Блум таксономиясы арқылы бастауыш мектепте оқушылардың шығармашылық қабілеттерін қалыптастырудың жолы
Мұғалім: Ы. Алтынсарин атындағы №159 гимназия КММ-нің бастауыш сынып мұғалімі Жұмақан Құндыз Ержанқызы
Аннотация: Блум таксаномиясын пайдалана отырып оқушылардың білім игеру кезінде ойлау қабілетін қалыптастыру, сол арқылы таным әрекетін белсендіріп, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Кілттік сөздер: Блум таксономиясы, сын тұрғысынан ойлау, шығармашылық ойлау.
Бенджамин Блум – америкалық оқыту әдістемесінің психологі, Блум таксономиясының авторы. Пенсильванияда Ленсфорд қаласында туылған, 1935 жылы Пенсильван университетін бакалавр және магистр деңгейлерімен бітірген, 1942жылы Чикаго университетінде докторлық деңгейін қорғады. «Блум таксономиясы» атты кітабында өз теориясын дамытқан. [1]
«Таксономия» ұғымы биологиядан алынған. Ол күрделігінің өсуі бойынша (иерархия) бірінен соң бірі орналастырған және өзара тығыз байланыстағы обьектілерді жіктеу(классификация) және жүйелеуді білдіреді. Б. Блум бір топ әріптестерімен бірге 1956 жылы «Таксономияның» танымдық (когнитивтік) саладағы мақсаттарды сипаттайтын бірінші бөлімін жарыққа шығарды. [2.85б]
Блум таксономиясы жеке тұлғаның креативтілігі мен шығармашылық дербестігін қалыптастырады. Ойлаудың деңгейлері саналатын Блум таксономиясы жіктелген әрбір деңгей тұлғаның аффективті қасиеттерін қалыптастыруға ықпал жасайды. Бенжамин Блум ұсынған негізгі үлгі, қашан да өз реттілігі мен толық құрамын жоғалтпауы тиіс. [3. 30б] Б. Блум таксономияны құрастыруды оқу үдерісінде жоспарланған мақсаттарды нақты айқындау қажеттілігімен түсіндірген. Блум таксономиясы бойынша жоғарғы деңгейдегі мақсаттар төменгі деңгейлерді міндетті жасайды. Мәселен, үйренушілерге «Бағалау» деңгейіндегі сұрақ қойылып немесе тапсырма ұсыну олардан төменгі деңгейді («Білім», «Түсіну», «Қолдану», «Талдау», «Синтез») әрекеттерді меңгеруді талап етеді. [2.87б]
«Блум таксономиясының» әр деңгейіне жеке тоқталып, сипаттама берейік. Ойлау әрекетінің деңгейлері:
Білім: Нақты фактілерді, ақпараттарды және олардың сипаттамасын білу және көрсету.
Түсіну: Ақпаратты дұрыс көрсету, болжау немесе түсіндіру арқылы ұғынуды көрсету.
Қолдану: Ақпаратты және бұрын алынған білімдерді жаңа немесе таныс емес мәнмәтінде немесе жағдаятта қолдану.
Талдау: Ақпараттық материалдарды құрылымдық бөліктерге бөлу қабілетін көрсету, дәлелін немесе себебін анықтау арқылы түрлі қорытынды алу үшін ақпаратты зерделеу, жалпы ережелерді негіздеу үшін ой қорытындысын және/немесе дәлелдер табу.
Синтез: Бұрын алынған білімдердің түрлі бөліктерін жаңа мәнмәтінде қайта қарау қабілетін көрсету.
Бағалау: Белгіленген критерийлер бойынша идеялардың немесе фактілердің маңыздылығы туралы пікір қалыптастыру. [4.24б]
Кесте №1
|
Мақсаттар |
Пайдаланылатын етістіктер |
|
Білім |
еске түсіру, анықтау, мақұлдау, қайталау, атау, әңгімелеу, ұсыну, табу |
|
Түсіну |
қайта қарастыру, сәйкестендіру, талқылау, тарту, мойындау, қайта қарау, түсіндіру, әңгімелеу, айқындау |
|
Қолдану |
көрсету, тағайындау, орындау, суреттеу, қолдану, пайдалану, айналысу |
|
Талдау |
ажырату, саралау, үміт арту, даулау,жатқызу, салыстыру, тәжірибеден өткізу, қарама-қарсы қою, зерделеу |
|
Жинақтау |
тұжырымдау, оқыту, әзірлеу, дамыту, қайта анықтау, ұсыну, жасау |
|
Бағалау |
жорамалдау, бағалау, таңдау, баға қою, анықтау, санау, өлшеу, айыптау |
Блумның бұл таксономиясы танымдық үрдісті ең қарапайым деңгейден бастап бірте-бірте күрделенетін 6 деңгейге жіктейтіндігін ескере отырып, қарапайым деңгейге есте сақтау, түсініп білу, еске түсіру, ал одан кейінгі түсіну деңгейінде сол ақпаратты басқаша, өз сөзімен жеткізе алумен жалғасады. Жаңа ақпаратты бөліктерге бөліп зерттеуден кейін оны өз тәжірибесінде тасымалдай алу сияқты алдыңғыға қарағанда күрделі әрекетке ұласады. Қарама – қарсылық туғызу, шешім қабылдау, баға беру оқушының білімін дамытудағы ойлаудың жоғары деңгейінде жүретін жұмыстар. Сөз етіліп отырған деңгейлерге сәйкес танымдық үрдістің мақсаттары бірте-бірте күрделенетіндігі заңдылық. Әр қадам сайын сол деңгейде орындалған әрекетке баға беруді жүзеге асыру арқылы оқушының білім деңгейі артып, шығармашылығы шыңдалады. Шығармашылық жұмыстарды орындағанда оқушылар өзінің болжау, топшылау, түрлі құбылыстардың арасындағы байланыстарды салыстыра білу қабілетіне сүйене отырып, ой қорытындысын жасап, жаңа шешім табады, өзіндік жаңалық ашады. Бұл жаңалықты бала шығармашылығын дамытуда пайда болған өзгеде жоқ қайталанбайтын өнім деп қарауға болады. Оқушы білімін шығармашылық деңгейге жетелеу өнімді тәсілдермен жүзеге асады. Ол өнімді деңгей деп аталады.
Өнімді, шығармашылық деңгей – анализ/талдау/, синтез /жинақтау/, баға. Блум таксономиясының ұтымдылығы да сол, ол оқушыларды шығармашылық деңгейге жетелеуімен ерекшеленеді.
|
Білу |
Қай жылы болды? Қайда болды? Қалай болды? Формуласын жазыңыз. Атап көрсетіңіз. |
|
Түсіну |
Сөйлемді аяқтаңыз. Не білдіңіз? Неліктен? Сөйлемді өзгертіңіз. Өзара байланысын түсіндіріңіз. Өз сөзіңізбен айтыңыз. |
|
Қолдану |
Бірнеше тәсілмен шешіңіз. Құбылыстың негізін түсіндіріңіз. Жорамалды тексеріңіз. Қорытынды жасаңыз. |
|
Талдау |
Құрылымы қандай? Топтастырыңыз. Салдары не? Салыстырыңыз. Бөліктерге бөліңіз. Себебін талдаңыз. |
|
Топтау |
Өз шешеміңізді көрсетіңіз. Алгоритм ұсыныңыз. Баламасын табыңыз. Бөліктерден құраңыз. Жүйелеңіз. Зерттеңіз. |
|
Білімді бағалау |
Қосынды ойды бағалаңыз. Жетістіктерін атаңыз. Өлшемдерін көрсетіңіз. Сәйкестігі қандай? Қаншалықты дұрыс? Өз ойыңыз? |
Жаңа буын оқулықтары «Блум»таксономиясына негізделген. Сабақта Блум таксономиясын қолданудың маңызы қандай? Блум таксономиясын қолдану қаншалықты тиімді? Блум таксономиясын сабақта қолдану арқылы оқушының бойындағы қандай қасиеттерді дамыта аламын? деген ой туындайтыны анық. Сабақ жоспарын Блум таксономиясына негіздеп құру арқылы оқушылар күнделікті талдау жасайды, бағалау жүргізеді. Соның нәтижесінде оқушыда интерпритациялау дағдылары және шығармашылық тұрғыда ойлау қабілеттері қалыптасады. Блум таксономиясының деңгейлерін ұтымды пайдалану үшін қысқа мерзімді жоспар құру барысында әр тапсырмаға сәйкес деңігейлерді анықтап, жаңашыл әдіс-тәсілдерді қолданамыз. Берілген тапсырманың мазмұнын анықтап, мазмұнына сәйкес , жаңашыл әдіс - тәсілдерді пайдаланамыз. «Білім» және «Түсіну» дағыдысын қалыптастыру барысында өзіндік түсінік қалыптасады. Сол себепті бұл деңгейде «Кубизм» стратегиясы, «Миға шабуыл» әдісі, «Анкета» әдісі және т.б осы мазмұндас әдіс тәсілдерді қолдансақ, «Талдау», «Синтез» дағдыларында жаңа мазмұн мен бүтін ұғым тудыру мақсатында жеке бөліктер мен шығармашылықпен біріктіруді талап ететіндіктен «Кластер» әдісі, «Insert» әдісі, «Swot» талдау, «Өрмекші сызбасы», «ДЖИГСО» атты әдіс-тәсілдерді қолдану тиімді болмақ. Ойлау дағысының ең жоғарғы деңгейінде оқушы өз позициясының дұрыс – бұрыстығын анықтап, оны жан-жақты пысықтайды. Сондықтан бұл деңгейде «Сіздің ойынызша бұл дұрыс па, бұрыс па(маңызды ма, емес пе, жақтайсыз ба – қарсысыз ба)? деген пікірталас пен дау-дамай туғызатын сұрақтарды қолданған жөн.
Қорытындылай келе, атақты педагог В. А. Сухомлинский «Кішкентай адамның рухани әлемін оқуға ғана жетелеуге болмайды. Егер сіз баланың бар күшін сабаққа жұмсауға ұмтылсаңыз, оның өмірі төзгісіз болады. Ол оқушы ғана емес, ең алдымен сан қырлы қызығушылығы, сұранысы, ынтасы бар адам болуы керек»-деген екен. [5] Ендеше, баланы заманына қарай икемдеп, өз заманының озық өнегесін оның санасына сіңіре білу, оларды шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту-бүгінгі күннің басты мәселесі болмақ.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
-
http://en.wikipedia.org/wiki/Bloom`s_taxonomy#CITEREFBloom1994
-
Әлімов А. Қ. Интербелсенді оқу әдісетемесін мектепте қолдану. Оқу құралы/-Астана: «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы,-2014ж
-
Педагогика және оқушы психологиясы. Жақсым О. И. «Оқытуда блум таксономиясын қолданудың маңызы».- 2014ж наурыз-сәуір № 2
-
Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы. 2017-2018 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы «Әдістемелік нұсқау хат» 2017 жылғы 21 сәуірдегі № 5 хаттама
-
http://engime.org/oushini-ojlau-belsendilidin-arttiru.html
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз