Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Б.Майлин "Даудың басы-Дайрабайдың көк сиыры"
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Қарағанды облысы, «Өркен» мамандандырылған мектеп-интернаты КММ
Кітапханашы: Алиева Гульнар Самархановна
Б.Майлин «Даудың басы - Дайрабайдың көк сиыры» пьесасы
Жағымды
кейіпкерлер:
Дайрабай – белсенді батырақ, коммунист;
Күлзайра – Басқарма бастығы;
Ырысты – Мәжіліс төрағасы;
Әбіш - Мәжіліс хатшысы;
Өкіл , Айсары, Садуақас шал
Жағымсыз кейіпкерлер:
Жасыбай, Сейіт – жалған белсенді,
Есмұқамбет, Күсебай – айдап салушы.
Колхоз басқармасының бастығы Күлзайра дейтін әйел, қара бөкебайды басына тұмшалап орап тымырайып отыратын адам. Сирек сөйлейді. Сөйлегенде дауысы зілді, ашық шығады.
Күлзайра (Әйгерім): - Сізден бір нәрсе сұрайын деп едім, Осы бізді неге әуре қыласындар, от басында отырып, күл шығарудан басқа, біз неменеге жараймыз?!
Өкіл (Жанболат): - Олай демеңіз, әйелге теңдік заманы, әйел тендігі қағаз жүзінде болмасын, іс жүзінде болсын. Сіз сияқты әйелдерді жұмысқа баулып үйрете беру керек.
Күлзайра (Әйгерім): - Тыныш отырғызса, сол «тендігін» сұрамай-ақ қояр едік. Баяғыдан бері асыраған еркектер әлі де болса да асырай берсе болмай ма?
Өкіл (Жанболат): - «Мұның себебі не?»
Жасыбай (Марғұлан): - Бұрын мұндайды көрмеген әйел ғой, ел жұмысы оңай ма, біреу іреп, біреу сойып, басын қатырады, сосын, кейігеннен айтып отыр ғой. Шыны солай: Дайрабайдың көк сиыры, ұлы дауға ұласқан көк сиыр дауы кімнің болса да басын қатыратын...
Садуақас шал (Ділдәбек)- «Алғабас» артелінің мүшелері мектепке жиналсын деп хабар айтылған соң, Артельге ұйымдасқан 63 үй, бір ауыл мен екінші ауылының арасы 8-10 шақырым. Көлік арық, көбі кетерем, жаяу-жалпылап келіп жатырмыз.
Айсары (Келбет) - Артель жиылысы екі күннің бірінде болады. Өкіл қаптап кеткен кезде күніне екі рет жиылысы болып жатыр. Сонау 10 шақырым жердегі мүшелер бұл жиылыстың бірінен де қалмаймыз.
Өкіл (Жанболат): - Бүгінгі жиылыс - бұрынғы жиылыстардан өзгеше. Бүгін артельдің жаңа уставы тексеріледі: уставтың қосымшалары әңгіме болады. Жаңа уставта толып жатқан өзгешелік бар, колхозшылар өміріне сәйкес келе кетейін деп тұр. Бірак осының өзін тарсынып жүргендер бар.
Айсары (Келбет) - Артельге кіріп-кірмеу ерік деп айтылыпты ғой, кірмеуге де болатын көрінеді ғой.
Өкіл (Жанболат): - «Ерік» болғанда артельден қашу керек пе?.. Қашып отырған себебін біреулер артель басқармасына жапқысы келеді.
Айсары (Келбет) - Артель болып едік, көз ашудан қалдық: малымызда, жанымызда ерік болмады.
Садуақас шал (Ділдәбек): - Аудан қызметкері асыра сілтеп, малдың бәрін ортаға түсіріп, артельді коммунаға айналдырыпты. Артель басқармасы мұны өзінше соқалап, мүлде кеңітіп әкетіпті. Біреудің торпағын, біреудің тайыншасын, біреудің тайын албарынан шығарып алып сатыпты, сойыпты. Соның ішінде, «баласынан артық көріп» бағып отырған Ахметтің қызыл құнажыны да кетіпті. Бір өзі бір шелек сүт беретін Дайрабайдың көк сиыры да кетіпті... Жұрт үрпиіп, артельге деген ынтасы су сепкендей басыла түсіпті...
Сейіт (Мирас): - Садуақас дейтін атқа мінер қуымыз бар еді, сол кедейлердің арасына іріткі салуға кірісті: жұртты үйіне жинап алып, «артельден шығындар, тарандар» деп ақыл беріп жатыр.
Садуақас шынымен атқа мінер екен. «Садуақас ортамызға кірмесе екен!» Шулап кетеді .
Есмұқамбет (Ерасыл): - Сол Садуақас бүгін «қамқор» болмақ! Кешегі ұйымдасқан кедей бүгін Садуақастың азғырынды сөзіне ерсе, не болмақшы?..
Бекзат : -Ана екі қу Дүтпайды ортаға алыпты ғой, жиылысқа қайрап салайын деп тұр ғой.
Айсары (Келбет) - Сөйлеспесін деген заң жоқ. Сөйлессін, шүйіркелессін. Бірақ, Уәлидің айтқанындай кеңеске кірсе, ол оңбағандық.
Ырысты (Мағжан): - Партаның үстіне отыра көрмеңіздер, сындырасындар
Садуақас шал (Ділдәбек): - Сынса сен төлемейсін ғой, айына алатын ақшаңды білсейші.
Айсары (Келбет): - Олай деме, мектеп көптің мүлкі, сынбасын! .
Өкіл (Жанболат): -Басқарушы сайлау керек. Араларыңыз-дан Ырысты бастық болсын, Әбіш хатшы болсын! Бірауыздан сайлауға келісеміз бе? .
Өкіл (Жанболат): - Мәжілістің күн тәртібін жариялаңыз.
- Өзіңіз айта берсеңізші
Күлзайра: (Әйгерім) - Әй, дарылдақ-ау, қойсандаршы, мына кісі сөйлеймін деп тұр. Бір сағатқа созылған баяндама: шаруашылық артелінің не екендігі, қалай құрылатындығы, жаңа уставқа үстелген өзгерістер айтылып жатыр ғой.
Дайрабай (Айдын): - Менің сұрауым бар!
- Ал көк сиыр басталды! шуласты
Садуақас шал (Ділдәбек): - Көк сиырдың дауынан құтылар күн болар ма екен?
Айсары (Келбет):- Айта беріп қайтеді екен?
Дайрабай (Айдын): - Уа, алыс жерден келген кісі екенсің, мүмкін болса айтатын арызым бар.
Күсебай (Марғұлан): - Дайрабайдың айтқалы тұрғаны жарыс сөз. Жарыс сөзді қоя тұрып, алдымен сұрау болса екен!
Дайрабай
(Айдын): - Қақпайлама,
жолдас, неге қақпайлайсың? Мен айтсам - мұңымды айтам. Мұңымды
айтуға еріктімін!.. Мына кәзет не деп
отыр. Оқышы! .
Айт, айт айтуға келдік қой! шулайды
Дайрабай (Айдын): - Уа, жолдас, «Көк сиырдың дауы» деп жұрт күлер. Жұртқа күлкі болғанмен маған күлкі емес, мен жолсыз істі айтпай тұра алмаймын. Жүздерін жырта-жырта айтамын!
Жасыбай (Марғұлан): - Қысқалап айт.
Дайрабай (Айдын) : - Апырмау,енді сөйлейін де. «Ерік» дегені қайда осы? Өкіл жолдас, мыналарға айтсаңызшы: сөзімді бөлмесін.
- Уа, жолдас, мен өзім кедеймін. Тоғыз жыл Семенаудың қойын жалаң аяқ жүріп бақтым. Өтірік десе, осы отырған ел айтсын...Кеңес үкіметі орнағалы ептеп есімді жинадым... Бірді-екілі қарам болды, үй көтеріп алдым. Өзім сияқты кедейдің бірі болып түтін түтеттім. Содан, 29-жылдың басы шығар деймін, осы Жасыбайлар бас болып: «колауния (трактор колониясы) боламыз!» деді. Тракторынды бұрын кім көрген: құлындар үркіп, желіні суырды; сауынды сиырлар үркіп, шелектегі сүтті ақтарып, әйелдерді басып кетті. Ауылдағы малдың бәрі үркіп далаға босты... Трактор жаңа нәрсе ғой, ескімен жаңаның үйлеспей жатқаны ғой деп күлістік. «Кәлаунияға кіріндер» десек, кедейлері осқырып жоламайды. Бұл ауылда аты шулы Садуақас бар ғой, бұл соның лаңы екен дедік. Бұған қарсы болған кедейлер бақан-сойылын сүйретіп келе бастады. Егін егіп, шығатын күні олжаға батамыз деп ойлағанбыз. Бірақ, Қазақстанның тәртібі өзгеше болды, Қазақстандағы артель мүшелері жылына жеті пұттан ғана алады екен» деген шықты. «Кедей, жарысасың» деді. Жарыстық, екі-ұш пұттан астық бердік. Осы астықтың ақшасын күншығыстағы қызыл әскерлерге сәлемдемеге жібердік. Мұны шын жүрегімізбен істедік. Жасыбай былтыр «кәлаунияға» кіргізгенде, адам күші мен жұмыс көлігі ғана ортақ болады деп еді. Ауданнан бір дударбас өкіл келіп «Малың да ортақ, жаның да ортақ, үйің де ортақ» деп әлекті салды. Бұзау-торпақ та, көк сиыр да ортаға түсіп кетті де барды... Ал, Дайрабай, енді белсенді болып көр! 21 пұтттан салық салды. Жан мұрынның ұшына келді. Сатып алуға ақша жоқ, айналдырған екі қараны коллектив жазып қойған, маңынада бара алмаймыз. Қатынның үйінен келген көне тоз кілемі бар еді, сатайын десем қатын бажылдап маңына жуытпайды. Енді не қылмақ керек...
- Азық бітті, тамақ тап! - дейді. Тұқымның үстіне тағы азық іздеу керек!
Тап соның ертеңіне, өзім кейіп отыр едім, Сейіт келіп: - Көксиырды контракқа, - деді.
- Көксиырда қандай әкеңнің құны бар? - дедім. Сотқа бергелі жатыр екен дедім. Соттың ар жағы түрме ғой. Ауданға келдім. «Түрме қайда?» деп көрін-ген адамнан бір сұраймын. Бетіме бажырайып бір қарайды да бәрі де өте шы-ғады.мекемеде отырған жас маманға бастан аяқ түсіндірдім.
- Шырағым, 21 пұт тұқым пәле болып жабысты маған. Төлемесем «арам кедей» болатын көрінемін. Осы мені «адалдап» алуыңызға болмас па екен? - деп едім:
- Артық астығыңыз болса, төлеңіз, жоқ болса, таба алмасаңыз қысылмаңыз, адалдық осы, -деді...
Ауыз сөзіне сеніңкіремей отырып едім, орнынан тұрып барды да, бір газетті алып келді: «тұқым сұрап орынсыз кысқан адам болса, осы газетті оқытыңыз, осының ішінде орталық партия комитетінің қаулысы бар» деп, газетін маған берді. Сондағы берген газеті осы.
- Өзім хат танымаймын, мен туралы айтқаны осы бір жерде болса керек,-деп Дайрабай газетін ұстап өкілдің қасына келді.Отырған жұрт дабыра сөзге кірді.
Сейіт (Мирас) : - Жолдас өкіл, Дайрабайдың арызын тындайсыз ба, әлде жиылыстарыңызды өткізесіз бе?
Есмұқамбет (Ерасыл): Осындай арыз бәрімізде де бар. Дайрабайдан тындасаңыз, бәрімізден де тындарсыз.
Жасыбай (Марғұлан): - Менің ұсынысым-арыз тоқталса екен, алдымен жиылыс өткізілсе екен. Күнкеш болып барады. Үйде өзімізден басқа мал қарайтын адамымыз жоқ. Көтереміміз бар, арық-тұрағымыз бар, жаман мезгіл, соқтығып, өліп қалуға мүмкін.
Дайрабай даурыққанмен, көпшілік жеңіп арыз тоқтатылып, сұрау басталды:
Сейіт (Мирас): Осы коллективтен шығуға бола ма? .
Өкіл (Жанболат): -Болады.
Сейіт (Мирас): - Ендеше мен шығам.
Өкіл (Жанболат): - Себебі?
Сейіт (Мирас): : - Себебі мынау, Дайрабайдың кебі менің басымда да бар, мал-мүлікте ерік болмады. Биыл тіккізіп киген бір жаңа тонным бар еді, ең арғысы соған иелігім болмады. Қайранбай дейтін ініміз ауданға баратын едім деп бір сұрап киді де, қайтып берместен кетті. Біз күн ұзақ мандайымыздан тер сыпырып жүріп кесіп істегенімізде, әлгі тегін жегендер ауыл қыдырып бос жүрді...
Сейіт (Мирас): - Ашып айтса несі бар, айтам: Ержақыпты қайтесің? Ержақып кесіп істеді деп айта аласың ба? Тепсе темір сындыратын жақсы-ақ жігіт. Міне,осындайларды тексерсеңіз екен... Сондықтан мен шығамын деп тұрмын.
Есмұқамбет (Ерасыл): - Жолдас өкіл, коллективке еріксіз кірген кісілер шыға алады деп жазыпты газетке, соны сіздер қолданасыздар ма?
Өкіл (Жанболат): - Әбден қолданамыз.
Сейіт (Мирас): - Орташа дәулетті адам шығамын десе, ұрыспайсыз ба?
Өкіл (Жанболат): Ұрыспаймыз.
Есмұқамбет (Ерасыл): - Ендеше мен шығам. Неге шығатынымды мен айтпаймын, сіз сұрамай-ақ қойыңыз.
- Айтсын,айтсын,- деген дауыстар шыға бастады.
Жасыбай (Марғұлан): - Ол кісінің шығатын себебін мен айтып бере алар едім.
Өкіл (Жанболат):- Айтсынба?
- Айтсын!- деп бәрі шулайды
- Жасыбай айтпасын, өзі айтсын.
- Жоқ, Жасыбай айтсын!..
Бірсыпыра жаң-жұңнан кейін Жасыбайға сөз беріледі:
Жасыбай (Марғұлан): - Жолдастар, мен басынан айтамын бұл азаматтың аты Айсары, әкесі Жанбура деген кісі. «Жанбура атқа мініп билік құрғанда, ел сілтідей тынды» дейтін шалдар...
- Әкесінде нең бар?
- Жасыбай жүрген жер бүлік!
-Жасыбай араздықпен айтып тұр,- деген сөздер көтеріліп кетті.
Жасыбай (Марғұлан): - Жоқ, жолдастар, мен араздықпен айтпаймын, білгенімді айтамын, Жанбураны білмегенмен Айсарыны білемін, Николай кезінде Айсарының алты жыл ауылнай болғанын,параны түйдек-түйдегімен алғанын білемін... Жалғыз мен емес, бәріңде білесіңдер... Іріткі салмаса, үйіне неге жасырын жиылыс шақырады? Ерсілі-қарсылы шаптырып, орыс-қазақтың есебін неге жинайды?..
Айсары (Келбет): - Жолдас, бір ауыз сөзге рұқсат етіңіз! Жасыбайдың мені құртам дегені жалғыз бүгін емес, бұдан он жыл бұрын еді, құдай сақтап әлі келем. Ажалым жетпесе, әлі де болса күн көрермін деймін. «Артельге кіру-кірмеу ерікті» деп партия орны айтыпты ғой, мен соған сүйендім...Ал, мен кеттім! -деп Айсары есікке қарай жүрді.
Бекзат: - Өзің кетпесең де, кетірейік деп отыр едік.
Есмұқамбет (Ерасыл): - Жасыбай осы сөзін бәрімізге де айтады ғой, одан да өзіміз кетейік.
Садуақас шал (Ділдәбек): - Мен де кетем.
Жұрт біртіндеп тұра бастады. Біреумен біреу ұстасып ілінісіп жатыр. Жаң-жұң дауыс. Жиылыс бастығы Ырысты аузын ашып аң-таң:
Айсары (Келбет): - Батыр-ау, бұлары несі? . Дүрліккен жұрт бірін-бірі жетектей келе, алпыс үш үйдің адамынан жиырмаға жетпейтін кісі қалды. Жасыбайдың тері самайынан сорғалай бастады. Қалған жиырма үйдің сегізі партия мүшесі, тоғызы комсомол. Партия ұясының, комсомол ұясының сонау көпшілікке аз болса да басшылығының болмағаны ма?..
Бекзат: - Бұл қалай болды, - деп сасып қалды.
Садуақас шал (Ділдәбек): - Қалай болсын, Айсары мен Садуақастың лаңы. Үгіт жүргізіп, бәрін толқытып отырған солар.
Өкіл (Жанболат): - Сендердің үгіттерің қалай? Ұйыстырған Кедейлерің қайда? Айсары құрлы болмағандарың ба?.
Ырысты (Мағжан): - Жоқ, олай түсінбеңіз, ол қате, - біздің ұйыстырған кедейіміз жоқ емес, кедейдің арасында біздің беделіміз күшті еді. Бірақ, осы науқан қатаң тиді. Шоқпарды кедейге салып алды. Кінәні ауданға артам, ауданның өкілдеріне артам.
Дайрабай (Айдын): - Ау, сендер неғып отырсындар?
Есмұқамбет (Ерасыл): - Неболды?
Дайрабай (Айдын): Не болсын, Садуақас пен Айсары жұртты иіріп, артельден шығындар деп азғырып жатыр ғой.
Ырысты (Мағжан): - Алдымен сөз шығарған, бүлік салған өзің, Айсары азғырмай қайтсін?!.
Дайрабай (Айдын): - Қой, Жасыбай, орынсыз кінәлама, Мен айтсам, артель басқармасының жолсыз жұмысын айттым. Артельден шығам деп айтқан жерім бар ма? Неге шығам артельден?.. Қуаласаң да шықпаймын!.. - деп Дайрабай асығыс тысқа шықты... Жұрт сан-сапалақ: бір шығып, бір кіріп жатыр. Жамала-жамала жұрттың басы тағы құралды.
Дайрабай (Айдын): - Жолдас өкіл, келетіндер келіп болды. Мен арызымды айтып бірсыпыра ашуымды тарқаттым. Ендігі қалғанын райкомге айтармын. Сіз жұмысыңызды бастаңыз. Осы жерде артельдің жартысы отырмыз. Бір колхозға аздық қылмас, қане, айта беріңіз, - деп күлімсіреді.
Ырысты (Мағжан): - Уа, құрып қалғыр, манадан бері сонынды айтсаң еді.
Дайрабай (Айдын): - Әлеке-ау,осыдан басқа менде сөз болушы ма еді? Кедейлер тобын керкейтпей, партияның етегінен ұстамай, Айсарының етегінен ұстайды деп пе едіңіз?- кішкене ойланып тұрды да:
- Жолдас өкіл, осы мен партияға кірсем ала ма? .
Өкіл (Жанболат): - Алғанда сізді алсын. Ендеше мен партияға кірем! Онда тізбеңе жазып қой: Дайрабай 1930 жылдың 1 апрелінен бастап коммунист болды де.
- Отырған жұрт ду күлді. Өкіл ортада тұрып артельдің жаңа уставын оқыды.