400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Болашақ балабақшадан басталады»

Материал туралы қысқаша түсінік
Бала дегеніміз – болашақ. Кішкентай бүлдіршіндерімізді қалай тәрбиелесек, болашағымыз солай болмақ. Келешегіміздің қожасы балаларымызды білімді де тәрбиелі, кішіпейіл де, қарапайым етіп тәрбиелеу өз қолымызда. Ұл тәрбиелей отырып, жер иесін тәрбиелейміз, қыз тәрбиелей отырып, ұлтты тәрбиелейміз. «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Алматы облысы

Сарқан ауданы

Сарқан қаласы

«Балдырған» бөбекжай бақшасы

Мергембаева Жанар Куляновна тәрбиеші

«Болашақ балабақшадан басталады»

  Бала дегеніміз – болашақ. Кішкентай бүлдіршіндерімізді қалай  тәрбиелесек, болашағымыз солай болмақ. Келешегіміздің қожасы балаларымызды білімді де тәрбиелі, кішіпейіл де, қарапайым етіп тәрбиелеу өз қолымызда. Ұл тәрбиелей отырып, жер иесін тәрбиелейміз, қыз тәрбиелей отырып, ұлтты тәрбиелейміз. «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек. Тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі» – дейді Әл-Фараби. Жас ұрпақты отансүйгіштікке, ата-баба салт-дәстүрін құрметтейтін ұрпақ тәрбиелеу баршаға бірдей міндет.

Қазақ халқы бала тәрбиесіне үлкен мән берген. «Әке көрген оқ жонар, ана көрген тон пішер» деп қыз тәрбиесін анасына, ұлды әкесіне табыстаған. «Жеті атасын білген жетелі» - деп жеті атасын жаттатқызған. Ұлдарын халықтың аңыздары мен жырларын тыңдатып, халықтың ұлы болуға баулыған. Қызарына отбасының ұйытқысы болуды ғана емес, ұлт тәрбиесін жалғастыруды, сақтауды үйреткен. Осы ұлы тәрбиенің нәтижесін ұрпақтар жалғастығынан көруге болады. «Бұтағымен ағаш сымбатты, ұрпағымен адам қымбатты» деген қазақ даналығында нақыл сөз бар. Осы қағиданы берік ұстаған ата-бабаларымыз ұрпақ жалғастығын, үбірлі-шүбірлі болуды өмірдің мақсаты, мұраты санаған.

Мектепке дейінгі жастағы балаларға ұжымдық тәрбие беруді қалыптастырған балабақшаның бүгінде маңызы зор. Ата-аналардың жақсы тұрмысқа ұмтылуы, олардың жұмыс бастылығына алып келді. Қазіргі таңда бала тәрбиесін сеніп тапсыруға болатын қауіпсіз, баланың жан-жақты болуын қамтамасыз ететін балабақшалардың көптеп ашыла бастағаны көңіл қуантады.

Ұжымдық тәрбиенің қоғамға пайдасын сезе білген мемлекет еліміздегі балабақшаларды көбейте бастады. Жас ұрпақтың қабілеті мен бейімін анықтау, жетілдіру мен қалыптастыру балабақшадан бастау алады. Осы орайда бала тәрбиелеуде тәрбиешілердің еңбегі орасан зор. Сапалы білім мен өнегелі тәрбиені әрбір бүлдіршіннің бойына сіңіру – балабақша тәрбиешілерінің алдына қойған басты мақсаты. Келешек қоғам иелерін ақыл-парасаты мол, мәдени-ғылыми өрісі озық етіп тәрбиелеу – біздің де қоғам алдындағы борышымыз. Болашақ балабақшадан басталады. Асыл қазынаға жол бастап зерделі ұрпақ тәрбиелеуде, ата-ана мен педагогтардың аянбай еңбектенуі тиіс.

Бала тәрбиесі жауапты іс. Біздің әрқайсысымыздың басты міндетіміз – кішкене бүлдіршіндеріміздің бақытты балалық шағы, лайықты білім алуы және Отанымыздың толыққанды азаматына айналуы. Тек қана, білімді және тәрбиелі ұрпақ Қазақстан халқының мақтанышы болмақ. Болашақ балабақшадан басталады. Олай болса, баласы балабақшаға баратын ата-ана, өзінің баласының барып жүрген балабақшасының қызметкерлерін, балабақша ішіндегі тәртібін сыйлап, құрметтесе екен.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
18 қараша
377
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі