БЖБ ӘДЕБИЕТ №1,3-ТОҚСАН 2 нұсқада 3 сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

БЖБ ӘДЕБИЕТ №1,3-ТОҚСАН 2 нұсқада 3 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
БЖБ ӘДЕБИЕТ №1,3-ТОҚСАН
Материалдың қысқаша нұсқасы

Әдебиеттік оқу «Өнер» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау БЖБ №5

Сыныбы 3 «» Күні 12.02.2025

Оқушының аты-жөні __________________________________________________

Орындау уақыты 20 минут 1- нұсқа

1-тапсырма Мәтінді мұқият тыңда. Тапсырмаларды орында

Қоңырау соғылды. Шымылдық ашылды. Сахнаға әнші Әміре шықты. Басында оюлы тақия, үстінде жеңіл шапан, қолында домбыра. Өзге шығушылардан оның киімі де, түрі де, жүріс-тұрысы да өзгеше еді. Ол әуелі халыққа ізет көрсетіп, басын иді. Шеті түпсіз көрінген кең залға қарады. Домбырасын күйлеп алды да, «Қанапия» әнін айтты.

Зал тым-тырыс болды. Әміре кісіге емес, әнге айналды. Ән салса ол өзін-өзі ұмытады, әннің әуеніне беріледі. Оның ерекше күшті, ашық даусы Еуропа тыңдаушыларын қатты таңдандырды. Әннің аяғын созып барып, домбыраны желпіндіре бітіргенде, тілдің керектігі болмады. Ән аяқталғанда, сүйсініп отырғандар қайран қалысты. Ән тым тез біткендей.

Ұйып тыңдаған халық әнші орнынан тұрып, бас игенде ғана ду қол шапалақтады. Залдан «бис…бис…» деген дауыстар жамырай естіліп жатты.


Мәтіннің мазмұны бойынша ашық сұрақ құрастыр және жауап бер.


Сұрақ ...................................................................................................................


Жауап ...................................................................................................................


Сұрақтардың көмегімен мәтінге жоспар құр. Кестеге жаз.

Сұрақтар

Жоспар

Сахнаға кім шықты? Ол не істеді?

1)

Тыңдаушылар қандай күйде болды?

2)

Халық әншіге қандай қошемет көрсетті?

3)


2-тапсырма

Көркем сөздерді қолданып, жоспар бойынша мәтіннің мазмұнын айт.

Бағалау критерийі

Тапсырмa

Дескриптор

Балл

Білімалушы

Мәтінге жоспар құрады Мәтіннің мазмұнын жоспар бойынша айтады

1

Мәтін мазмұны бойынша ашық сұрақ құрастырады

Сұраққа жауап жазады;

1


1

мәтіннің кіріспе бөліміне сәйкес ат қояды;

1

мәтіннің негізгі бөліміне сәйкес ат қояды;

1

мәтіннің қорытынды бөліміне сәйкес ат

қояды

1

Сөйлеу барысында көркем сөздерді қолданады

2

мәтіннің мазмұнын жоспарға сәйкес, жүйелі баяндайды;

1

сөйлеу барысында көркем сөздерді қолданады.

1

Сөйлеу барысында тілдік нормаларды сақтайды.

1

Барлығы

8

Әдебиеттік оқу «Өнер» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау БЖБ №5

Сыныбы 3 «» Күні 12.02.2025

Оқушының аты-жөні __________________________________________________

Орындау уақыты 20 минутv 2- нұсқа

1-тапсырма Мәтінді мұқият тыңда. Тапсырмаларды орында

Әке-шешеден ерте айырылған Әбілхан тіршіліктің ауыртпалығын тартты. Қой соңында күндер өтті. Жұрттың баласы хат танығанда, мұның қолынан келетіні — тас бетіне, құмға сурет салу, тас пен ағаштан мүсін жасау. Ол машықтанып жүрген ісіне қарап ұстадан қолдау естіді. Білсем, үйренсем деген құштарлық арта түсті.

Ақыры ол аты шыққан шежіре қарт Сағымбекке барды. Шежіренің ақылымен Жаркентке келді. Бір сыныптық білімі жоқ суретшінің өмір жолы осылай басталды. Ата-баба айналысып көрмеген өнерге жол табу оңай болған жоқ. 1929 жылы атақты суретші Николай Хлудов өнерге талпынған бірінші қазақ жігітін қуана қарсы алды. Бос уақытында көркемсурет өнерінің әліппелік заңдарын үйретті.

Сол бала Әбілханның қазақтың сурет өнерінің ең басында тұрып, атақты суретші Әбілхан Қастеев атанарын ешкім білмеді. Құмға сурет салудан басталған балалық талап үлкен өнерге осылайша жол салды.


Мәтіннің мазмұны бойынша ашық сұрақ құрастыр және жауап бер.


Сұрақ ...................................................................................................................


Жауап ...................................................................................................................



Сұрақтардың көмегімен мәтінге жоспар құр. Кестеге жаз.

Сұрақтар

Жоспар

Әбілханның балалық шағы қалай өтті?

1)

Суретшінің өмір жолы қалай өзгерді?

2)

Үлкен өнерге кім келді?

3)


2-тапсырма

Көркем сөздерді қолданып, жоспар бойынша мәтіннің мазмұнын айт.

Бағалау критерийі

Тапсырма№

Дескриптор

Балл

Білім алушы

Мәтінге жоспар құрады Мәтіннің мазмұнын жоспар бойынша айтады

1

Мәтін мазмұны бойынша ашық сұрақ құрастырады

Сұраққа жауап жазады;

1

1

мәтіннің кіріспе бөліміне сәйкес ат қояды;

1

мәтіннің негізгі бөліміне сәйкес ат қояды;

1

мәтіннің қорытынды бөліміне сәйкес ат қояды

1

Сөйлеу барысында көркем сөздерді қолданады

2

мәтіннің мазмұнын жоспарға сәйкес, жүйелі баяндайды;

1

сөйлеу барысында көркем сөздерді қолданады.

1

сөйлеубарысындатілдікнормалардысақтайды.

1

Барлығы

8





































3.1.2.1* шығарманың мазмұнын бірлесе құрастырған жоспар бойынша немесе өз сөзімен толық, таңдауына қарай мазмұндау,

3.1.5.1 өз ойы мен сезімін көркем-бейнелі сөздерді қолдана отырып жеткізу

3,2.2.1 қолдануға (практикалық), бағалауға негізделген сұрақтар қою және жауап беру





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
30.01.2025
176
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі