Материалдар / Б.Момышұлы "Ұшқан ұя" кітабы бойынша оқырман сағаты
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Б.Момышұлы "Ұшқан ұя" кітабы бойынша оқырман сағаты

Материал туралы қысқаша түсінік
"Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында ата-аналармен Б.Момышұлының "Ұшқан ұя" кітабы бойынша оқырман сағаты өткізілді. Ата-аналар белсенді қатынасты.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
30 Қараша 2021
1257
5 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Педагогтің Т.А.Ә.

Бисенова Л.Б.

Күні:


Қатысушылар:

6а сыныбының ата-аналары

Тақырыбы:

«Оқуға құштар мектеп» жобасы

Б.Момышұлы «Ұшқан ұя» кітабы

Мақсаттары:

Кітап мазмұны туралы пікір алмасу, ата-аналардың кітап оқуға деген қызығушылықтарын арттыру.

Өткізілу түрі:

ZOOM платформасы арқылы

Шараның әдісі:

Оқырмандар конференциясы

Шара барысы

Шараның кезеңі

Педагогтің әрекеті

Ата-аналар әрекеті

Ресурстар

1.Ұйымдастыру. «Оқуға құштар мектеп» жобасы туралы.

Мұғалім баяндамасы:

Құрметті ата-аналар,мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінде берген тапсырмасына сәйкес  БҒМ «Оқуға құштар мектеп» жобасын бекіткен болатын. «Оқуға құштар мектеп» жобасының аясында көркем әдебиеттер тiзiмi 4 бағыт бойынша жүзеге аспақ. Яғни олардың қатарына еліміздің үздік классиктерінің кітаптары, ана тіліне аударылған шетелдік әлем әдебиетінің жауһарлары, сонымен бірге қазіргі заманғы ақын-жазушылардың кітаптары енетін болады. Абай атындағы мектеп-гимназиясы да осы жобаның негізінде үш бағыттағы жұмысты жоспарлап өткізуде: «Педагог кітапханасы», «Оқырман ата-ана», «Оқушының кітап әлемі».

Ата-аналармен ұйымдастырылатын «Оқырман ата-ана» сағаты бойынша сіздермен Б.Момышұлының «Ұшқан ұя» шығармасы таңдалған болатын.

Бүгін осы кітап төңірегінде әңгіме өрбітпекпіз.

Тыңдайды.

Б.Момышұлы «Ұшқан ұя» кітабы

2. Бауыржан туралы арнайы бейнебаян көрсету.

Б.Момышұлы туралы бейнебаянға назар аударайық. (бейнебаян көрсетіледі.)

Сілтеме: https://youtu.be/TAA6rf-hGY0

Бейнебаянды тамашалайды.

Бейнебаян

3. «Ұшқан ұя» кітабы туралы слайд, сұрақтар.

Бауыржан Момышұлының "Ұшқан ұя" повесі (1974) — халқымыздың XX ғасырдың басындағы этнографиялық энциклопедиясы іспетті аса құнды, қазақ руханиятының қазынасы. Салт-сана, дәстүр, ұлттық келбеті өте шынайы суреттеледі. Бауыржан Момышұлы Мемлекеттік сыйлыққа (1976) ие болған «Ұшқан ұя» кітабында он алтыншы жылдың дүрбелеңі мен күштеп ұжымдастыру кезіндегі тартыстар батыл айтылып, Кеңес өкіметі қалыптасуының алғашқы жылдары кеңінен қамтылған.

«Ұшқан ұяда» әлем тарихы,жаратылыс шежіресі, жан-жануарлар болмысы,қауымының қалыптасуы, әлемнің пайда болуы, тірлік, өмір туралы алғашқы мағлұматтарды,азаматтық тұрғыдағы аңыз-әңгімелерді әжесінен естігенін үлкен сүйіспеншілік сезімен есіне алған,сондай-ақ ненің жақсы, ненің жаман екенін, нені сүйіп, неден аулақ жүруді әжесінен үйренгенін мақтан етеді. Әкесі Момыш өз бетімен сауат ашқан, сол кездегі көзі қарақты адамдардың бірі болған. Ел арасында ағаш ұстасы және етікші, зергерлігімен танымал болатын. Бауыржан 3 жасқа келген соң анасы Рәзия қайтыс болады да, әжесі Қызтумастың қолында өседі.

Кітапты оқыған болсаңыздар, сіздерге мазмұны бойынша сұрақтар беріледі:

Сұрақтар:

  • Шығармадағы кейіпкерлер туралы не білесіздер?

  • Шығармада Бауыржанның атасы мен әжесі, әкесі мен анасы қалай бейнеленген?

  • Бала Бауыржан туралы не айта алар едіңіз? Бауыржанға берген бата қабыл болды деп ойлайсыздар ма?

  • Бауыржанның әжесінің айтқан ертегілері, ғибратты әңгімелерінің бүгінгі уақытта маңызы бар ма? Ұлттық тәлім-тәрбиенің өнегесін байқадыңыздар ма?

  • Кітапта ауыл тіршілігі қандай көрініс тапқан?

  • Қай кейіпкер ерекше ұнады? Неліктен?

  • Шығарма неліктен «Ұшқан ұя» аталған?

Кейіпкерлердің іс-әрекетін негізге ала отырып жауап береді.

Имаш- Бауыржан Момышұлының атасы, орта бойлы, орақ мұрын, от жанарлы, шымыр шал Имаш 1911 жылы 92 жасында дүниеден өткен.

Қызтумас – әжесі, ертегіші, салт -жоралғыны көп білетін, ел анасы. Бауыржан әжесін ерекше жақсы көреді.

Момыналы – Бауыржанның әкесі, жұрт Момыш деп кеткен. Жасынан өлеңге жақын, еті тірі,орысша хат таныған.ағаш ұста, зергер, етікші, аймаққа әйгілі сыйлы адам.

Рәзия – Бауыржан Момышұлының анасы, Байтана руынан Әбдірахманның қызы, Бауыржанның үш жасында қайтыс болыпты.

Момынқұл – әкесінің кенже інісі, ұзын бойлы, дөңгелек қара көзді, кертпе мұрындау, астыңғы ерні дүрліктеу, аққұба жігіт.Қыңыр мінезді, епті, алаңғасар, қаракүш, "Таубұзар", әжесінің айтуынша Серкебай нағашысына тартқан.

Төлебай – Момыштың ағасы, ұзын бойлы, кең жауырынды, тәмпіш мұрын шал, Құрмангүл деген қызы қалды.

Үбіш – Рәзияның тұңғышы, Үбиан, Сәлима, Әлима– Бауыржан Момышұлының әпкелері.

Серкебай – әжесінің інісі, нағашысы, алпысқа келіп қалған, күрт мінез ашуы адырайып тұрған қатал кісі. Етсіз қыр мұрыны, қысыңқы көз, ашаң жүзді, қияқтай мұрты екі езуін жиектеп, селдір ұзын сақалы кеудесіне түседі. Айналасын айбарымен меңдеп алатын өркөкірек, ескі дәуірдің қатал әміршісіндей.

Қожамқұл – ауылдағы жалғызбасты жарлы адам. 1916 жылы қара жұмысқа алынды.

Орманқұл – Бабастың кенжесі, орта бойлы, атжақтау,қалың қара қасты, мұнаркөз, қыр мұрын, қара мұрт, қабасақал жігіт, күйші.


Интербелсенді тақта.

Слайд.

4. Кері байланыс.

  1. Бүгінгі оқырман сағатының сіз үшін пайдасы болды ма?

  2. Келесі кездесуімізге ұсынысыңыз.

«Ұшқан ұя» повесі – Бауыржан Момышұлының жазушылық өнерге барар жолдағы табысты туындысы. Оқырмандар Б.Момышұлының Ұлы Отан соғысы тақырыбына арналған шығармаларынан даңқты офицерді көрсе, мына повестен оның шыққан ортасын, балалық шағын анық көре алады. Ол осы туындысы арқылы парасатты әже мен адамгершілігі мол әкеге, Зейнеп пен ел еркесі Аққұлаға, әрі халқымыздың дәстүріне үлкен ескерткіш орнатқандай болды.

М.Қаратаев

Өз пікірлерін айтады.




Бисенова Лаззат Бирлесовна

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Батыс Қазақстан облысы

Ақжайық ауданы

Абай атындағы мектеп-гимназия













Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!