МКҚК «Балдырған»
бөбекжайына 10 жыл толу мерейтойына
арналған
мерекелік
концерт
-
(Күй ойнап тұрады, Маржан мен
Гүлім көрермендер жағынан келіп шашу шашып, сахнаға көтеріледі,
шашу шашылып жатқан уақытта сахнаның сыртында өлең
оқылады)
Райхан:
Атағы алты қырдан асқан
мекен.
Болашаққа сәтті қадам басқан
мекен.
Жетістігін жырлайтын ақын
болса,
Алпыс күн айтарлықтай дастан
мекен.
Ұрпақ үшін қызмет атқарсын
деп,
Үлкендер бата беріп, ашқан
мекен.
Дастан:
Бүгін халқым 10 жыл толдық,
жыр етем,
Шаңыраққа толсын бақыт,
берекең.
Бүлдіршіндер өрістесін,
өрлесін
Құтты болсын 10 жыл толған
мерекең!
-
«Шашу» биі. (Маржан,
Гүлім)
-
(Жүргізушілер ортаға
шығады)
Дастан: Ассалаумағалейкум ардақты
ағайын!
Райхан: Қайырлы күн, қадірлі
көрермендер!
Дастан: 10 жылда іргесі бекіп, керегесі кеңейген,
бірлігі жарасып, ырысы тасыған «Балдырған» бөбекжайының мерейтойына
арналған мерекелік кешіне қош
келдіңіздер!
Райхан: Мерекелік кешіміздің алғашқы
құттықтау сөзін «Балдырған» бөбекжайының директорына
беріледі.
Райхан:
Кең байтақ, көз жетпейтін
жерім менің
Таулы орман, жасыл жайлау
көлім менің
Бүгінде бар әлемге даңқың
жетті.
Тәуелсіз Қазақстан елім менің,
- деп құттықтау сөз және марапаттау білім бөлімінің басшысына
беріледі
Сіздерді естелік суретке
түсуге шақырамыз.
-
Дастан:
Бөбекжайымыздың ашылған
кезеңінде еңбегі елеулі азаматтарымыз да бүгінде ортамызда. 10 жыл
бойы сол сенімді арқалап келе жатырған білім мен тәрбие ордасының
сіздерге айтар алғысы ерекше.
Сіздерді естелік суретке
түсуге шақырамыз.
-
Дастан:
Биіктерге бастайтын
асқаралы,
Әр жүректің сүйікті, асқақ
әні.
Мерекеде біздермен тілегі
бір
Шақырайық қошеметпен
балаларды.
(Бүлдіршіндер шығады,
тақпақтарын орындайды)
Меруерт: Құрметті қонақтар! Бүгінгі
бөбекжайымыздың 10 жыл толу мерейтойына қош келдіңіздер. Тәрбиеші
апайларымызға үлкен алғысымызды айтамыз. Біз бөбекжайға тарыдай
болып кіріп, таудай болып шыққалы отырмыз. Әдепті, ақылды, білімді
болып өскеніміз тәрбиеші апайларымыздың арқасы. Тәуелсіздік қыраны
көгімізде шарықтай берсін. Біз бүлдіршіндер бөбекжайымызды мақтан
етеміз.
Қайырхан: Воспитатель милый
самый
Помогает нам и
учит
Мне она почти как
мама
И детсад наш самый
лучший
Айгерім: Күлімдеген күн
нұрындай
Тәрбиеші
анамыздай
Білім менен
тәрбиенің
Ордасына
айналғандай
Бақшамыздың
мақтанышы
Биік ұстар ар
намысты
Біз балдырған
ұландармыз
Шырқайтұғын ән мен
жырды
Диар: Today/s the day (Тудейс
дей)
We get to
say (Уи гет ту
сей)
We wish
happy (Уи уиш
хаппи)
To our gardens
birthday (Ту ауэ гаденс
дей)
Аружан: Көшелерден біз
өткен
Ата көрсем жақын
кеп
Сәлем берем
ізетпен
Ассалаумағалейкум
деп
Алдан әже
жолықса
Бөгелем деп
әдейілеп
Сәлемдесем сол
тұста
Есенсіз бе, әжей
деп
Кім кезіксе
көшеде
Таныс емес
демеймін
Аға, тәте,
көкеге
Сәлеметсізбе
деймін.
Ән:«Балабақша»
Дастан:
Тойларың тойға ұлассын,
балдырғандар.
Жырымен жақсылардың
тыныстаңдар.
Ұрпағың ұлтын сүйіп, жұртын
ойлап,
Қашанда ел басқарып, ту
ұстаңдар
-
«Қолшатыр» биі
(бүлдіршіндер орындауында)
-
Дастан: Қазақта «Бірлігі жоқ ел тозады, бірлігі күшті
ел озады» деген мақал бар. Бірлігі жарасқан ел екендігіміз
ауызбіршілігіміздің арқасы. Әр шаңырақтың өз иесі бар болса, әрбір
білім ордасының да тұғырының мықты болуы білікті басшыға
байланысты.
-
Райхан:
Бөбекжайымыз ашылған кездегі
алғашқы қарылғаштары, біздің алдымыздағы кешегі кішкентай ғана
бүлдіршіндер, былдырлаған бал тілімен ән салып, би билеп жүрген
балдырғандарымыз бүгінде 10 жасқа есейіп, өздерінің болашаққа
алғашқы қадамы қаланған сүйікті балабақшасына келіп отыр. Алғашқы
түлектеріміз бүгінгі күні мектебіміздің мақтанышы, білім, өнер,
спорт салаларында аудандық, облыстық, республикалық байқаулардың
жеңімпаздары.
(слайд, балалар
жетістіктері)
Дастан:
Береке мен бірліктің басын
құрап
Жүрген жандар жайқалған жасыл
құрақ
Бітіргелі бақшасын 10 жыл
бопты,
Сағынысып кездесу – асыл-мұрат
– деп, ортаға қошеметпен бөбекжайымыздың алғашқы түлектерін
шақырамыз.
-
Райхан:
Шаттық күнді талай бірге
жырластық,.
Қырға ассақ та ұжым болып
қырға астық.
Бірімізге тілекшіміз
бәріміз,
Бір ұжымбыз, бір мақсатта
бірлестік.
Бүгінгі күн сіздерге де
қуаныш
Құтты болсын қуанышың,
әріптес!
Келесі құттықтау сөзі балабақша меңгерушілері
атынан
______________________________________________________________
беріледі.
-
Дастан: Тәрбиеші болу- шеберлікті, икемділікті,
жан-жақты білімділікті, ерекше мейірімділікті, шыдамдылықты,
жауапкершілікті қажет ететін мамандық. Балалардың ой-өрісін
дамытуға, олардың қиялына қанат бітіріп, тіл байлықтарының молаюына
тәрбиешілердің сіңірер еңбегі орасан зор. Бөбекжайымыздың барлық
қызметкерлері де балаларға білім мен тәрбие беру саласында аянбай
қызмет етіп келеді. (слайд)
-
Өзбек
биі (Гүлдана, Айзада,
Бекзада)
-
Ертегі «Патшаның үш қызы»
(тәрбиешілер)
-
Дастан: Арамызда жүрген жақсы адам өмірден өтіп кетсе
де, көңілден ешқашан өшпек емес. Оның артында ұстамы жақсы ұрпақ,
қабырғаны қайыстырған қимастық пен Алатаудай сағыныш қалатыны
сөзсіз.
Райхан:
Адамның асыл қасиеті, ақыл-парасаты көзі
тірісінде емес, өзі өмірден озғанда айқынырақ бағалана ма деп
ойлайсың. Қазір сіздің айтар ақылыңыз, әрбір істі шешердегі
сабырлығыңыз, турасын кесіп айтар нақтылығыңыз жетіспей, орныңыз
үңірейіп, ойсырап тұрғандай. Кез келген қиын жағдайда тығырықтан
шығар жолды ойланып, толғанып, ақыл таразысына салып, ең соңында
кесімді пікірін қысқа ғана тұжырымдау – сізге ғана тән асыл қасиет
еді.
Дастан:
Адамдарға ұдайы шапағат нұрын шашып, әркімнің
жетістігін іштей бағалап әрі байсалды мінезбен ақырын ғана мынаны
былай ету керек еді деген ықыласын білдіруші
еді. Осынау 10 жыл уақытта маңдай терін жұмысына
арнаған ағайды сағынышпен еске
аламыз. (слайд)
Ән:
«Ағаларым»
-
Райхан
Бала үшін дүниеде ең жетілген, білімді де,
мәртебелі адам – оның ата – анасы. Бүгінгі мерекеде біздермен бірге
10 жыл бойы бала тәрбиелеуде күш жұмсап, мерекелік ертеңгіліктерге
қатысып, бөбекжай мен отбасы ынтымақтастығын орната білгендері үшін
барлық ата – аналарға алғысымыз
шексіз.
Дастан:
Бүгінгі мерекеге жақсы тілегімді, жүрекжарды
жылы лебізімді білдіремін деп келіп отырған ата – аналарымыз да
бар. Сіздерді қошеметпен ортаға
шақырамыз.
-
16 қыз
әні (ата – аналар
атынан)
-
Дастан:
Жүзімізде тұнып шаттық
арайын.
Қуаныштан әсем әнге
салайын
Мерекеңіз құтты болсын
бүлдіршін.
Мерекеңіз құтты болсын
ағайын!
Райхан:
Күннен күнге, жылдан жылға
көркейіп,
Қуанышпен келешекке
беттейік
Аман – есен күліп ойнап
бәріміз
Мерекеден мерекеге
жетейік!
-
Хор «Мерекем»
әні
Дастан:
Бүгін бізбен бірге болып, алтын
уақыттарыңызды қиып, бөбекжайымыздың мерейтойына арнайы келіп
қатысқандарыңыз үшін алғысымызды
айтамыз.