400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 15 материал табылды

Б.Майлин "Түйебай"

Материал туралы қысқаша түсінік
Іс -тәжірибе алмасу
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 6 «Ә»

Сабақтың тақырыбы: Б.Майлиннің «Түйебай» әңгімесіндегі Түйебай бейнесі

Сабақтың мақсаты

Сабақтың міндеттері:Түйебай бейнесіне талдау жасау арқылы шығарма идеясын ашу, жазушының кейіпкер бейнесін ашудағы шеберлігін таныту

Білімділік: «Түйебай» әңгімесі арқылы Түйебай бейнесін ашу

Дамытушылық: есте сақтау және зейінді дамыту

Тәрбиелік: адамгершілікке, ізгі қасиеттерге тәрбиелеу

Өткізу түрі: БжС «Ауызша сабақ- 2» технологиялық картасы

I кезең Ұйымдастыру кезеңі

Мақсатты айту

Карта бойынша жұмыс жасау реті түсіндіріледі

I ТСС 3 минут

II ТСЕС 1 мин.15 сек + / Осындай уақытта жазады /

III ҚҚС

IV Тест 1мин

V ТСҚ 5 мин (56 сөз )

Көшбасшыға сөз

Қабылдауды ұйымдастыру

Мәтінді түсініп оқуға беріледі.Оқушылар оқиды 3 минут, тірек сөздерді жазады,сәйкестендіреді.

Ұғынуды ұйымдастыру

(ТСС)Оқушылар тірек сөздерді сәйкестендіреді. Қоржынтомар, Құрақтыкөл, ауыл, шешесі, ескі қамыс, молда, зеректігі, Түйебай, тентектеу, малайлықта,жұлым- жұлым қара үй,

ООМ 1-бағалау. Пайызды анықтау.

Есте сақтау және зейінді дамыту1 мин.15 сек

II кезең ( ТСЕС) Тірек сөздерді жаттау 1 мин.15 сек және жазу 1 мин.15 сек

Дәптер алмасу «Қолдағы қалам қателік»

ООМ 2-бағалау. Пайызды анықтау.

III кезең (ҚҚС) Түсінудің алғашқы тексерілуі

Қарама қарсы сұрақтар матрицасы бойынша оқушылар сұралады.

1.Бейімбет Майлиннің әңгімесі неге «Түйебай» деп аталған?

2.«Түйебай» әңгімесіндегі мәселе

3.Әңгімедегі оқиға қай өлкеде болған?

4.Әңгіменің бас кейіпкері кім?

5. Түйебайдың молда оқуындағы жағдайы қандай еді?

6. «Сен бақыттысың ғой» деген сөзді аузымен айтпаса да, көзқарасы еріксіз білдірерлік еді дегенге қандай пікір айтасың?

7. Тәу,тәу ету - сөзінің мағынасы

8. Түйебайдың ата - анасының тұрмысы қандай?

9. «Шоқынып кетсем де, енді молданың алдын көрмеймін» деген қорытындыға неге келді?

10. Молданың алдынан кеткен Түйебайдың өмірі қалай жалғасты?

11. Молда неге Түйебайға өшікті?

12. «Аштан өлсем де, байдың қойын бақпаймын» деп, сол сағатында Түйебай неге айта алмады?

13. Мәтіндегі портрет пен пейзаж

14. Автор болсаң, «Түйебай» әңгімесін қалай аяқтар едің?

15. Түйебай қандай бала?

16. Егер де Түйебай бүгінгі заманда өмір сүрсе, өмірі қалай болар еді?

17. Молда алдындағы оқу мен қазіргі оқудың қандай айырмашылығы бар?

18.Не себепті Түйебай өз заманында құқығын қорғай алмады?

19.Молданың портреті

20.Шығарма мазмұны қалай, кімнің атынан әңгімеленеді?

21.«Түйебай» әңгімесіндегі кейіпкерлер

22.Табиғат көрінісі қалай аталады?

23. Әңгіме соңында молда оқуынан қашып кеткен Түйебай немен айналысады?

24. Әңгімедегі молда қандай адам?

25. Әңгіме дегеніміз не?

26.Түйебайдың бақытсыз балалық шағына кім кінәлі деп ойлайсыңдар?

27.Әділет сөзінің мағынасы

ООМ 3- бағалау.Пайызды анықтау. «-» алған оқушыларға көңіл бөлу.

Құтқару қармағы

IV кезең. (Тест) Алғашқы пысықтауды ұйымдастыру

Оқушылардың бірін бірі тестілеуі.Оқушылар өткен тақырып бойынша тест құрастырады және орынға отырғызу матрицасы арқылы сұралады.

ООМ 4- бағалау.

V кезең. (ТСҚ) Тақырыптық сөздік қор.( 5 мин)

Мазмұнын жазу, есте сақталған сөздерді жазу, әңгіме бойынша не ұққанымызды жазуға болады.

1) Матрицаны толтыру

2) Ең көп жазған оқиды (56 сөз)

Ең аз жазғаны оқиды. \ екі оқушы оқиды \

3) ТСҚ- ның пайызы есептеледі.

Талдау: Жұмыс істеу қабілеті жоғары балаларды мадақтау.

4-5 белгі – 5ұпай

3 белгі – 4 ұпай

2белгі – 3 ұпай

1 белгі -2 ұпай

Сапа нормативі оқушылардың 63% 5 ұпайдан алуы тиіс

Қорытынды

Үйге тапсырма: 4 белгіден кем алған оқушылар (Түйебайға мінездеме жазу)




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22.12.2017
560
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі