400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

БОЛАШАҚ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ КӘСІБИ ҚҰЗЫРЕТТІЛІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазіргі заман педагогінен тек өз пəнінің терең білгірі болуы емес, сонымен қатар ол танымдық, педагогикалық-психологиялық сауатты, саяси-экономикалық білімді жəне инновациялық технологияны жан-жақты меңгерген, жоғары мəдени, педагог атағына ие, кəсіби құзырлы маман болу талап етілуде
Материалдың қысқаша нұсқасы

БОЛАШАҚ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ КӘСІБИ ҚҰЗЫРЕТТІЛІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ


Сарсембаев Бауыржан Серикжанулы

«М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі» КМКҚ

ШҚО, Семей қаласы


Қазіргі заман педагогінен тек өз пəнінің терең білгірі болуы емес, сонымен қатар ол танымдық, педагогикалық-психологиялық сауатты, саяси-экономикалық білімді жəне инновациялық технологияны жан-жақты меңгерген, жоғары мəдени, педагог атағына ие, кəсіби құзырлы маман болу талап етілуде [1].

Құзыреттілік – педагогикалық ұғым, əлеуметтік ерекше қабілет, оның əртүрлі түсініктері мен əр қырлы сипаттамаларын талдау арқылы біз болашақ дене шынықтыру пəні мұғалімдерінің педагогикалық құзыреттілігінің мəні мен құрылымдық көрсеткіштерін анықтадық [2].

Педагогтерді  өзгерістерге  дайындау, олардың кәсіби құзіреттілігін дамыту  біліктілікті арттыру жүйесінің еншісі.

Дене шынықтыру пәні мұғалімінің ерекшелігіне байланысты оқытылатын пәннің теориялық мазмұнын жетік біліп,  оны оқушыларға жеткізе алатын кәсіби құзыреттілігі болмаса, ондай мұғалімнің еңбегі нәтижелі бола алмайды.

Дәстүрлі білім беру жүйесінде білікті мамандар даярлаушы кәсіби білім беретін оқу орындарының басты мақсаты – мамандықтарды игерту ғана болса, ал қазір әлемдік білім кеңестігіне ене отырып, басекеге қабілетті тұлға дайындау үшін адамның құзырлылық қабілетіне сүйену арқылы нәтижеге бағдарланған білім беру жүйесін ұсыну – қазіргі таңда негізгі өзекті мәселелердің бірі. Жалпы алғанда «құзырлылық» ұғымы жайлы ғалым К.Құдайбергенова «Құзырлылықты білімін, біліктілігін, дағдысын, тұлға мінез-құлқын, ең бастысы тұлға мүмкіндігін бағалаудың критерийі мақсатында қарастыру құзырлылық маңызын толық аша алады. Олай болса, құзырлылық, нәтижеге бағдарланған жаңа білім беру жүйесінің сапалық критерийі ретінде әлеуметтік және өмірлік көзқарастарды есепке алу қажет». Қ.Құдайбергенова «Құзырды әртүрлі кенеттен болған ситуацияларда мәселелерді шешу үшін қажетті білімді немесе әрекетті көрсете білу қабілеті, білім мен өмірлік ситуация арасындағы байланысты орнату мүмкіндігі ретінде, ал құзырлылықты адамның өзіндік деңгейіне, даралық қасиеттеріне тікелей байланысты тұлғалық, теориялық, практикалық өлшеу дәрежесі жоғары деңгейде кіріктірілген құрылым ретінде қарастыру ұсынылады» деген тоқтам жасайды [3].

Құзыреттілік латынның «competentis» — бейім сөзінен пайда болған, қандай да бір оқыту үдерісінде қалыптасатын білім, білік, дағдылар жиынтығы, сонымен қатар, қандай да бір қызметті жеке тұлғаның орындай алу қабілеттілігі, яғни бұл адамға берілген немесе жүктеген істі нәтижелі түрде орындауын бағалау мінездемесі. Бұл адамның бойында өзіндік, жауапкершілік, жаңалықты жоғары қабылдайтын, мәселені шеше алатын, адамгершілігі мол, білімі жоғары, жаңа технологияларды меңгерген, ұжымда жұмыс жүргізе алатын, белсенділік қасиет - қабілеттерінің   болуы.

Бұл жайлы Б.Тұрғанбаева «… өзінің практикалық әрекеті арқылы алған білімдерін өз өмірлік мәселелерін шешуде қолдана алуын – құзырлылықтар деп атаймыз» деп анықтаса, Ресей ғалымы Н.Кузьминаның көзқарасы бойынша, «Құзырлылық дегеніміз — педагогтің басқа бір адамның дамуына негіз бола алатын білімділігі мен абыройлығы» [4].

Қазақстан Республикасының 12 жылдық білім беру тұжырымдамасында педагог кадрлардың кәсіби — тұлғалық құзыреттілігін қалыптастыру басты мақсат екендігін атай келе, 12 жылдық білім беруде педагог төмендегідей құзыреттіліктерді игеруі міндетті деп көрсетілген.

  1. Арнайы құзыреттілік — өзінің кәсіби дамуын жобалай білетін қабілеті.

  2. Әлеуметтік құзыреттілік — кәсіптік қызметімен айналысу қабілеті.

  3. Білім беру құзыреттілігі — педагогикалық және әлеуметтік психологияның негіздерін қолдана білу қабілеті [5].

Ендеше құзыреттілік дегеніміздің өзін қазіргі заман талабына сай педагог қауымының өзін-өзі өзгерте алу қабілеттілігі деп түсінуге болады.

Ал, кәсіби құзіреттілік – жеке тұлғаның кәсіби іс – әрекетті арттыруға бағытталған тоериялық және тәжірибелік әзірлігі мен қабілеттілігінің бірігуі.

Кәсіби құзіреттілік деп оқытушының жеке бас сапалары мен оның психологиялық – педагогикалық және теориялық білімнің, кәсіби біліктілігі мен дағдысының, тәжірибесінің бір арнада тоғысуы деуге болады. Мұғалім өз ісінің шебері болу үшін мамандығына қажетті қабілеттерді және жалпы әлемдік спортты, өз елінің спорт мәдениетін меңгеріп әлемдік білім кеңістігінің өрісінен шыға алуға талпынуы керек.

Білім беру жүйесіндегі өзгерістер мен жаңарулар болашақ мұғалімнен кәсіби біліктілігін үнемі көтеруді қажетсінеді. Сондықтан да кәсіби біліктілігі, шығармашылық ойлауы жоғары мұғалімге деген сұраныс көп.

Осымен байланысты болашақ мұғалімнің кәсіби құзыреттілігін дамыту үшін төмендегідей жұмыстарды жолға қойған дұрыс болар еді:

· Спорттық ойындардың техникасын және дағдыларын жандандыру;

· Педагогикалық-психологиялық инновацияларды меңгеру;

· Әр түрлі формада жаңа технологияны меңгеруге көмек көрсету;

· Оқу-тәрбие үрдісін жүйелі ұйымдастыру;

· Өзара іс-тәжірибелермен алмасу, т.б.

Бұл жұмыстардың барлығы да болашақ дене шынықтыру пәні мұғалімінің өзінің жеке басының қызығушылығы болғанда ғана жүзеге асатынын ұмытпаған жөн. Өзінің кәсіби деңгейін көтеріп отыру – мұғалімнің қоғам және оқушы алдындағы басты міндеті.

Дене шынықтыру жəне спорт педагогикасының құндылықтары мен потенциалы арқылы болашақ дене шынықтыру пəні мұғалімінің кəсіби педагогикалық дайындығын жан-жақты жетілдіруге бағытталған В.В. Белорусованың, И.Н.   Решетиннің,    М.В.    Прохорованың,  А.А. Сидоровтың, С.С. Жұмашеваның ғылыми еңбектерінен басқа, болашақ дене шынықтыру мұғалімі педагогикалық құзыреттілігін қалыптастыру жолдары күні бүгінге дейін зерттелмеген [6].

Дене шынықтыру пəні мұғалімі жəне спорт жаттықтырушы еңбегінің түрлі аспектілерін талдауға бағытталған Г.Д. Бабушкин, Г.Е. Баева,  А.Э.  Болотина,  А.М.  Дикунов,  М.Е. Дуранов, Н.Н. Жмарев, И.Х. Кобер, И.А. Потапов, В.Н. Прохоров, т.б. ғылыми зерттеулерінде көрсетілгендей, спорт мамандарының кəсіби əрекеті жүйесіндегі ең басты компоненттерінің бірі – ол педагогикалық компонент. Болашақ дене шынықтыру мұғалімінің өзінің іс-əрекетінің мазмұндық жəне процессуалдық компоненттерін қазіргі инновациялық педагогикалық технологияларды қолдану арқылы жүйелеуде. [7].

Болашақ дене шынықтыру мұғалімдерін кәсіби қызметке даярлаудың  даярлығын жоғары деңгейде қамтамасыз ету үшін оқу-тәрбие, әлеуметтік-педагогикалық, мәдени-ағартушылық, ғылыми-әдістемелік, ұйымдастырушылық-басқарушылық, денсаулық сақтау, салауатты өмір салтын насихаттау қызметтерін қатар алып жүру қажет.

Аталған кәсіби-педагогикалық қызметтер  білім алушылардың 1-4 курстарда алатын білім, дағды, іскерліктерімен сүйенеді. Онда дене шынықтыру мұғалімінің кәсіби-педагогикалық қызметінің құрылымы мен кәсіби қызметке даярлығын қалыптастыру деңгейлері мен мазмұны есепке алынып, академиялық типті оқу қызметін (дәріс, семинар, практикалық сабақтар, спорттық жаттығулар) және кәсіби қызметті ұйымдастыру  формалары: педагогикалық практика, сабақтарды талқылау, ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізу әдіс-тәсілдері анықталынады.

Болашақ дене шынықтыру мұғалімінің кәсіби іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыруда оқытуды психологиялық, ақпараттық бағдарлама құралдарымен қамтамасыз ету кәсіби қызметтің білімдік, құндылықтық және әрекеттік мазмұнын байытуға, таңдау материалдарының қорын әзірлеуге және оқытуда сын тұрғысынан ойлау технологиясының элементтерін пайдалануға, сол арқылы педагогикалық қызметтің әрекеттік құраушысын күшейтуге мүмкіндік жасайды.

Дене шынықтыру мұғалімінің кәсіби іскерлігі мен дағдысы оның кәсіби педагогикалық қызметінің нәтижесі ретінде оқыту үрдісінде қалыпта-сатыны және оның көрінісі  тәрбие тәсілдерінен, қатынастар жүйесінен, өзін-өзі таныту құралдарынан және субъектінің табиғи белгілерінен анықталынатыны ғылыми-педагогикалық тұрғыдан дәлелденді.

Болашақ дене шынықтыру мұғалімін кәсіби педагогикалық қызметке даярлауды тиімді ұйымдастыру үшін оқу үрдісін арнайы ұйымдастырылған педагогикалық шарттарға сәйкес жүргізу қажеттігі расталып, олар мынадай мазмұнды қамтуы тиіс деп тұжырымдады:

  • білім беру мазмұнын саралау арқылы оқытуды қарқындату;

  • бағдарлап оқыту арқылы білім мазмұнының кәсіби басымдығын қамтамасыз ету;

  • оқытуды психологиялық, ақпараттық бағдарлама құралдарымен қамтамасыз ету арқылы болашақ мұғалімнің жалпы педагогикалық және кәсіби іскерліктерінің сабақтастығын қамтамасыз ету;

  • рефлексиялық қызметке даярлығын дамыту арқылы өзінің кәсіби іскерліктері мен дағдысын бағалай алуға жағдай тудыру.

Қорыта айтқанда, педагогикалық құзыреттілік болашақ дене шынықтыру мұғалімдерінің көпаспектілі əрекеттері кезінде нақты мақсатталған, нəтижелі шешімдер қабылдауына өз септігін тигізеді.


Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Андринова В. Педагог кадрлардың құзыреттілігін қалыптастыру // Қазақстан мектебі. – 2009. – №4. – 64-66 б.

  2. Жұмашева С.С. Спорт жаттықтырушысы педагогикалық шеберлігінің ерекшеліктері // Əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің хабаршысы. Педагогикалық ғылымдар сериясы.– 2009. – №3 (28). –112-118 б.

  3. К.Құдайбергенова. Құзырлылық – тұлға дамуының сапалық критериі. Алматы. 2008.

  4. Б.А. Тұрғaнбаева. Мұғалімнің шығармашылық әлеуметін біліктілікті арттыру жағдайында дамыту: теория және тәжірибе. Aлматы. 2005. 174б.

  5. Қазақстан Республикасының 12 жылдық білім беру тұжырымдамасы. Астана, 2007.

  6. Жұмашева С.С., Джаулбаев С. Система формирования педагогической компетентности будущего тренера по видам спорта // Поиск. – 2010. – №2. – С. 306-310.

  7. Жұмашева С.С. Спорттық педагогтің кəсіби құзыреттілігін дамытуда шетел тəжірибесін пайдалану мүмкіндіктері // Білім-Образование. – 2010. – №2 (51). 27-31 б.

.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
24 қараша
794
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі