400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 20 материал табылды

Б.Момышұлы "Ұшқан ұя" 1-сабақ

Материал туралы қысқаша түсінік
Б.Момышұлы "Ұшқан ұя" 1-сабақ
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бөлім: Мектеп:

Махаббат және абырой

Күні: Мұғалімнің аты-жөні:


Сыныбы: 8 қатысқаны: қатыспағаны:

Сабақтың тақырыбы

Аты аңызға айналған батыр Бауыржан Момышұлы

«Ұшқан ұя» повесі

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

8.2.2.1 автор бейнесі мен кейіпкерлер қарым-қатынасының тілдік көрінісін талдау;

Сабақ мақсаты

Бауыржан Момышұлы «Ұшқан ұя» повесіндегі автор бейнесі мен шығарма кейіпкерлерінің қарым-қатынасын тілдік бірліктерге сүйене отырып талдау.

Бағалау критерийі

  • автор бейнесі мен кейіпкерлер қарым-қатынасының тілдік көрінісіне талдау жасай алады.

Ойлау дағдыларының деңгейі

Білу, түсіну

Тілдік мақсаттар

Оқушылар: шығарма авторының кейіпкерге деген қарым-қатынасын тілдік ерекшеліктерге сүйене отырып талдау жолдарын меңгереді.

Пән ерекшелігіне сай лексика мен терминология: фамилиясыз адам, автор бейнесі, кейіпкер мен автордың қарым-қатынасы, тілдік көрініс т.б.

Диалог пен жазылым үшін қажетті тіркестер: менің ойымша ..., автордың ойынша ..., мен ... ойлаймын т.б.

Құндылықтарды дарыту

Тарихтың, мәдениет пен тілдің біртұтастығы (6-құндылық)

Аталған құндылық сабақ тақырыбы арқылы оқушылардың топтаса және жеке отырып жұмыс жасаулары, сын тұрғысынан ойлай білу, ақпаратты өңдей білу, өзіндік көзқарасын дәлелдей алу дағдылары негізінде жүзеге асады.

Пәнаралық байланыс

Өзін-өзі тану пәнімен байланыс. Отбасылық құндылықтардың жеке тұлғаның қалыптасуындағы маңызы.

Алдыңғы білім

Б. Момышұлы өмір жолы мен шығармашылығы туралы білетін білімдерін тереңдетеді.

Сабақтың барысы:

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

1-7



















1.Ұйымдастыру кезеңі. Жағымды психологиялық ахуал. Қызығушылықты ояту мақсатында «Фамилиясы жоқ ұлы қазақ» мәтінінен үзінді беріледі. Оқушылар үзіндіні оқып, қарамен берілген сөздердің астарлы мағынасын талдайды.

Жазушы А. Бек Баукең атамызбен алғаш қалай танысқаны туралы осы кітаптың «Фамилиясы жоқ адам» (Человек, у которого нет фамилий) атты I бөлімде: «Танысқан кезінде ол аты-жөнін айтты. Жөнді есіте алмай, қайта сұрадым.

- Бауыржан Момышұлы, – деді ол тәптіштеп. Кәдімгі тілшінің әдеті бойынша дәптерді қолыма алып:

- Ғафу етіңіз, фамилияңыз қалай жазылады? – деп сұрадым.

- Менің фамилиям жоқ, – деді ол. Мен бетіне таңдана қарап едім, ол:

- Атым - Бауыржан. Әкем - Момыш, мен соның ұлымын, баласымын, түсіндің бе?-деді.

Оның үнінде астарлы бір зіл бардай, кейістіктің лебі жатқандай сезілді. Кейін, әбден танысып, сыр алысқан кезде ғана, оның не себепті өзін фамилиясыз адам деп есептейтінін ұқтым».

2. Үзінді арқылы сабақ тақырыбы анықталып, мақсаты мен бағалау критерийлері таныстырылады.

Оқушылардың назары сабаққа аударылады.








Үзінді арқылы сабақ тақырыбы анықталып, мақсаты мен бағалау критерийлері таныстырылады.

ҚБ









8-сынып «Қазақ әдебиеті» оқулығы

1-таратпа


Сабақтың ортасы

30 минут

3. Мағынаны тану. Жаңа сабақты меңгерту.

Т. 1-тапсырма.

1-қадам: «Тұлғаны таны» Б. Момышұлының суреті және автор шығармашылығы туралы мәліметтер таратылады.

Оқушылар автор бейнесі туралы ойларымен топ ішінде бөліседі.

2-қадам: Өзара талқылаудан соң топ спикерінің жауабы мына үлгіде болады:

  • Біздің ойымызша, автор бейнесі ...

  • Ойымызды былай дәлелдейміз:

1-аргумент -

2-аргумент -

3-аргумент –

  • Топтың ойын дәлелдей отырып мынадай қорытынды жасағым келеді: ...


3-қадам: топ спикерлерінің жауабын оқушылар бағалау критерийіне сай құрылған дескрипторлар арқылы бағалайды.

4. Мұғалім сындарлы кері байланыс береді.

Дескриптор

- үзінді мазмұнын талқылайды;

- сабақ тақырыбымен байланыстырады;

- талдау, тұжырым жасай алады.


Қабілеті жоғары оқушылар автор мен кейіпкерлер арасындағы қарым-қатынасты мәтінге сүйене отырып талдайды, ал қабілеті төмендеу оқушылар үзінді мазмұнын баяндаумен шектеледі.


Оқушылар автор бейнесі туралы ойларымен топ ішінде бөліседі.








Оқушылар автор бейнесі туралы ойларымен топ ішінде бөліседі.









Қабілеті жоғары оқушылар автор мен кейіпкерлер арасындағы қарым-қатынасты мәтінге сүйене отырып талдайды, ал қабілеті төмендеу оқушылар үзінді мазмұнын баяндаумен шектеледі.












ҚБ





ҚБ






ҚБ






2-таратпа






3-таратпа

















Сабақтың аяғы


5 минут

5. Тақырыпты қорытындылау үшін

оқушылар автор өмірі мен шығармашылығына байланысты

3 проблемалық сұрақ ойлап жазады. Жазған сұрақтарына ауызша жауап беріледі.


6. Рефлексия «Өз жауабын аргументтеу»

1.Мен сабақта ... жұмыс жасадым, себебі...

2.Сабақтағы жұмысыма мен ...

3.Сабақ маған ... көрінді.

4.Сабақ барысында мен...

5.Сабақ материалы маған...

6.Менің көңіл-күйім...


Дифференциация

Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау

Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Денсаулық және техникалық қауіпсіздікті сақтау

Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, оқу материалдарын таңдау және ресурстармен жұмыс жасауда оқушының жеке қабілетін ескеріп, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады. Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады.





Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдаланыңыз.

Денсаулықты сақтау технологиялары. Белсенді әдіс-тәсілдер мен сергіту жаттығулары.









Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
11 қаңтар
187
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі