400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

БЖБ1 11 сынып. М.Әуезовтің “Абай жолы”романы “Қайтқанда”бөлімі бойынша жиынтық бағалау

Материал туралы қысқаша түсінік
11 сынып М.Әуезовтің “Абай жолы”романы “Қайтқанда”бөлімі бойынша жиынтық бағалау.
Материалдың қысқаша нұсқасы



М.Әуезовтің “Абай жолы”романы “Қайтқанда”бөлімі бойынша жиынтық бағалау

  1. сынып 3-тоқсан


Оқу мақсаты: 11.1.1.1-әдеби шығармаға сюжеттік-композициялық талдау жасау арқылы жанрлық ерекшелігін түсіну;

11.1.3.1-көркем шығармадағы кейіпкерлер жүйесін жинақтау мен даралау арқылы өмір шындығын көрсету;

Бағалау критерийі: Білім алушы

Әдеби шығармаға сюжеттік-композициялық талдау жасау арқылы жанрлық ерекшелігін түсінеді;

Көркем шығармадағы кейіпкерлер жүйесін жинақтау мен даралау арқылы өмір шындығын көрсетеді;


Ойлау деңгейінің дағдылары: қолдану

Орындау уақыты: 20-25 мин


  1. тапсырма.Берілген оқиғаларды рет-ретімен орналастырыңыз. (5 ұпай)

Үзінділер

Оқиға құрылымы

1.Рубасылары мен елдің игі жақсылары Қарашоқы деген жерге жиналып,Қодар мен Қамқаны сол жерге алдыртады.Қамқа діттеген жерге жақындағанда өзіне жабылған жаланы естіп талып қалады.


  1. Үш күндік жолдың,әсіресе,соңғы күні қызықты өтеді.Аттылар Есембай жырасы деп аталатын жерге жақындағанда,үлкендер Абайға:

-Жанымыздан алыстама,мұнда қарақшы көп,-дейді.


3.Абай әкесінің қатыгездігін көріп,ауылына қарай шауып кетеді.Жол бойы ол ересектердің әрекеті туралы ойланып,ұзақ жылайды.


4.Бұл жиынды Бөкенші руының кірмелеу туысы саналатын Борсақ руының адамы Қодар деген қарашаның мәселесін талқылау үшін жинаған еді.


5.Бір күні Ұлжанның үйіне Байкөкше деген жыршы мен Барлас деген ақын келеді.Бұл екеуінің әңгімесі мен жырлары ұнағаны соншалық,олар ауылда бір ай қонақ боп жатады.



  1. тапсырма. Берілген үзінділерді оқи отырып,кейіпкерлер образын ашыңыз. (5 ұпай)

Эпизодтар

Бұл қай сәт?

Кейіпкердің қандай қасиеттері ашылғанын сипаттаңыз.

1.Әй,шырағым балам,әуелі ар жағыңда әкең тұр....Сәлем бер!-деді.


2.-Шүкірлік,әке,-деп біраз тұрды да,-ат барған соң,дәріс тамам болмаса да,қазіреттің рұқсатын,фатиқасын алып қайттым.


3.Кезек оған келгенде ол сүйген жоқ.Қатты бір қысып,бауырына басып тұрды да,маңдайынан иіскеді.


4.-Өй,балам-ау,мына жер-жау жатағы.Бұл ұрының ойнағына кеп,жаман ырым бастағаның не?


5.Тарауда ерекше орын алатыны-Қодар мен Қамқа оқиғасы.Оларды қалай жазалағанын кездейсоқ көріп қалған Абай төсек тартып қалды.


Бағалау критерийі

№

тапсырма

Дескриптор

Балл







Білім алушы


Әдеби шығармаға композициялық талдау жасау арқылы жанрлық ерекшелігін түсінеді;

1

Оқиға құрылысына талдап,рет-ретімен орналастырады;

Басталуы-2

Дамуы-4

Шиеленісуі-1

Шарықтау шегі-3

Шешімі-5

1

1

1

1

1


Кейіпкерлер жүйесін жинақтайды,даралайды;

2

Берілген эпизодтардан кейіпкер бейнесін сипаттайды;

5





Барлығы



10



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
17 ұстаз жүктеп алған
24 қаңтар
1466
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі