізгі борышты өтеудің жеңілдікті кезеңі, ай

6

Өтеу түрлері

тең үлестермен



Кәсіпорын қызметінің жобаның 5 жылына арналған тиімділік көрсеткіштері.

Жылдық пайда (5 жыл), мың теңге

509

Активтердің рентабельділігі

23%



10% дисконттау ставкасы кезінде инвестицияланған капиталдың дисконтталған таза кірісі 7 жылда 267 мың теңгені құрады.

Ішкі кірістілік нормасы (IRR)

13%

Ағымдағы таза құны (NPV), мың теңге

267

Жобаның өзін-өзі ақтауы (жай), жыл

4,8

Жобаның өзін-өзі ақтауы (дисконтталған), жыл

5,8



Жоба экономикалық көзқарас жағынан мыналарға ықпал ететін болады:

- ауылдық жерде 5 жаңа жұмыс орнын құруға;

- Шығыс Қазақстан облысының және цех орналасатын ауданның бюджетіне қосымша кірістердің түсуіне.

Жобаның әлеуметтік әсерінің арасынан мынаны бөліп көрсетуге болады:

- ауыл тұрғындарының сапалы және әр түрлі нан өнімдеріне деген қажеттіліктерін қанағаттандыру.

Кіріспе

Қазіргі жағдайларда қоғамдық тамақтану біртіндеп индустриаландыру жолына өтуде. Жетілдірілген техникалық құралдармен жабдықталған заманауи кәсіпорындар құрылуда; оларда прогрессивті технологиялар пайдаланылады, еңбек пен өндірісті ғылыми негізде ұйымдастыру енгізіледі, қызмет көрсетудің жаңа түрлері қолданылады.

Ұннан жас алған кондитер өнімдері қазіргі таңда түр-түрімен және жоғары сапасымен ерекшеленуде.

Ұннан жасалған кондитер өнімдерінің негізі ұн болып табылады, оның құрамында крахмал түріндегі көміртегі, сондай-ақ өсімдік белоктары бар. Крахмал ағзада қантқа айналады және негізгі энергия көзі қызметін атқарады, белоктар клеткалар мен тіндердің құрылуы үшін пластикалық материал болып табылады. Көптеген ұннан жасалған кондитер өнімдері қант бөліп шығарады, нәтижесінде олар тез сіңетін көміртегімен толығады. Көптеген өнімдерді дайындау кезінде пайдаланылатын жұмыртқа толыққанды белокқа, майға және дәрумендерге бай.

Жұмыртқа, май (сары май, маргарин) немесе майға бай өнімдерді (сүт, кілегей, қаймақ) пайдаланудың арқасында кондитер өнімдеріндегі дәрумендер артады. Оларды дайындаған кезде дәмі мен иісін ғана жақсартып қана қоймай, бұл өнімдердің тез қорытылуына әсер ететін дәрумендер құрамы артады.

Соңғы кезде тұрғындардың өздері дайындағаннан гөрі дайын немесе жартылай дайын ұннан жасалған кондитер өнімдерін ықыласпен сатып алуы артып келеді.

Өткізу пункті бар шағын өндірістік кәсіпорын сияқты қызмет түрі көптеген елдерде кеңінен тараған.

Осыған байланысты осы жобада дайын өнімдерді сату пункті бар кептірілген нан, печенье және өзге де кепкен нан пісіру өнімдері өндірісі цехын құру мүмкіндігі қарастырылады.

1. Жобаның тұжырымдамасы

Жобаның тұжырымдамасында дайын өнімдерді сату пункті бар кептірілген нан, печенье және өзге де кепкен нан пісіру өнімдері өндірісі цехын құру көзделген.

Тікелей өндірістің басында дүкен ашу үнемі жаңа піскен өнімді сатып алуға ғана емес, сонымен бірге оны барынша қолайлы бағамен сатып алуға мүмкіндік жасайды, өйткені дайын өнімді өндіру кезеңі мен сату кезеңі арасында аралық буын болмайды.

Цех шығаратын негізгі өнімдер мыналар:

- сары майдан жасалған кептірілген нан;

- ірімшік қосылған печенье;

- «Марго» кепкен тоқаштары.

Кейіннен өндірілетін өнімнің қатарына нысаналы топтың қажеттілігі ескеріле отырып нан-тоқаш өнімдері де (бөлке нан, баранкалар және т.б.) қосылатын болады.

Жоспарланған цехтың нысаналы тобы ол орналасқан аудан орталығының, сондай-ақ көршілес елді мекендердің тұрғындары болады.

Дүкені бар цех жалпы алаңы 60 шаршы метрлік орын-жайда орналасқан.

Кәсіпорынның осы бизнес-жоспарда жоспарланған айналымын ескере келе қызметті жеңілдетілген декларация негізіндегі арнайы салық режимін пайдалана отырып жеке кәсіпкердің шеңберінде жеңілдетілген режимде жүзеге асыру ұсынылады.

Осы бизнес-жоспар басшылыққа алатын соңғы нұсқа болып табылмайды, тек осындай бизнес-идеяны дамытудың әлеуетті мүмкіндігін ғана көрсетеді. Сондықтан да осы жобаны іске асыру кезінде сату бағдарламасы сияқты шығарылатын өнімнің түр-түрлерін де өзгертуге болады. Шығарылады деп жоспарланған өнімнің бәсекелестік басымдығын, сондай-ақ сатып алынатын жабдықтардың айырмашылықты ерекшеліктерін барынша ашып көрсету қажет.

2. Өнімнің (қызметтердің) сипаттамасы

Осы жобада кептірілген нан, печенье және өзге де кепкен нан пісіру өнімдері цехын құру көзделген.

Ұннан жасалған кондитер өнімдерінің құндылығы мен сіңімділігі жоғары, олар дәмінің тәттілігімен және сыртқы түрінің тартымдылығымен ерекшеленеді,. Ұннан жасалған кондитер өнімдерінің жоғары тағамдық құндылығы оның құрамындағы елеулі көміртегіне, май мен белокқа негізделген. Ылғалдылығының төмендігі нәтижесінде көптеген өнім ұзақ сақталатын бағалы тағамдық концентраттарымен ерекше қасиетке ие болуда.

Кептірілген өнімдер. Бұл өнімдердің ылғалдылығының төмендігі (9-12 %) олардың қатып қалуын баяулатады, көгеруден сақтайды, бұл оның ұзақ сақталуына мүмкіндік береді. Осылайша кепкен өнімдер нан консервілерінің рөлін атқара алады.

Өнімнің бұл тобына кептірілген нан, гренкалар және қытырлақ нан кіреді. Өнімнің әрбір түрі үшін нысаны, мөлшері, сыртқы түрінің жай-күйі белгіленген.Сақтау шарттары сақталған кезде сақтау мерзімі 1-ден 2 айға дейінгі мерзімді құрайды. Кептірілген нанның ең маңызды көрсеткіштері – . нәзіктігі мен суда бұқтырылуы. Кептірілген нан нәзік болуы тиіс. Олардың суда толық бұқтырылуы 60 оС кезінде 1-2 минут болуы қажет.

Печенье. Пече́нье — қамырдан жасалатын шағын кондитерлік өнім. Печеньенің қамырына кей уақытта түрлі дәндер қосады. Печеньені әдетте дөңгелек, төрт бұрыш, жұлдызша, түтікше түрінде жасайды; кей жағдайда ортасы қоспамен толтырылады (шоколадпен, мейізбен, ірімшікпен, қоюлатылған сүтпен, креммен) немесе мұндай қоспаны екі печеньенің ортасына салады.

Кепкен тоқаш өнімдері. Жоғары және бірінші сортты бидай ұнынан жасалады. Кепкен тоқаш тобында сушкалар, баранкалар және бубликтер бар. Бұдан басқа осы топқа нан қиықшалар мен нан таяқшалар да кіреді.

Сушкалар, баранкалар мен бубликтер сопақ және домалақ болып келеді, дөңгелек түрінде әзірленеді. Бұл өнімде шығыршықтардың шеттерін жапсыру және шығыршықтар қосылған жерде өнімнің қалыңдығын өзгерту қолмен жасалады. .

Бір бубликтің салмағы 50-100 г, шығыршығының диаметрі 7-10 см, шығыршықтың қалыңдығы 3,3 см, ылғалдығы 25-27 %.

Баранкалар диаметрі 7-9 см дөңгелек түрде жасалады, шығыршықтың қалыңдығы 2 см. Бір өнімнің салмағы 25-40 г, ылғалдығы 14-19 %.

Сушкилердің баранкалардан айырмашылығы шағын дөңгелек түрде жасалуды (диаметрі 4-6 см)мен шығыршығының қалыңдығы (1,0-1,7 см). Бір өнімнің салмағы 6,5-12 г, ылғалдығы 9-13 %.

Қиықшалар қант, май және басқа шикізаттың тәтті, ащы, киевтік және ванильді түрлері қосыла отырып жоғары және бірінші сортты бидай ұнынан жасалады. Бұл өнімдер жан-жағы жинақталған, диаметрі 8 мм және ұзындығы 100-280 мм болатын таяқша түрінде жасалады. Дайын өнімнің ылғалдылығы қиықшаның түріне байланысты 7-ден 11% дейін.

Жоспарлы өнімінің түр-түрі 1-кестеде берілген.

1-кесте – Цехтың жоспарлы өнімінің түр-түрі

Атауы

Түрі

Печенье

Ірімшікпен

Кептірілген нан

Сары май қосылған

Сушкалар

Марго



3. Өндірістер бағдарламасы

Жобаның бастапқы айларында кондитер цехы толық қуатында қосылмайды, бұл нарықтағы орнын иеленуіне байланысты болады.

2- кестеде өндірістің жылдар бойынша жоспарланған бағдарламасы берілген.

2кесте - Өндірістің жылдар бойынша жоспарланған бағдарламасы

Көрсеткіш

2017

2018

2019

2020

2021

2022

2023

Қуаты, %

77%

93%

95%

100%

100%

100%

100%

Ірімшік қосылған печенье, кг.

2 760

4 440

4 560

4 800

4 800

4 800

4 800

Май қосылған кептірілген нан, кг.

2 553

4 107

4 218

4 440

4 440

4 440

4 440

Марго сушкалары, кг.

2 553

4 107

4 218

4 440

4 440

4 440

4 440



Сату бағдарламасы өндіріс бағдарламасы мен жарамсыздық пайызы ескерілген ең төмен экономикалық тиімділігі ескеріле отырып есептелді.

3-кесте – Сатуға жоспарланған баға, мың теңге

Көрсеткіш

2017

2018

2019

2020

2021

2022

2023

Ірімшік қосылған печенье, кг.

1 270

2 042

2 098

2 208

2 208

2 208

2 208

Май қосылған кептірілген нан, кг.

1 200

1 930

1 982

2 087

2 087

2 087

2 087

Марго сушкалары, кг.

1 277

2 054

2 109

2 220

2 220

2 220

2 220

Барлығы

3 746

6 026

6 189

6 515

6 515

6 515

6 515



Бағаны қалыптастыру кезінде халықтың орташа табыс деңгейі ескерілді

Түсімдерді есептеген кезде цех өнімінің мынадай құны назарға алынды:

4-кесте - Өнімге жоспарланған баға

Атауы

Мәні, тг/кг.

Ірімшік қосылған печенье

460

Май қосылған кептірілген нан

470

Марго сушкалары

500



Сату бағдарламасын есептеген кезде инфляция назарға алынған жоқ, өйткені инфляцияға байланысты бағаның көтерілуі кәсіпорын қызметтері бағасының ұлғаюына әсер ететін болады.

4. Маркетингтік жоспар

4.1 Өнімдер (қызметтер) нарығының сипаттамасы

Шығыс Қазақстан облысы толық азық-түлік тәуелсіздігін иелене алмайды, бірақ облыста өмірлік маңызды тағам өнімдерін өндіру үшін жеткілікті биоклиматтық және өндірістік әлеует бар.

2015 жылдың қаңтар-желтоқсанында облыста қолданыстағы бағамен 55,3 млрд. теңгенің тамақ өнімі, 1,5 млрд. теңгенің сусыны өндірілді. Тамақ өнімдері өндірісіндегі нақты көлем индексі 2014 жылғы қаңтар-желтоқсанға қарағанда 120,2%, сусындар өндірісінде - 95,5% құрады.

Шығыс Қазақстан облысы Статистика департаментінің деректері бойынша облыстың республикадағы тамақ өндірісі өнімдерінің көлеміндегі үлесі 8,2%-ға, сусындар - 1,1%-ға бағаланады. Өнеркәсіп өндірісінің облыстық көлемінде салалар үлесі тиісінше 8,9 және 0,2% құрады.

Тамақ өнімдері өндірісі бойынша экономикалық қызмет түрлерінің көбінде өндіріс көлемінің өскені байқалады.

Балықты қайта өңдеу мен консервілеуде, нан-тоқаш және ұннан жасалған өнімдер өндірісінде, өзге де тамақ өнімдерінде өнім көлемінің төмендегені байқалды.

Тамақ өнімдері мен сусындар шығаратын кәсіпорындарда 2015 жылғы қаңтар-желтоқсанда 5891 адам немесе барлық өнеркәсіп өндірісінде жұмыс істейтіндер санының әрбір он үшінші адамы жұмыспен қамтамасыз етілді.

Тамақ өнімдері өндірісінде орташа айлық жалақы 39268 теңге немесе 2014 жылғы қаңтар-желтоқсандағы деңгейге қарағанда 111,2% мөлшерінде қалыптасты.



1-сурет - Шығыс Қазақстан облысында қолданыстағы баға бойынша нан-тоқаш және ұннан жасалған өнімдер өндірісінің көлемі, млн. тг.



Ақпарат көзі: ШҚО статистика департаменті

Суретте көрсетілгеніндей ШҚО бойынша нан-тоқаш және ұннан жасалған өнімдер өндірісінің көлемі 2014 жылмен салыстырғанда 2015 жылы 230,5 млн. теңгеге төмендеді.

2-сурет - Шығыс Қазақстан облысындағы заттай түрінде кептірілген нан және печенье, ұзақ сақталатын кондитер және тәтті нан өндірісі, тонна



Ақпарат көзі: ШҚО статистика департаменті

Суретте көрсетілгеніндей ШҚО-да кептірілген нан және печенье, ұзақ сақталатын ұннан жасалған кондитер өнімдері мен тәтті нандар өндірісі бойынша аздап төмендеу байқалады. Мысалы, 2015 жылы Шығыс Қазақстан облысында 2 158 тонна кептірілген нан мен печенье шығарылды, бұл 2014 жылғыдан 396 тоннаға кем.



5-кесте - 2011 жылғы қазандағы Шығыс Қазақстан облысы бойынша кептірілген нан мен печенье өндіретін кәсіпорындар бағасының индексі, %


2016 жылғы қазан

2016 жылғы қыркүйек

2015 жылғы желтоқсан

Кептірілген нан және печенье өндірісі, ұзақ сақталатын ұннан жасалған кондитер өнімдері өндірісі

102,3

114,0

Ақпарат көзі: ШҚО статистика департаменті


5-кестеде Шығыс Қазақстан облысының супермаркеттеріндегі негізгі өндірушілердің кепкен нан өндіру өнімдері бағасының салыстырмалы кестесі келтірілген.



6-кесте - Шығыс Қазақстан облысының супермаркеттеріндегі негізгі өндірушілердің кепкен нан өндіру өнімдері бағасының салыстырмалы кестесі

Өнімнің атауы

Өндірушінің атауы

Орау, грамм

Бағасы, 1 қорабына теңгемен

Бағасы, 1 кг үшін теңгемен

Кептірілген нан


Караганда Нан

300

119 - 139

397 – 463

Приправыч

200

119 - 125

595 – 625

Цесна

800

185-190

231 – 238

Сушкалар


Караганда Нан

400

129-155

323 – 388

500

389-395

778 – 790

Аксай Нан

400

165-169

413 – 423

Цесна

400

165-167

413 – 418

Қоспасыз печенье



Уральские кондитеры

1 000

395-619

395-619

Баян - Сулу

1 000

279-325

279-325

Фламинго

1 000

469-470

469-470

Золотой ключик


650

665-669

1 023 – 1 029

750

665-669

887 – 892

400

105 - 119

263 – 298

700

215

307

Рахат

185

65-67

351 – 362

270

139-140

515 – 519

350

139-155

397 – 443

1 000

320-349

320-349

Бидай Нан

300

199-200

663 - 667

Конти

1 000

355-357

355-357

Ламзурь

1 000

359-362

359-362

Сладкая сказка

1 000

599-604

599-604

Султан

80

39-40

488 – 500

175

79-80

451 – 457

240

239-242

996 – 1 008

300

135-145

40 – 483

Roshen

1 000

579-580

579-580

Twix

200

399-402

1 995 – 2 010

Twixels

125

285-290

2 280 – 2 320

250

530-535

2 120 – 2 140

Қоспасы бар печенье

Choco Boy

100

345-347

3 450 – 3 470

Choco - Pie

168

269-270

1 601 – 1 607

336

499-500

1 485 - 1488

Wolf

500

545-547

1 090 – 1 094

«АВК»

1 000

519-579

519-579

Саратов

1 000

599-600

599-600

Сладкая сказка

1 000

425-428

425-428

Сладко

135

75-78

555 – 578

Хамле

85

55-57

647 – 671

170

95-98

559 – 576

190

85-86

447 – 453

200

95-98

475 - 490


Ақпарат көзі: Компаниялар сайты

Кесте қорытындылары бойынша мынадай қорытынды шығаруға болады:

- Кептірілген нанның бағасы (әр түрлі қалталау) мынадай диапазонда ұсынылған 119 – 190 теңге;

- Сушкалардың бағасы (әр түрлі қалталау) – 129 – 395 теңге;

- Қоспасы жоқ печеньенің бағасы (әр түрлі қалталау) – 39 – 669 теңге;

- Қоспасы бар печеньенің бағасы (әр түрлі қалталау) – 55 – 428 теңге.



4.2 Негізгі және әлеуетті бәсекелестер

Кәсіпорынның негізгі бәсекелестері Шығыс Қазақстан облысында нан пісіру өнімдерін шығаратын кәсіпорындар болып табылады.

7-кесте - Шығыс Қазақстан облысында нан пісіру өнімдерін шығаратын кәсіпорындардың тізімі

Компаниялардың атауы

Қала, кент

Белоусовка нан зауыты

Белоусовка кенті

Шығыс Қазақстан ұн тарту-жемазық комбинаты АҚАО Восточно-Казахстанский мукомольно-комбикормовый комбинат

Семей қаласы

'БАРС' компаниясы

Өскемен қаласы

Колос

Өскемен қаласы

«Бейкер» ЖШС

Өскемен қаласы

«Бек» ЖШС

Семей қаласы

«Брик» ЖШС

Өскемен қаласы

«Вегас» ЖШС

Өскемен қаласы

«Рамко Трейдинг Компани» ЖШС

Семей қаласы

«Саламин» ЖШС

Өскемен қаласы

'Жолдас' ЖШС

Семейқаласы

Common Market

Өскемен қаласы

"АЙДАР" №2 НАН ЗАУЫТЫ

Семей қаласы

"АККОРД-ВКО" ЖШС

Өскемен қаласы

"АЛТЫН-ДЭН и Ко" ЖШС

Семей қаласы

"АРНА" САУДА-ӨНДІРІСТІК БІРЛЕСТІГІ ФИРМАСЫ

Өскемен қаласы

"БУХТАРМА" КӘСІПОРНЫ

Өскемен қаласы

"ДЮКАС" ААҚ

Өскемен қаласы

"КУРМАН" САУДА-ӨНДІРІСТІК БІРЛЕСТІГІ (ЖШС)

Өскемен қаласы

ЖШС

Өскемен қаласы

3 НАН ЗАУЫТЫ (ЖШС)

Өскемен қаласы

Аккорд

Өскемен қаласы

Ладога и К

Өскемен қаласы

Мельзавод Защита

Өскемен қаласы



Құрылатын кәсіпорынның негізгі басымдықтары:

- Сапалы шикізатты пайдалану есебінен шығарылатын өнімнің сапасы;

- Орынды баға, тұрақты клиенттер үшін жеңілдіктер;

- Шағын өндіріс, өзгеріп отыратын жағдайға тез икемделу тәсілі;

- Кәсіпорын құрамының кәсіби шеберлігі.



4.3 Нарықты дамытудың болжамды бағалары, күтілетін өзгерістер

Кондитер өнімдері Кеден одағының «Сезімтал тауарлар тізбесіне» енгізілген. Әкелу кеден бажының ставкасын Кеден одағының комиссиясы кейіннен консенсуммен қабылдайтын болады. Баждың орташа ставкасы әріптес елдердің «нөлдік ставкасы» есебінен төмен болады, бұл импорттың, әсіресе Ресейден келетін импорттың ұлғаюына әкеледі. Бірақ бұл ішінара Қазақстанның өндіріс қуатын ұлғайтуына және сапаны сақтауына байланысты болады.

Қазақстанда кондитер өнімдерінің бағасы инфляция диапазонында өсу үрдісін сақтайды деп күтілуде.

ATFBank Research сарапшыларының бағалауы бойынша нақты ақша кірісінің 1%-ға өсуі заттай мәніндегі тұтыну көлемінің 0,6%-ға ұлғаюына әкеледі. Болашақта кондитер өнімдерін тұтыну көлемін одан әрі ұлғайту күтілуде.



4.4 Маркетинг стратегиясы

Кәсіпорында өнімді өткізуді ұйымдастыруды мынадай қағидаттарды ескере отырып жүзеге асыру болжануда:

Бәсекеге қабілеттілікке тұрақты мониторинг жүргізу және оны жетілдіру жұмысы;

Сұранысты қалыптастыру мен өткізуге ынталандыру, имиджді қалыптастыру және тұрақты клиенттерді бекіту шаралары кешенін пайдалану;

Құрғақ нан пісіру өнімдері өндірісі цехын ауылдық елді мекенде орналастырудың жоспарлануына байланысты және жаңа кәсіпорын туралы ақпарат халықтың арасында тез тарайтындықтан одан әрі жарнама жүргізу талап етілмейді.

5. Техникалық жоспарлау

5.1 Технологиялық процесс

Кептірілген нан өндірісінің технологиялық схемасы

  • Жалпы алғанда ашытып жасалған кептірілген нанды өндіру схемасы төмендегі операциялардан тұрады.:

  • шикізатты өндіріске дайындау;

  • ашытқы мен қамырды дайындау және ашыту;

  • қамырды бөлу және қалыптау (қатарлар);

  • көтерілуге қою;

  • дайын қалыптарды пісіру;

  • салқындату және қалыпты дайындау;

  • қалыптарды бөлшектеп кесу және табақтарға салу;

  • табақтарды пештің асына немесе кептіргіш аппараттың ішіне салу;

  • салқындату;

  • іріктеу, кептірілген нанды ыдыстарға салу немесе оларды қаптау мен өнімдерді қоймаларда сақтау.

  • Нан, соның ішінде кептірілген нан өнімдері өндірісінің технологиялық схемасы қамыр дайындау тәсілімен және технологиялық жабдықтарымен сипатталады, соның базасында өнім дайындау ұйымдастырылады. Қазіргі уақытта ашытылған кептірілген нан өндірісінде қамырды опара тәсілімен дайындау кеңінен тараған:

  • қамырды екі рет мөлшерлеп, кезең-кезеңмен нан илейтін машиналарда илеу, оған көтерілуі жатады,;

  • қамыр дайындау аппараттарын қолдана отырып оны бөлгенге дейін ашыта отырып опара мен қамырды үздіксіз илеу;

  • қамыр дайындау аппараттарын қолдана отырып оны бөлгенге дейін ашытпай опара мен қамырды үздіксіз илеу;

  • қою опара мен қамырды барынша механикалық өңдеуді пайдалану..

Ірімшік қосылған печенье өндірісінің технологиялық схемасы

Ірімшік қосылған печенье өндірісінің технологиясы мыналардан тұрады: алдымен ірімшікті ерітілген маргаринмен қосады, содан соң ұн салып қамыр илейді. Дайын қамырды қалыңдығы 1 сантиметр етіп жазады.

Ірімшік қосылған печенье дайындау үшін 10 кг арналған шикізат шығысы, граммен: жоғары сортты бидай ұны - 4000, маргарин - 4000, ірімшік - 4000, қант - 900, қамырдың салмағы - 12900, ашыған кезде - 10000.

Үстіне қант ұнтағын себеді, оқтаумен жазады және 3 Х 3 сантиметрлік ромбик түрінде кеседі. 280 - 300°С температурада 17 минут пісіреді.

Сушкалар өндірісінің технологиялық схемасы

Қою опара, ылғалдығы 38 — 40%, ұннан жасалады (13 — 60%), нығыздалған ашытқы (0,5 — 1,0%) және су. Дайын опараны әдетте бөліп-бөліп пайдаланады, дайын опараны пайдалану уақыты 2 сағаттан астам. Опараның көтерілу күші 13 — 15 минут.

Қамырды дайындаған кезде опараның қажетті бөлігін өлшейді, нан илейтін машинаға салып алдын ала дайындалған маргаринмен (40 — 45 ˚С температурада ерітілген), қант ерітіндісімен, сумен және басқа шикізатпен араластырады, содан кейін ұн қосады. Осыдан кейін қамырды 5 — 8 минут илейді.

Илеу ұзақтығын ұн жақсы болған жағдайда және қамырды тездетіп илеу тәсілі кезінде ұлғайтылады. Қамыр ең соңында құрғақ және біртекті болуы қажет.

Қамырды өткізу механикалық түрде жасалады (вальцовкада).

Қамырды 10 кг шамасында кесектерге бөледі, содан соң кесу машинасынан өткізіледі (сушкаларға арналған қамырды 3 — 4 рет өткізеді).

Бірнеше рет өткізгеннен кейін қамырды екіге бүктейді. Тездетіп дайындаған кезде үккіштен 7-8 рет өткізеді.

Қамырдың кесектерін орайды, жел тимеу үшін үстін жақсылап жабады да 10-40 минутқа қояды. Осыдан кейін қамыр сирек тесіктері бар біркелкі массаға айналады

Қамыр әмбебап бөлу-қалыптау машинасына салынып, шығыршықтарға бөлінеді.

Дайын сушкаларды жоғары ылғалдықта (80 — 90%) 45 — 60 минут және ортаның жоғары температурасында (35 — 40 ˚С) ұстайды.

Тұрған кезінде дайын өнім көтеріліп, дөңгелек түрге енеді.

Тұрған дайын қамырды температурасы 96 — 98 ˚С арнайы бу камераларында қысымы төмен (3,0 — 5,0 кПа) бумен бүркеді.

Бүрку уақыты 1 — 3 минут; дайын өнімнің салмағы көп болса бүрку де ұзақ жүреді. Бүрку кезінде өнім көтеріледі, өнімнің салмағы да шамалы өседі ( 6%).

Сушкалар торлы табақшаларда пісіріледі, бұл оның сыртқы түрін, сондай-ақ кептірілуі мен өсуін қалыпты сақтайды. Сушкаларды пісіру уақыты 14 — 15 минут. Сушкаларды бусыз және желдеткіші бар камераларда пісіреді. Өнімді желдеткіш арқылы суытады.

5.2 Ғимараттар мен құрылыстар

Болжанып отырған цехты аумағы шамамен 60 шаршы метр бос жалдамалы орын-жайда орналастыру жоспарлануда. Өндіру процесінің ерекшелігін ескере отырып орын-жай өртке қарсы қауіпсіздік жүйесімен жабдықталатын болады. Орын-жай тікелей кондитер цехын, қойманы және сауда залын орналастыру үшін ортасы бөлінген үш бөлмеден тұрады.

Нан пісіру өнімдері өндірісі цехы

Цех бөлімшелерінің жоспары технологиялық процесс операцияларын кезегімен орындауға сәйкес келеді және шикізат пен дайын өнімдердің қатар жүруіне жол бермейді, яғни цехтың құрамына мынадай бөлімшелер кіреді:

- қамыр илеу – мұнда қамыр иленеді және қажетті жартылай дайын фабрикаттар дайындалады;

- қамырды бөлу – бөлу және қалыптау, кондитер өнімдерін жаю;

- пісіру – мұнда кондитер өнімдері арнайы шкафтарда пісіріледі

- салқындату;

- өнімдерді өңдеу бөлімшесі;

- жұмыртқаларды, ыдыс-аяқты, ыдыстарды жуатын орын.

Кондитер цехында сондай-ақ желдеткіш және ауа тазартқыш жүйе қарастырылған. Цех кондитер цехтарына қойылатын СЭС талаптарына сәйкес келеді.

Қор қоймасы

Қор қоймасы құрғақ өнімдерді (ұн, қант, крахмал и т.б.) сақтау үшін қарастырылған. Бұл жерде орташа температура шамамен 15°С және ауаның салыстырмалы ылғалдығы 60 – 65 % болуы тиіс. Бұдан басқа осы жерде тез бұзылатын өнімдер сақталатын тоңазытқыштар қойылады.

Сауда залы

Сауда залы шамамен 20 шаршы метр аумақты алады.



5.3 Жабдық және инвентарь (техника)

Нан пісіру өнімдері өндірісі цехы

Нан пісіру өнімдері өндірісі цехын жабдықтау үшін қажетті негізгі жабдықтардың арасында мыналарды бөліп көрсетуге болады:

  • Елеуіштен өткізу машинасы – басқа қосындыларды бөлу және ұнды оттегімен байыту үшін.

  • ТММ-1М үлгісіндегі сыйымдылығы 140 литр нан илеу машинасы.

  • Араластыру машинасы, сыйымдылығы 25 литр

  • ШПЭСМ-3 үлгісіндегі бір ауысымда 50 торт пісіруге мүмкіндік беретін пісіру шкафы.

Нан пісіру өнімдері өндірісі шағын көлемде болатынына қарамастан онда 3 пісіру камерасы бар арнайы кондитерлік пісіру шкафын пайдаланған орынды. Әрбір камерада 100 –ден 250° С дейінгі температураны автоматты ұстап тұруға болады, нәтижесінде бұл шкафта бір мезгілде әр түрлі температурада жартылай фабрикаттың үш түрін пісіруге болады, ол үшін дербес термореттеуіші орнатылған. Қамырды дайындау, бөлу үшін тот баспайтын болаттан жасалған үстел, жартылай фабрикаттарды қоятын сөрелер қажет.

Бұдан басқа, арнайы өндірістік инвентарь қарастырылған:

  • табақша (листар, лотоктар);

  • өлшейтін стакандар, касықтар;

  • тортқа арналған түрлі формалар, формочкалар;

  • тәтті нандарды ою құралдары;

  • кастрюльдер, чашкалар, тарелкалар;

  • қамыр өңдеу инвентары (ағаш және темір оқтаулар);

  • ағаш қасықтар;

  • жартылай фабрикаттарға арналған пышақтар;

  • қасықтар, венчиктер, шанышқылар;

  • кондитер жиынтығы (шприцтар, алмалы-салмалы бөлігі, метал түтіктер);

  • жуу жабдығы;

  • ас үйге арналған орамалдар, қағаз орамалдар жиынтығы.

Қор қоймасы

Өнімдерді сақтау үшін қор қоймасына сөрелер орнатылады. Өнімді өлшеу үшін таразылар мен өлшеу ыдыстары қолданылады. Шикізат пен тез бұзылатын өнімдерді сақтау үшін қарапайым тұрмыстық тоңазытқыш пайдаланылады.

Сауда залы

Дүкенге ішкі көркемдік беру үшін өндірістік сөрелер емес оюлап ағаштан жасалған сөрелер пайдаланылатын болады.

Дайын кондитер өнімдері тоңазытқышы бар сөрелерге қойылатын болады.

Жабдықтардың тізбесі мен оны сатып алу шығындары төмендегі кестеде берілген.



8-кесте - Цех жабдықтарының тізбесі

Жабдық

Саны, дана

Бағасы, мың теңге

Сауда залы

 

 

Тоңазытқыш сөрелері

2

250

Сөрелер

6

65

Инвентарь

1

80

Кондитер цехы



Пісіру шкафы

1

200

Араластырғыш машина

1

180

Елеуіш машина

1

150

Қамыр илек машинасы

1

400

Тоңазытқыш

1

90

Газ плитасы

1

50

Электронды таразылар

1

60

Алюминий үстелі

2

50

Металл сөрелер

2

40

Өндірістік инвентарь

1

80

Жабдықтардың бағасы Өскемен қаласының нарығындағы бағаларға жүргізілген талдаудың негізінде көрсетілген.



5.4 Коммуникациялық инфрақұрылым

Жобада орын-жайды жалдау көзделген, онда қажетті коммуникациялық инфрақұрылым, атап айтқанда электр -, сумен - және жылумен жабдықтау, сондай-ақ телефон байланысы болады. Қажет болған жағдайда цех жұмыстың талаптарына сай қажетінше бейімделетін болады.

6. Ұйымдастыру, басқару және құрам

Кәсіпорынның ұйымдастыру құрылымы мынадай негізгі ұйымдастыру бірліктерінен тұрады:

  • Мынадай негізгі талаптарға сәйкес келетін кондитер:

- кәсіби білімінің болуы;

- ұннан жасалған кондитер өнімдері өндірісінің рецептері мен технологиясын білуі

- шикізаттың сипатын, құрылымын, қолданылуын, сақтау шарттары мен мерзімдерін білуі;

- ұннан жасалған кондитер өнімдерінің жоғары деңгейде өңделуі әдістері мен тәсілдерін білуі;

- жұмыс істеу принциптері мен технологиялық жабдықтарды пайдалану қағидаларын және т.б. білуі;

- жоба бойынша 2 кондитер қарастырылған, біреуі пісірумен, екіншісі сыртқы келбетін әшекейлеумен айналысады.

  • Сатушы, оның қызметіне ұннан жасалған кондитер өнімдерін сату, өтінімдер, шикізат пен материалдарды жеткізушілерден тапсырыстар қабылдау және т.б. жатады.

  • Бухгалтер, ол кәсіпорынның бухгалтерлік және салықтық есебін жүргізуді жүзеге асырады.

  • Еден жуушы.

Кәсіпорынның ұйымдастырушылық құрылымы төменде келтірілген түрлерден тұрады (6-сурет).


3-сурет - Ұйымдастыру құрылымы

Shape1



Құрамды басқарудың келтіріліп отырған құрылымын желілік құрылымға жатқызуға болады. Ол директорға кәсіпорынның жұмысын жедел басқаруға және оқиғалардан үнемі хабардар болуына мүмкіндік береді.

7. Жобаны іске асыру

7.1 Іске асыру жоспары

Осы жобаның іске асуы (іске қосу) 2011 жылғы қаңтардан бастап 2012 жылғы сәуірге дейінгі кезеңді алатын болады деп болжануда.



9-кесте - Жобаны іске асырудың күнтізбелік жоспары

Іс-шаралар\Ай

2017


1

2

3

4

Маркетингтік зерттеу жүргізу және ТЭН әзірлеу

 

 

 

 

Қаржыландыру мәселесін шешу

 

 

 

 

Кредит алу

 

 

 

 

Орын-жайды таңдау

 

 

 

 

Құрамды іздестіру

 

 

 

 

Жабдықты жеткізу құрастыру

 

 

 

 

Жарнаманы орналастыру

 

 

 

 

Жұмыстың басталуы

 

 

 

 



7.2 Жобаны іске асыру шығындары

Инвестициялық шығындар бағасы төмендегі кестеде келтірілген.


10-кесте - 2017 жылға арналған инвестициялық шығындар

Атауы

Сомасы, мың теңге

2017

наурыз

Жабдық

2 360

2 360

Жиыны

2 360

2 360



Жабдықтарды жеткізу шығыстары жабдықтың құнына қосылған. Жабдықтың бір бөлігін «MFT Almaty (МФТ Алматы)» компаниясынан, құралдарды – Семей базарынан сатып алу жоспарлануда.

8. Пайдалану шығыстары

Пайдалану шығыстары ауыспалы шығыстардан тұрады.


11-кесте - 1 байдағы ауыспалы шығыстар

 

Өлш. Бір.

бағасы, тг.

Ірімш. печенье

Сары майдан жасалған

кепкен нан

Марго сушкалары

Шығ. нормасы

1 кг. сомасы

Шығыс нормасы

Сумма на 1 кг.

Шығ. Норм.

1 кг сомасы

Бидай ұны ж/с

кг

85,0

0,4

34

1,0

85

1,0

85

Маргарин

кг

170,0

0,4

68

 

0

0,067

11

Ірімшік

кг

300,0

0,4

120

 

0

 

0

Қант

кг

140,0

0,09

13

0,20

28

0,12

17

Нығыздалған ашытқы

кг

170,0

 

0

0,020

3

0,010

2

Тұз

кг

25,0

 

0

0,010

0

0,010

0

Өсімдік майы

л

260,0

 

0

 

0

0,032

8

Сары май

кг

350,0

 

0

0,150

53

 

0

Тауық жұмыртқасы

шт

14,0

 

0

0,800

11

 

0

Жиыны

 

 

 

235

 

180

 

123



Ауыспалы шығыстар өнімді дайындау үшін қажетті ингредиенттерден тұрады. Бағасы тұрғындар – шаруашылық иелері үй өнімдерін сататын аудан базарларындағы бағаға жасалған талдаудың негізінде көрсетілген.



9. Жалпы және әкімшілік шығыстар

Жобада құны айына 48 мың теңге тұратын орын-жайды жалдау көзделген. Осы бағаға электр энергиясы мен телефон байланысын қоспағанда барлық коммуналдық төлемдер қосылған.



12-кесте - Кәсіпорынның бір айдағы жалпы және әкімшілік шығыстары, мың тг.

Шығындар

 

2017

2018-2023

ЕТҚ

 

136

136

Өндірістік орын-жайды жалдау

60 м2

48

48

Электр энергиясы

2 900 Квт/ай

35

35

Орау шығыстары

 

10

10

Байланыс қызметтері

 

1,5

2

Көлік қызметтері

 

10

10

НБ қызмет көрсету және жөндеу

 

6

6

Банк қызметтері

 

1,5

2

Жарнама шығыстары

 

2

2

Өзге де көлденең шығыстар

 

4

4

Жиыны

 

253

253



Кондитер цехын электрмен жабдықтаудың негізгі ағымдағы шығындары кондитер цехы мен дүкендегі электр жабдықтарының қуатын тұтыну есебінен қалыптасады, атап айтқанда:

  • Пісіру шкафы – 12 кВт*ч

  • Электр плитасы – 5 кВт*ч

  • Крем араластыратын машина – 1,5 кВт*ч

  • Ұн елеуіш – 0,55 кВт*ч

  • нан илейтін машина – 1,5 кВт*ч

  • Тоңазытқыш жабдығы – 1 кВт*ч

Жобада тоңазытқышты қоспағанда барлық жабдық сөткесіне 5 сағаттан артық жұмыс істемейтіні көзделген. Тоңазытқыштар тәулік бойы істейді.

Сумен, жылумен жабдықтау шығындары жалдау ақысының құнына кірген.

Телефон байланысының шығыстары сандық АТС пен қалааралық сөйлесулерді пайдаланудың абоненттік құнына қосылады.

Орау шығыстары өнім өндірудің орташа айлық көлемі – 1 140 кг, ескеріліп есептеледі. Олар 5 кг қораптарға бөліп салынады. Осылайша, 228 қорап сатып алу қажет болады. Қораптардың көтерме бағасының 44 теңге екенін ескере келе оларды сатып алу шығыстары айына 10 000теңгені құрайды. Ыдыстарды созылмалы картоннан орау ыдыстары өнімдерін шығаруға маманданған «Казполиграф» ЖШС (Семей қаласы) сатып алу жоспарланған.



13-кесте - Еңбекақы төлеу шығыстарының есебі, мың тг.

Лауазымы

Саны

Жалақы

Есептеуге

ЕТҚ

 

Әкімшілік-басқару құрамы

 

 

 

 

1

Директор

1

 35

35

35

2

Бухгалтер

0,5

15

8

8

 

Жиыны

2

50

43

43

 

Өндірістік құрам

 

 

 

 

1

Кондитер

2

30

60

60

 

Жиыны

2

30

60

60

 

Қызмет көрсетуші құрам

 

 

 

 

1

Сатушы

1

25

25

25

 

Жиыны

1

25

25

25

 

Қосалқы құрам

 

 

 

 

1

Еден жуушы

1

16

16

16

 

Жиыны

1

16

16

16

 

Құрам бойынша барлығы

5

121

136

136



Еңбекақы төлеу шығыстарының сомасы айына 136 мың теңгені құрайды. Әлеуметтік аударымдар айына 6,1 мың теңгені (міндетті зейнетақы жарналарын (бұдан әрі – МЗЖ) есептемегенде еңбекақы төлеу қорының (бұдан әрі - ЕТҚ) 5% есебінен) құрайды. Бұл сома Қазақстан Республикасы Салық кодексінің (бұдан әрі – ҚР СК) 437-бабына сәйкес әлеуметтік салық сомасын азайтады. Салықты жеңілдетілген декларация негізінде есептеу салық салу объектісіне (кіріс) 3% (ҚР СК 437-бабы) ставканы қолдану арқылы жүргізіледі, соның ½ жеке табыс салығы (бұдан әрі – ЖТС), ½ - әлеуметтік салық құрайды.

Бұдан басқа әлеуметтік салықтың есептелген сомасы егер жұмысшының орташа айлық жалақысы Республикалық бюджет туралы заңда (ҚР СК 436-бабы) тиісті қаржы жылына белгіленген еңбек жалақысының 2-еселік ең аз мөлшерінен кем болмаса әрбір жұмысшы үшін салық сомасы 1,5 % сомаға азайту жағына қарай түзетіледі

10. Қаржыландыру қажеттілігі

Жоба бойынша жалпы инвестициялық шығыстар мыналарды қамтиды:


14-кесте - Жобаның инвестициялары, мың теңге

Шығыстар, мың теңге

2017

Негізгі капиталға инвестициялар

2 360

Айналым капиталы

716

Барлығы

3 076



Жобаны қаржыландыруды жоба бастамашысының өз қаражаты есебінен сияқты қарыз капиталы есебінен де жүзеге асыру жоспарлануда.



15-кесте - 2012 жылға арналған қаржыландыру бағдарламасы, мың теңге

Қаржыландыру көзі

Сомасы

Кезеңі

Үлесі

Өз қаражаты

716

03.2017

23%

Қарыз қаражаты

2 360

03.2017

77%

Барлығы

3 076

 

100%



Кредиттеудің мынадай шарттары қабылданды:


16-кесте - Кредиттеу шарттары

Кредит валютасы

теңге

Пайыздық ставкасы, жылдық

7%

Өтеу мерзімі, жыл

6,0

Пайыздарды және негізгі борышты төлеу

ай сайын

Пайыздарды өтеудің жеңілдікті кезеңі, ай

3

Негізгі борышты өтеудің жеңілдікті кезеңі

6

Өтеу түрі

тең үлестермен


17-кесте - Кредит бойынша төлемдер, мың тг.

Кезең

Всего

2017

2018

2019

2020

2021

2022

2023

Игеру

2 360

2 360

 

 

 

 

 

 

Капиталдандыру %

41

41







Есептеу %

553

125

146

116

85

55

24

1

НБ өтеу

2 401

109

437

437

437

437

437

109

Өтелді,%

511

83

146

116

85

55

24

1

НБ қалдығы


2 292

1 856

1 419

982

546

109

0



Кредит басында жіберілген қабылданған олқылықтарға сәйкес толық көлемінде 2018 жылы өтеледі.



11. Жобаның тиімділігі

11.1 Cash-flow проекциясы

Cash-flow проекциясы (Ақша қаражаты қозғалысының есебі. 1-қосымша) нақты ақша ағынын, яғни қолма-қол ақша ағыны (нақты ақша ағынын) мен төлемдерді (нақты ақшаның кетуін) көрсетіп отыр.

  • операциялық қызмет — қызметтің негізгі түрі, сондай-ақ компанияның ақша қаражатының түсуі мен жұмсалуын құрайтын нақты қызмет;

  • инвестициялық қызмет — айналымнан тыс активтерді (негізгі қаражат, материалдық емес активтер) және басқа да инвестицияларды құрумен және сатумен байланысты қызмет түрі;

  • қаржы қызметі — компанияның капиталы мен қарыз қаражатының мөлшері мен құрамының өзгеруіне алып келетін қызмет түрі. Әдетте, мұндай қызмет операциялық және инвестициялық қызметті қаржыландыру үшін қажетті кредиттер мен қарыздарды тарту мен қайтаруға байланысты болады.

Ақша ағынына жасалған талдау жобаның жылдар бойынша оң серпінін көрсетіп отыр.



11.2 Пайда мен залалдардың есептері

Жоспарланған пайда мен залалдардың есебі 2-қосымшада айқарма түрінде көрсетілген.


18-кесте - Өнімділік көрсеткіштері, мың тг

Жылдық пайда (5 жыл), мың теңге

509

Активтердің рентабельділігі

23%



11.3 Баланс проекциясы

2016 жылғы баланстық есептің коэффициенттері төмендегі кестеде берілген.


19-кесте - Баланстық есеп коэффициенттері

Активтер құрылымындағы негізгі қаражаттың үлесі, жобаның 5 жылына

0,5

Міндеттемелерді өз капиталымен жабу коэффициенті, жобаның 5 жылына

3,1



11.4 Қаржы индикаторлары

10% дисконттау ставкасы кезінде 7 жылға арналған инвестицияланған капиталдың таза дисконтталған кірісі 267 мың теңгені құрады.

20-кесте - Жобаның қаржылық көрсеткіштері

Ішкі кірістілік нормасы (IRR)

13%

Ағымдағы таза құны (NPV), мың теңге

267

Жобаның өзін-өзі ақтауы (жай), жыл

4,8

Жобаның өзін-өзі ақтауы (дисконтталған), жыл

5,8



21-кесте - Жобаның залалсыздығын талдау, мың тг.

Кезең

2017

2018

2019

2020

2021

2022

2023

Қызметтерді сатудан түсетін кіріс

3 746

6 026

6 189

6 515

6 515

6 515

6 515

Баланстық пайда

-262

310

442

674

705

735

758

Қызметтердің толық өзіндік құны

4 008

5 716

5 747

5 841

5 810

5 779

5 756

Тұрақты шығындар

2 585

3 427

3 396

3 366

3 335

3 305

3 282

Ауыспалы шығындар

1 423

2 289

2 351

2 475

2 475

2 475

2 475

Шекті кіріс сомасы

2 323

3 737

3 838

4 040

4 040

4 040

4 040

Пайдадағы шекті түсімнің үлесі

0,620

0,620

0,620

0,620

0,620

0,620

0,620

Залалсыздық шегі

4 169

5 526

5 477

5 427

5 378

5 329

5 292

Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылық қоры (%)

-11%

8%

12%

17%

17%

18%

19%

Залалсыздық

111%

92%

88%

83%

83%

82%

81%



Кестеде кәсіпорынның залалсыздық шегі жылына сату көлемі 5 378 мың теңге болып табылатыны көрсетілген (1916 жыл).

Қаржылық тұрақтылық қоры 2013 жылы 8 % құрайды, одан әрі бұл көрсеткіш пайыздар бойынша шығыстардың азаюына қарай (19% дейін) өседі.

Кәсіпорында жеке кәсіпкердің ұйымдастыру-құқықтық нысаны бар және шағын бизнес субъектілері үшін салық салудың жеңілдетілген режимін қолданады. ҚР Салық Кодексіне сәйкес жеке табыс салығы мен әлеуметтік салықтың ставкасы кіріс сомасының (жалпы кіріс) 3% мөлшерінде белгіленген.

22-кесте - Болжамдау кезеңіндегі салықтық түсімдердің көлемі (7 жыл)

Салықтың түрі

Сомасы, мың тг.

ЖК қызметіне салық, ЕТҚ салығы

1 261

Жиыны

1 261

Осы жобаны іске асыру нәтижесіндегі салықтық түсімдердің көлемі 7 жылда 1 261 мың теңгені құрайды.

12. Әлеуметтік-экономикалық және экологиялық әсер

12.1 Жобаның әлеуметтік-экономикалық мәні

Осы жобаны іске асыру ауылдық жерде жаңа өндіріс ашуға мүмкіндік береді, осылайша әкелінетін өнімді өңірде өндірілетін өніммен ауыстыруға ықпал етеді.

Жобаны іске асыру:

- ауылдық жерде 5 жаңа жұмыс орнын ашуды;

- Шығыс Қазақстан облысының және цех орналасатын аудан әкімшілігінің бюджетіне салықтар мен басқа да аударымдардың түсуін (7 жылда 1млн. теңгеден астам) болжайды.

Жобаның әлеуметтік әсерінің арасынан мынаны бөліп көрсетуге болады:

- ауыл тұрғындарының сапалы және әр түрлі нан өнімдеріне деген қажеттіліктерін қанағаттандыру.



12.2 Қоршаған ортаға әсер

Жобаның идеясы кондитер цехын ашу кезінде қоршаған ортаға түбірінен қандай да бір өзгеріс енгізуді қарастырмайды.

Қалың және сұйық тұрмыстық қалдықтарды үнемі және уақтылы шығарып тұрған кезде қоршаған ортаның ластануы барынша азаятын болады.















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
02.08.2018
3187
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі