400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

БЖБ 6 сынып І тоқсан қазақ әдебиеті

Материал туралы қысқаша түсінік
6 қазақ сыныбына арналған жиынтық бақылау жұмысы
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Туған жерім - аялы алтын бесігім» бөлімі бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар

Оқу мақсаты

6.1.1.1 - әдеби шығарманың жанрын, фабуласын, сюжетін анықтау;

6.1.2.1 - әдеби шығармада көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселені идеясы арқылы түсіндіру;

6.2.2.1 - эпикалық, поэзиялық шығармалардағы автор бейнесін анықтау.

Бағалау критерийі:


Идеясы арқылы әлеуметтік-қоғамдық мәселені анықтайды;

Шығарманың жанрын, фабуласын, сюжетін ажыратады;

Шығармадағы автор бейнесін анықтайды.


Орындау уақыты

20 минут

  1. М.Әуезов қай ұғымға қатысты анықтама берген?

.... деп арнаулы үлгі айтатын, жамандықты жерлеп, жақсылықты көтеріп айтқан ойдан шығарған көтерме әңгімені айтады.

А әңгіме

В ертегі

С аңыз әңгіме

D мақал-мәтел

  1. «Аяз би» ертегісінің мазмұндау сюжетінің ретімен орналастырыңыз

Оқиғаның басталуы

Ханның уәзірлер сөзіне алданып, Жаманды Барсакелмес аралына жіберуі

Оқиғаның байланысуы

Ханның 40 уәзірді Жаманның ақылына сүйеніп жазалауы

Оқиғаның дамуы

Ханның жаманмен кездесуі

Оқиғаның шиеленісуі

Ханның өз атағын Жаманға беруі. Аяз бидің хан атануы.

Оқиғаның шарықтау шегі

Ханның 40 уәзіріне тапсырма беруі

Оқиғаның шешімі

Жаманның хан сынақтарынан сүрінбей өтуі, ханмен достығы

3. «Алып ер Тұңға жырының үзінділері арқылы негізгі ойды анықтаңыз.

Үзінді

Тәңір сүйіп жаратқан,

Әлемді өзіне қаратқан.

Қаһарын жауға таратқан,

Көк тәңірінің ұлы еді.

Жауыздар қаптап барады,

Ашылды сұмның араны.

Біліктілер қалмады,

Заман оны жалмады.

4. Берілген үзіндіден көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселені анықтаңыз. ...

Аяз би әділ болды. Тура билік етті, нашарларға қарасты. Баяғы өзінің жыртық тоны мен жаман тымағын ордасының маңдайшасына шегелеп қойды. Кейде хандықпен көңілі ауытқып, тура жолдан таяйын десе, шегелеулі тоны мен тымағына қарап: «Ай, Аяз, баймын деп аспа, ханмын деп таспа! Аяз әліңді біл, құмырсқа жолыңды біл!» - деп, көңілін басушы еді дейді.

5. Әл-Фараби «Қашықтасын туған жер» өлеңінде туған жерді қалай сипаттайды. Өз ойыңызды 2-3 сөйлем арқылы жазыңыз.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
8 ұстаз жүктеп алған
10.10.2023
650
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі