Тақырып бойынша 11 материал табылды

Болады , болмайды

Материал туралы қысқаша түсінік
Психологиялық ойын
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Болады- болмайды» ойыны

Күн тәртібінде

Күні: Қазан

Қатысқан саны:

Мақсаты: Балаларға өрттің қаншалықты қауіпті екендігі туралы түсіндіру, оттың тілсіз жау екенін ұқтыру. Өрттен, оттан сақтану жолдарын өт өшіретін құралды пайдалануды, адам өміріне өрттің зиянды екенін біле отырып сіріңкені, тұрмыстық–техникалық заттарды пайдалану кауіпсіздік ережелерін айтып үйрету. Балаларды өрттің алдын алуға ынталандыру, қоршаған ортаны қорғауға тәрбиелеу.

Сахнада «Мақта қыз бен мысық» туралы ертегіден үзінд қойылады:

Мақта қыз бен мысық уйінде ойнап жүреді, мысық сіріңке тауып алады, Мақта қыздың айтқанын тыңдамай сіріңкені жағады, үйде өрт пайда болады.

Жұмбақ жасыру:

1. Үйде тұр бір жұлдыз

Ол барда түн күндіз (Электр шамы)

2. Тоққа тисе мұрты ұзын

Табанымен жазық,

Киімдердің қыртысын,

Береді тез жазып (Үтік)

3. Қоңырауын ұрады,

Дабыл қағып безектеп (Телефон)

Жүргізуші: Балалар үйде өрт болғанда қандай номерге хабарласамыз?

- Өртті қандай жолдармен сөндіреміз? (сумен, құммен)

Ойын: «Сумен өртті сөндір»

- Сумен сөнбеген жағдайда не істейміз?( тығылып қалуға болмайды, тез арада далаға қарай еңбектеп қашу керек, мұрынды ауызды сулы шүберекпен басып шығу керек)

Ойын: «Еңбектеп өрттен қаш»

Ғажайып сәт «Өрт сөндіргіш» адам келеді

Өрт туралы мәлімет береді

Ойын: «Болады болмайды»

Ойынның шарты: Қолдарыңа мына бағдаршамның түстерін алыңдар. Қызыл түсті – болмайтын жағдайда көтересіңдер, ал жасыл түсті – болатын жағдайда көтересіңдер.

· Өрт болғанда 101 нөміріне қоңырау шалуға............

· Жанып тұрған сіріңкені тастауға............

· Үлкендерді айқайлап көмекке шақыруға..........

· Өрт шыққан жерде қалуға.........

· Өрт кезінде керует астына, шкаф ішіне тығылуға............

· Өрт кезінде есік, терезені ашуға.............

· Басымызды, бет – аузымызды ылғал сүлгімен орауға............

· Өрт кезінде жарға, еденге су шашуға...........

· Лифтіні пайдалануға..........

· Қорықпай өрт сөндірушінің айтқанын тыңдауға..............

· Көршілерден көмек сұрауға............

· Өрт кезінде газды, жарықты, тоққа қосылатын құралдарды қосуға..........

Өрт туралы қандай өлең жолдарын білесіңдер?

Әлтәйр:

От жақпа күйерсің

Өртеніп жүрерсің

Сіріңкені ұстасаң

Бәлеге сен түсерсің

Ұлдана:

Тату өскен баламыз

Айтқан тілді аламыз

Нанға кетсе анамыз

Үйде өзіміз қаламыз

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
19.02.2025
114
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 11