400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 17 материал табылды

Болашақ бүгінен басталады

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдерге
Материалдың қысқаша нұсқасы

Болашақ бүгіннен басталады

«Егер шеберліктің шыңына жете білсеңіздер-мамандықтың бәрі жақсы» - деп жолдауда айтылғандай болашағымыз жарқын болу үшін әр окушы өз мамандығын мектеп қабырғасында жүргенде – ақ бағдарлауы керек. Бүгінгі таңда қоғамның басты талаптарының бірі әр азаматтың өмірде өз орнын тауып, еңбекке адал, саналы қатынасуы болып табылады. Аршаты орта мектебінде оқушыларды мамандыққа баулу кәсіптік бағдар беру мақсатында түрлі кездесу кештері, тақырыптық сауалнамалар, дөңгелек үстелдер өткізіліп отырады. Осындай шаралардың бірі студенттермен кездесу кеші. Өз басым кездесу кешінен алар көп деп ойлаймын. Кездесуде студенттерге оқушылар өз көкейлерінде жүрген сауалдарын қойып , әр түрлі мамандықтың маңызы мен мәні туралы түсінік алады. Мамандықтың ерекшелігі,оның қоғамда алатын орны туралы түсініктер беріледі. Мен бала кезімнен қаланың қарбалас өмірінен гөрі, таза ауада жылқымен бәйге шауып, көкпар ойнайтын ауылдың өмірін ұнатамын.

Кәсіп - адамның қабілеттілігі мен бейімділігіне қарай бір іспен айналысуы. Үш жасымнан бастап құлын мініп, әкемнің қасында ат баптап жүріп, мені осы сала қызықтыратынын, атқа мінсем кеудемді қуаныш сезімі кернейтінін түсінгендей болдым. Мен өскенде туған жерге тумды тіксем деймін. Жылқы асырап, қазақтың көне кәсібін жандандырсам деп армандаймын. Атқа міну мәдениеті бізде дамығандығын, осы саланы дамыту керектігін Елбасымыз өзінің «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында да атап көрсетті. Меніңше кез келген салада жетістікке жету үшін өз ісіңді сүйіспеншілікпен адал атқарып, ерінбей еңбек ету. Аршаты орта мектебінің ұстаздар қауымы әрбір оқушының жеке қабілеттері мен ерекшеліктерін, мүмкіндіктерін, шеберлігін, қызығушылығын ескеріп бағыт-бағдар беруден жалыққан емес. Қазіргі таңда мемлекетіміздің жасап жатқан жақсылықтары –жастардың болашағы үшін екенін түсінуіміз керек. Ендеше келешектің иесі бүгінгі ұрпақ тек білім алып қана қоймай, келешектің көкжиегіне қол жеткізетін мамандықтарды таңдай білуіміз керек.

«Аршаты орта мектебі»

9-сынып оқушысы

Нығметолдинов Бекнұр Әділжанұлы



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
5 наурыз
582
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі