Материалдар / Блиц турнир "Менің құқықтық алаңым" 9 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Блиц турнир "Менің құқықтық алаңым" 9 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдерге құқық пәні бойынша 9 сыныптарға арналған сайысқа пайдалануға болады
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
24 Желтоқсан 2018
1179
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Менің құқықтық алаңым»

Блиц-турнир


Жүргізуші: Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев «Еңбегіңмен алған білімің өзің үшін де , елің үшін де таусылмас асыл қазына болмақ» деген болатын. Олай болса, бүгін сіздердің алдарыңызға ойы ұшқыр, терең білімді, оқушыларымызды қошаметпен ортаға шақырып «Менің құқықтық алаңым» тақырыбында блиц-турнирды бастаймыз.

Блиц-турнирдің ережесі:

Блиц-турнирге 3 топ қатысады.

2-кезеңнен тұрады.

І-кезеңі: «Кім жүйрік» ( Құқықтық оқытуға байланысты сұрақтарға жауап беру керек ,әр сұраққа 1балл )

ІІ кезеңі: «Білгенге маржан» ( 1 сұраққа дұрыс жауап берсе 500, көрермендер жауап берсе 400, жүргізуші жауап берсе 200 )

Блиц-турнирге қатысатын топ мүшелері міндетті түрде тобын таныстырып және әр топтың жанкүйерлері «Өнер қанат, білім санат» тақырыпқа байланысты өз өнерлерін көрсетеді.

Олай болса топтар арасындағы жарысымызды бастайық:

Қошаметмен 1, 2, 3-ші топтарды ортаға шақырамыз.

1І -кезеңі «Кім жүйрік» ( Құқықтық оқытуға байланысты сұрақтарға жауап беру қажет ,әр сұраққа 1балл )

І топ

1.Конституция сөзінің аудармасы не мағынаны білдіреді? /Латынша «құрылым», «өкім»

2. ҚР Мемлекеттік биліктің бірден -бір бастауы? /Халық

3. ҚР Республика заңдары қай кезде күшіне енеді?/ Президент қол қойған соң

4. Егемендік алғаннан кейін ҚР Конституциясы қанша рет қабылданды?

/2рет, 28.01.1993ж, 30.08.1995ж

5. «Қасым ханның қасқа жолы» қанша бөлмнен тұрады? / 5-бөлім

6. ҚР қабылдаған қандай заңдарды білесің?Тіл туралы заң, Білім туралы заң

Бала құқығы туралы заң , Еңбек заңы т.б

7. ҚР тәуелсіздігі туралы заң қашан қабылданды? / 16.12.1991ж

8. Конституциямызға соңғы өзгертулер мен түзетулер қашан енгізілді? / 2007

жылы

9. ҚР Конституциясының қай бөлімінде ҚР саяси сипаттама берілген: /

І бөлімінде

10. ҚР заң шығару қызметін жүзеге асыратын ең жоғары өкілетті орган:

/ парламент

11. Сенат депутаттарының өкілеттік мерзімі: / 6 жыл

12. Мәжіліс депутаттығына сайлану үшін жас мөлшері қандай? / 25

13.16 жастан 18 жасқа дейінгілерге апталық жұмыс уақытының ұзақтығы:

/36 сағат

14. Қай жастан бастап сот кезінде баланың пікірі есепке алынады? /10

15. Пара берген адам мен параны алған адамның екеуінің қайсысы

жауапкершілікке тартылады? /екеуі де


ІІ топ

1.ҚР Конституциясы қанша бөлімнен және қанша баптан турады?/9 бөлім,

98 бап

2.ҚР «Бала құқықтары туралы» заң қай жылы күшіне енді?/ 2002ж 8 тамыз

3. ҚР валютасы қашан қолданысқа енді? /1993 жыл 15 қараша

4.ҚР «Мемлекеттік рәміздері туралы» заң қай жылы қабылданды? /1992ж

4 маусым

5.ҚР «Баланың құқығы туралы» заң қанша баптан,қанша тараудан турады?

/10 тарау, 53 баптан

6. «Жеті жарғы» қабылдаған қазақ  ханы кім?/ (Тәуке хан)

7. Бала құқықтарының конвенциясы қашан қабылданды? / 1998ж

8. ҚР Конституциясының ІІІ бөлімі қандай лауазым иесіне арналған?

/ Президенттің

9. ҚР Еңбек кодексі бойынша жұмыстан бос уақыты: / өз еркімен демалатын

уақыты

10. Парламент неше палатадан тұрады: /екі

11.Сайланған сенат депутаттарының жартысы әрбір неше жыл сайын қайта

сайланып отырады?/3 жыл сайын

12. Мәжіліс депутаттығына сайлану үшін жас мөлшері қандай? /25

13. 16 жасқа дейінгі жұмысшылар мен оқушылар үшін апталық еңбек

уақытының ұзақтығы: /24 сағат

14. Халық заңның орындалуын кімдер арқылы бақылайды? депутаттар

15. «Сыбайлас жемқорлық»- деген түсінігінің мағынасы/ «параға сатып алу»,

немесе «пара»

«Өнер қанат, білім санат»-демекші ортаға 9 «Б» сынып оқушысы

Арипова Айшаны шақырамыз.

Қ. Мырзалиев «Мың жұлдызым бар болса да..» поэзия


ІІІ топ

1.Баланың азаматтық құқығы қай кезден басталады? /Бала туған кезінен

басталады.

2.Қай жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы «Балалар құқығы туралы» конвенция

қабылданды?/ 1989ж 20 қараша

3.Неше жасқа толмаған адам бала болып есептелінеді? /18жас

4.Әр адамның жеке басының куәләндыратын құжат қандай?/ Төлқұжат

5.Адамның дүниеге келуі негізінде ажырамас табиғи құқығы қандай?/ Өмір

сүру құқығы

6.«Бала құқықтары туралы» конвенцияға қосылуға ниет білдірмей отырған

елдер? / АҚШ, Сомали

7.Бала неше жастан бастап қылмыстық жауапкершілікке тартылады? /16жас

8. ҚР Конституциясының ІІ бөлімі қалай аталады? / «Адам және азамат»

9.Қазақстанда президенттік лауазым қай уақытта енгізілді?

/КСРО-ның ыдырауы қарсаңында

10.Латын тілінен аударғанда президент сөзінің мағынасы:

алда отырған, басқарушы

11.ҚР Парламентінің жоғарғы палатасы: /сенат

12.Мәжілістің жалпы құрамы қанша депутаттан тұрады? /107

13.Заң қылмыс деп танитын әрекет немесе әрекетсіздік: / қылмыс

14. Қоғамның тірегі, алғашқы ұясы: / отбасы

15. ҚР-ң 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы

стратегиясы туралы жолдауы қанша бөлімнен тұрады? /5


«Өнерліге есік ашық»-демекші ортаға 9 «Ә» сынып оқушысы

Самтуллаева Аяулыжанды шақырамыз.

Ф. Оңғарсынова «Соқыр қыз» монолог.


ІІІ –кезеңі: «Білгенге маржан» ( 1 сұраққа дұрыс жауап берсе 500, көрермендер жауап берсе 400, жүргізуші жауап берсе 200 )

1. Елбасының «Сындарлы он жыл» кітабының шыққан жылы
2. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру » мақаласының жолдауы туралы білесің бе?

3. Неліктен Шымкент қаласы Мегаполис болып аталды?

4. Қазіргі таңда елімізде мамандықтың қай түрлеріне басымдық беріледі?

5. Сыбайлас жемқорлық туралы не білесің және мектебімізде осы тақырыпқа байланысты қандай іс-шаралар өтілуде?

6. Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы қай жылы жарыққа шықты, осы туралы қосымша не білесің?

7. Қазақстандағы ЭКСПО көрмесі елімізге қандай жаңалық әкелді?

8. Тәуелсіздік алғаннан бері Елбасының халыққа жолданған Жолдауы қаншаға жетті?

9. Қазақстан елі, өз тәуелсіздігін қашан алды және биыл қанша жыл толады?

10. Елімізде «Сандық-Қазақстан» бағдарламасы туралы не білесің?

11. Елбасы ең бірінші халыққа қай жылы Жолдауды жариялады?

12. Қазақстанның жеті кереметі туралы не білесің?

«Өнерің өрге тасысын»-демекші ортаға 9 «А» сынып оқушысы

Сапарбаева Айсана шақырамыз.

Ф. Оңғарсынова «Адамгершілік» поэзия.



«Қорытынды». Жеңімпаздарды марапаттайды.Ата Заң- қорғанымыз.

«Азамат жолы-ар жолы» демекші, ешкімнің ала жібін аттамай, өз құқымызды да, өзгенің құқығың да бұзбай тәуелсіз елдің арқа сүйер айбынды, ақылды ұл-қызы болып өсейік. «Еліміздің ертеңгі тағдыры сіздермен байланысты» -деген еді Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев. Ендеше сайысымыздың соңынды сіздерге мынадай үндеу тастағым келеді. Үндеу: Жас жеткіншек! Сен өзіңді құрметтеуге тиіссің. Бойыңдағы бар қабілетті тек жақсылыққа бағыттай біл.Зиянды әдеттерден,ішімдіктен, есірткіден аулақ бол. Ар-намысыңды биік ұста. Өз тағдырың-өз қолыңда. Өзіңе сен. Тәртіпті бол, өз құқығыңды дұрыс пайдалан. Сен ел үшін керексін, өйткені сен-тәуелсіз еліміздің болашағысың. Көріп тамашалағандарыңызға көп рахмет.

Қош сау болыңыздар.













































Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!