400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 20 материал табылды

Б.Момышұлы "Ұшқан ұя" 6-сабақ

Материал туралы қысқаша түсінік
Б.Момышұлы "Ұшқан ұя" 6-сабақ
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бөлім: Мектеп:

ІІІ Махаббат және абырой

Күні: Мұғалімнің аты-жөні:


Сыныбы: 8 қатысқаны: қатыспағаны:

Сабақтың тақырыбы

Бауыржан Момышұлы «Ұшқан ұя» повесінің тарихи және көркемдік құндылығы

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

8.3.2.1 шығармадағы материалдық және рухани құндылықтарды заманауи тұрғыда салыстырып, жаңашылдығына баға беру;

Сабақ мақсаты

Бауыржан Момышұлы «Ұшқан ұя» повесінің бүгінгі күнмен байланысын аша отырып ұлттық, жалпыадамзаттық құндылықтардың заманауилығы мен жаңашылдығын бағалау.

Бағалау критерийлері

- шығармадағы материалдық және рухани құндылықтарды заманауи тұрғыда салыстырады;

- жаңашылдығын бағалайды.

Ойлау дағдыларының деңгейі

Жинақтау, бағалау

Тілдік мақсаттар

Оқушылар: роман мазмұнындағы құндылықтар жүйесін талдау, бағалау тәсілдерін үйренеді.

Пән ерекшелігіне сай лексика мен терминология: материалдық және рухани құндылықтар, заманауилығы мен жаңашылдығы т.б.

Диалог пен жазылым үшін қажетті тіркестер: менің ойымша ..., автордың ойынша ..., мен ... ойлаймын т.б.

Құндылықтарға баулу

Тарихтың, мәдениет пен тілдің біртұтастығы. Елжандылық, толеранттық, ұлтжандылық тәрбие.

Пәнаралық байланыс

Өзін-өзі тану пәнімен байланыс. Отбасылық құндылықтардың жеке тұлғаның қалыптасуындағы маңызы.

Алдыңғы білім

Шығарма авторының кейіпкерге деген қарым-қатынасын тілдік ерекшеліктерге сүйене отырып талдау жолдарын меңгерді.

Сабақтың барысы:

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

5 мин.












Сабақтың ортасы

30 мин.

1.Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылар түгенделіп, назары сабаққа аударылады.

2. Оқушылар сабақтың басында «Ұшқан ұя» романының мен үшін маңызы, жастар үшін маңызы, қоғам үшін маңызы деген сұрақтарға жауап іздейді, топ ішінде аз-кем талқылау жасайды. Ұлттық, жалпыадамзаттық құндылықтармен байланыстырады. Бірнеше оқушының жауабы тыңдалады.







3. Мағынаны тану. Жаңа сабақты меңгерту.

1-тапсырма.

1-қадам. Оқушылар «Әдеби шеңбер» әдісі бойынша рөлдерін бөліп алады.

Талқы себепшісі (романдағы құндылықтардың көрінісіне қатысты 3-4 сұрақ құрастырады)

Белгілеуші (мәтіндегі ең маңызды деген ақпараттарды жинап белгілейді)

Байланыстырушы (сұрақ пен шынайы өмір арасындағы 2 байланысты табады)

Бағалаушы (шығарманың заманауилығы мен жаңашылдығын бағалайды)

Қорытындылаушы (барлық жауапты байланыстырып қорытынды жасайды).

2-қадам. Рөлдеріне сәйкес қайтадан топтасады: Талқы себепшілері бір топқа, Белгілеушілер бір топқа т.т. Жауаптарын ортаға салып талдау жасайды. Өз топтарына толық, жан-жақты жауап үлгісін қалай жеткізуге болатынын ойласады.

3-қадам. Қайтадан алғашқы топтарына барып рөлдеріне сай тапсырма жауабын ұсынады.

Дескриптор:

романдағы құндылықтардың көрінісіне қатысты 3-4 сұрақ құрастырады;

мәтіндегі ең маңызды деген ақпараттарды жинап белгілейді;

сұрақ пен шынайы өмір арасындағы 2 байланысты табады;

шығарманың заманауилығы мен жаңашылдығын бағалайды;

барлық жауапты байланыстырып қорытынды жасайды.

ҚБ

Бекіту. Тақырыпты қорытындылау мақсатында шығармадағы «1 жағымды, 1 жағымсыз, 1 даулы» мәселені анықтайды.


Оқушылар сабақтың басында «Ұшқан ұя» романының мен үшін маңызы, жастар үшін маңызы, қоғам үшін маңызы деген сұрақтарға жауап іздейді, топ ішінде аз-кем талқылау жасайды.



Талқы себепші

Белгілеуші –


Байланыстырушы

Қорытындылаушы-

Суреттеуші -






ҚБ



























ҚБ





8-сынып «Қазақ әдебиеті» оқулығы






Б. Момышұлы «Ұшқан ұя»

Сабақтың соңы

5 мин.

6. Кері байланыс. «Сабақ нәтижесі бойынша комплимент айтқым келеді: сабаққа, сыныптасыма, жазушыға т.б.»


Дифференциация

Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау

Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Денсаулық және техникалық қауіпсіздікті сақтау

Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, оқу материалдарын таңдау және ресурстармен жұмыс жасауда оқушының жеке қабілетін ескеріп, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады. Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады.





Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдаланыңыз.

Денсаулықты сақтау технологиялары. Белсенді әдіс-тәсілдер мен сергіту жаттығулары.






Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
11 қаңтар
190
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі