жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
«Болашақ Елорда –менің көзіммен»
«Көкпекті жалпы білім беру орта мектебі» КММ
Бұқар жырау ауданы Көкпекті ауылы
«Дана» ғылыми қоғамы
Тақырыбы: «Болашақ Елорда –менің көзіммен»
Бағыты: Қазақстанның тарихи ескерткіштері және болашақ
дамуы бар саяхат маршруттары
Секциясы: Этномәдениеттану
Авторы: Буратайұлы Нұрмұхамед
Сыныбы: 4А
Жетекшісі: Кервенова Бұлбұл Сыздыковна
Бастауыш сынып мұғалімі
Қарағанды 2019 жыл
Мазмұны:
КІРІСПЕ БӨЛІМ
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
I. БАС ҚАЛА –ЖАСЫЛ ҚАЛА
1.1.«Елорда – елбасы туындысы»
1.2. Жобаның құрылымы, жасалу жолы
1.3. Жобаның мазмұны
ІІ.БОЛАШАҚ ЕЛОРДА МЕНІҢ КӨЗІММЕН.
2.1.Елорда – болашақтың қаласы
2.1 Болашақтағы ертегі жасыл қалам
ҚОРЫТЫНДЫ БӨЛІМ
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
АННОТАЦИЯ
«Болашақ менің көзіммен» деп алып отырған жобаның мақсаты мен маңызы зерттеу нысанасына алынды. Болашақтағы жасыл экономикасы дамыған, бала қиялымнан туған Астанам жайлы айтылады.
Цель и значение проекта, на тему «Будуший Астана с моим глазом», были взяты на объект исследования. Об Астане с развитой зеленой экономикой в будущем. рассказываю о родной столице из фантазии.
The purpose and importance of the laptop, on the theme "Astana with my eye", were taken to the object of study. About Astana with a developed green economy in the future. I talk about my native capital out of fantasy.
Ғылыми жұмысты зерттеудің дерек көздері:
Астана – (бұрынғы атауы Целиноград, Ақмола. Қазіргі ұсынылған атауы Нұр –сұлтан) Қазақстан Республикасының Елордасы. Қазір қаланың аумағы 710 км2 алып жатыр. Қала Қазақстанның орталық бөлігінің солтүстігінде Ақмола облысында, Есіл өзенінің алабындағы өзен маңы жазықтығында орналасқан.
Қазақстанның заманға лайық жаңа астанасын салу идеясы мемелекеттің тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа тиесілі. Елорданы Алматыдан Ақмолаға ауыстыру туралы шешімді Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі 1994 жылы 6 шілдеде қабылданды. Астананы ресми көшіру 1997 жылғы 10 желтоқсанда жүзеге асты. Президенттің 1998 жылғы 6 мамырдағы Жарлығымен Ақмоланың атауы Астана болып өзгертілді. Жаңа астананың халықаралық тұсаукесері 1998 жылғы 10 маусымда өтті. 1999 жылы Астана ЮНЕСКО шешімімен «әлем қаласы» атағын алды. Қазақстанның бас қаласы 2000 жылдан бастап, Астаналар мен ірі қалалардың халықаралық ассамблеясының мүшесі.
2019 жылы 20 наурызда Қазақстанның жаңа президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қаланың атын экс-президент Н.Назарбаевтың құрметіне «НҰР-СҰЛТАН» деп өзгертуге бұйрық берді.
Менің қиялыма қанат бітіріп, арманымды асқақтату, өмірге құлшындырып, жаңалық ашуға жігерлендірді. Сондықтан Елордам туралы тереңірек біліп, осы «қоржынға» біріктіру мақсатында жұмысты қолға алдым.
Тақырыптың өзектілігі: Қазақстан астанасының республиканың солтүстігіне қарай, орталыққа қоныстандыру тәуелсіздіктің елең-алаңында күн тәртібінде тұрған ең өзекті мәселе еді. Мұны Елбасымыз анық байқап, аз ғана уақыттың ішінде елордамызды Сарыарқа төріне қоныстандырды. Міне, осылайша әлем картасында орын алған елордамыз бүгінде әлем жұртшылығын аузына қаратқан айшықты қалаға айналды.
Нұр-сұлтан –қазақ елі болшағының қаласы. Мәдениеттің ошағы, ғылым мен білімнің ордасы. Еліміздің көгілдір туы желбіреген тәуелсіздігіміздің ордасы.
Жаңа елорданың құрылысы – жас мемлекетіміздің жасампаздыққа ұмтылыстың, бүкіл қоғамымыздың жаңаруының ерекше символына айналған құбылыс. Ғасырлар бойы бабалар арманын іске асырып, бас-аяғы төрт-бес жылда астана салған мемлекет болған емес. Адамзат тарихында астанасын жаңғыртқан мемлекеттер жетерлік. Біз жаңа ғасырға, жаңа мыңжылдыққа өркениетті ұлт ретінде, тарих сахнасына егеменді ел ретінде ендік. Аз уақыттың ішінде көркейіп, түрленіп, тәуелсіздігіміздің түлегі, Отанымыздың жүрегі, елордамыз да елдігіміздің жаңа беттерін ашқандай, тәуелсіздігімізді әйгілеп тұр.
Жастарымызды болашаққа бастайтын бас қаламыз, арман қала –жас қаламыз –өнер, білім мен мәдениеттің, ғылымның ордасына айналуда;
Жас қаланың мәдени орталықтарының, бүкіл зәулім ғимартаттардың архитектурасына Н.Ә.Назарбаев үлкен үлес қосты. «Астана Елбасы туындысы» екенін білеміз. Елорда –құрылысы жас мемлекетіміздің жасампаздыққа ұмтылысының, бүкіл қоғамымыздың жаңаруының ерекше символына айналған құбылыс.
Мен осы елордамыздың өркендеуін, әсем ғимараттардың бой көтеруін тамашалап, таң қалдым. Елордамызға қыдырып барып, шет елде жүргендей әсер алдым. Ол алған әсерімдің айтып жеткізу мүмкін емес. Елордамызға барған сапарымыз менің қиялымды шарықтатып, болашақтағы жасыл қаламызға айналатынына сенімім мол болды.
Мен де өз қиялымнан туған ғимарттарды осы жобамда ұсынып отырмын.
Елордам жайлы көп оқып, іздене келе, менің балалық қиялым болашақ жасыл қала елордамыздың ғимараттарын жасауға ерік берді. Біз жас ұрпақ болашақта елордамызды экономикасы дамыған «жасыл қалаға» айналдыратынымызға сенімдімін.
Зерттеу деңгейі:
Ғылыми жұмысқа зерттеу нысаны ретінде алып отырған мәселенің өзектілігі «Болашақ жасыл елорда менің көзіммен» көркемдік құрылымының зерттелу деңгейіне арнайы тоқтала отырып, пайымдалғаны көрсетілді..
Зерттеудің мақсаты: Елорданың әсем ғимараттарымен таныса отырып, өз қиялымнан туған «жасыл қала» ғимараттарын жасау. Еліме, туған жеріме, Отаныма патриоттық сезімі оята отырып, болашақтағы астанамды көру.
:
Зерттеудің міндеттері:
-
зерттеу материалдар жайлы мағұлмат беру ;
-
Тақырып таңдау, материалдар жинау, мазмұны бойынша шаблондар арқылы кескіндерін жасау, жобаны безендіру.
-
Осы жоғарыда аталған мәселелер аясында зерттеу жасай отырып, алдымызға қоятын мақсат, міндеттеріміз:
-
Елорда туралы фото-суреттермен танысу.
-
Қаланың әсем, биік ғимараттары жөнінде деректер жинастыру, ғимараттарды жасау
-
Күтілетін нәтиже –еліміздің бас қаласын «жасыл қалаға» айналдыру жөнінде әсем ғимартаттар жасау
Зерттеудің ғылыми жаңалығы: Ғылыми жұмыстың ғылыми жаңалығы болып, көгалдандыру арқылы астанамыздың ғимартаттарын «жасыл қалаға» айналдыру.
Жұмыстың зерттелу көзі: Бүгінгі заман қаласы –өзін қоршаған экономикалық кеңістікпен және табиғи ортамен алуан түрлі әлеуметтік-экономикалық күрделі жаратылыс. Әлеуметтік-техникалық прогрестің көптеген белгілері осы «қала» ұғымымен астасып жатыр. Осы қаладағы басты мәселе, ауа мен су көзінің қашанда жаңарып, тазарып отыруы, табиғатты қоқысқа толтыратын қалдықтарды болдырмау ғана қала өмірін жақсартуға мүмкіндік әкеледі. Сондықтан «жасыл қаланың» маңызын, оның ерекшеліктерінің әр қырын талдау болмақ.
Зерттеу барысында «жасыл қала» –Елордамыздағы тұрғызылған ғимараттар құрылысын зерттеп, сол арқылы макет жасалып, ерекшелігін анықтап көрсетеді.
Зерттеу нысаны: Болашақтағы жасыл қаламыз көптеген туристарды тартатын Қазақстан даласынғы экологиялық оазис болады. Мұнда демалыс саябақтары, ботаникалық бақтар, әр түрлі пішіндегі гүлденген үйлер, ғимараттар салынып, қала тұрғындары мен туристар қаланың сұлулығына таң қалып, ләззат алатын болады.
Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негізі. Жобаның жасалу кезеңдері сан қырлы, күрделі құбылыс, сондықтан да жұмыстың ең негізгі нысанасы оның ерекшеліктері мен баланың қиялы дамуы мен байланысы қарастырылады. Жобаның стильдік жағы, пайдасы, әсерлігі, жалпы оқырман қауымынының қызығушылығын арттырады.
Зерттеудің теориялық және практикалық мәні. Зерттеу нәтижелері жасыл қалаға айналдыру негізінде болашақта үлес қосады. Әсіресе, балабақша тәрбиешілеріне, бастауыш сынып ұстаздарына, ата-аналарға ерекшелігімен, баланың қызығушылық қасиетін арттыру мақсатында септігін тигізеді. Лэпбук оқу құрал ретінде кең көлемде пайдалануға жол ашады. Еңбектің нәтижесін барлық сабақтармен байланыстыра отырып, пайдалануға болады.
Зерттеу әдістері: Зерттеу жұмысының барысында іздену, баяндау, жүйелеу, жинақтау және салыстыру, макет жасау, түсіндірмелі әдістер қолданылды.
Зерттеу жұмысының ұсыныстары:
Зерттеу нәтижесінде төмендегідей тұжырымдар ұсынылды:
-
Жас буынды кітап оқуға ынталандыру;
-
Біздің жасап отырған «қоржынымызды» насихаттауға ат салысу;
-
Халық ауыз әдебиетінің өшпес мұраларын оқи отырып, әр түрлі әдістермен ертегіні «қозғалтып», қоржынға жинақтап, қоржынды кітап ретінде пайдалану ұсынылды, оның ішінде қазақ ертегілеріне, әңгімелеріне арналған қоржындар жасау;
-
Ертегілерді оқу мақсатындағы жұмыстарды жандандыру аясында қазақша лэпбуктер шығарылса деген ниеттеміз.
Зерттеу жұмысының құрылымы: Ғылыми жоба кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытындыдан, пайдалынған әдебиеттер және қосымша тізімінен тұрады.
Кіріспе
«Егемен Қазақстан» осы сөздерді естігенде менің ойыма алтын күндей Елтаңбамыз, көгімізде желбіреген көк Байрағымыз, аспанымызда әуелеген Әнұранымыз есіме түседі. Біз – дәл осындай тәуелсіз елдің болашағымыз. Біздің еліміз жылдан-жылға дамып, көркейіп, көптеген жеткістіктерге аз ғана жылдар ішінде қол жеткізіп келеді. Олардың барлығын тізбектеп айту мүмкін емес. Атап айтар болсақ, еліміздің қол жеткізген жетістіктернің бірден-бірі Елордамыз Нұр-сұлтан. Олай айтуымыздың себебі, аз ғана жылдар ішінде елордамыз бой көтерді. Қазіргі астанамыз болашақтың, жастардың арман қаласы. Еліміздің көгілдір туы желбіреген тәуелсіздігіміздің ордасы. Ғасырлар бойы ата-бабаларымыз арман еткен, бас-аяғы төрт-бес жылда бой көтерген елорда тарихта болған емес.
Нұр-сұлтан -ертегідегідей таңғажайып қалаға ұқсайды. Биік, әдемі зәулім үйлердің өзі астаналық тұрғындарға өте қолайлы. Елордамызға қызығып, көшіп келушілер өте көп. Халқының саны жылдан-жылға көбеюде. Сондықтан ең үздік үлгімен салынған үйлер саны да көп. Қала жан-жағынан дамуда. Аспанмен бой таласқан зәулім ғимараттар бірінен соң бірі пайдалануға беріліп, халыққа қуаныш сыйлауда. Нұр-сұлтан қаласына барлық ел қызығушылықпен қарайды. Ендеше, Нұр-сұлтан әрқашан да әлем назарында.
« Елорданың гүлденуі –Қазақстанның гүлденуі» дегендей, Нұр-сұлтанға сән беріп тұрған барлық ғажайып ғимараттар туралы менің ғылыми жұмысымда айтылған. Олардың барлығы – еліміздің мәдени мұрасы. Елорданы тану –қазақ ұлтын танып, білу. Осыны барлық бала білуі тиіс.
Негізгі бөлім
Нұр-сұлтан — Азия астаналарының ішінде солтүстік полюске ең жақын орналасқан қала. Астана — ғаламшардағы ең суық астаналардың бірі, Моңғолия астанасы Ұлан-Батырдан жылы, Канада астанасы – Оттавадан суық. Елорда – қазақтың қасиетті Алтын ордасы, Елбесігі, Жерұйығы!
1998 жылы 6 мамырда Ақмола Астана болып аталды. Міне, осындай әдемі, әуезді әрі ауқымды атау – Нұр-сұлтан атымен Қазақстан Республикасының жаңа елордасы үшінші мыңжылдыққа енді.
Есіл өзені қаланы екіге бөліп жатыр. Есілдің оң жағалауында көбіне тұрғын үйлер орналасқан, ал сол жағалауы жалпы Қазақстанның саяси орталығы болып табылады.
1997 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев астананы Алматыдан Ақмолаға көшіру туралы шешім қабылдайды. Ол қаланың ел ортасында тиімді геосаяси орналасуымен, ірі көлік жолдарының қиылысында орналасуымен, қажетті көліктік және телекоммуникациялық инфрақұрылымдардың болуымен, астананы дамыту үшін бос жерлердің болуымен негізделді. Қалада ол кезде 319 мың адам болды. Қала аумағы 1997 жылы 258 км.м болды, ал бүгінде Астана 710,2 км. құрайды. 1998 жылы алтыншы мамырда ҚР Президентінің жарлығына сәйкес Ақмола Астана болып аталатын болды. 1998 жылы ЮНЕСКО шешімі бойынша Қазақстан астанасына медаль беріліп «Әлем қаласы» жоғары атағы берілді.Тарихқа сәл шегініс жасап, елордамыздың жылнамасына көз жүгіртер болсақ, сонау 1997 жылдың 20 қазанында Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Ақмола қазақ елінің астанасы болып жарияланған күн еске түседі. Иә, сол жылдың қара күзінде Мемлекет басшысы жаңа астана төрінде республикамыздың мемлекеттік нышандарын орталық алаңда салтанатпен қарсы алған болатын. Міне, осы сәттен бастап, Алатаудың бөктеріндегі әсем қала Алматыда қоныстанған мемлекеттік органдар Арқа төсіне атбасын бұра бастаған еді. Ал 1998 жлдың 10 маусымында әлем картасында пайда болған жаңа астананың халықаралық тұсаукесері өтті.
Елбасымыз жаңа астананы таңдауды 32 өлшем бойынша жүрізген еді. Соның ішінде аса маңыздылары: әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер, климат, ландшафт, сейсмологиялық жағдай, қоршаған орта, инженерлік және көліктік инфрақұрылымның болуы, оның болашағы, коммуникациялар, құрылыс кешені және еңбек ресурстарының болуы. Ал сол барлық өлшемінің негізінде тәуелсіз Қазақстанның әкімшілік және саяси орталығын Ақмола қаласына орналастыру нұсқасы мейлінше оңтайлы болып шыққан еді. Бүгінде бұл шешiмнiң дұрыс болғандығына ешкiм де күмән келтiрiп, дауласпайды. Мемлекет басшысы өзінің «Еуразия жүрегінде» атты кітабында жазуынша, бұл бiрiншiден, Қазақстанды геосаяси жоспар тұрғысынан нығайту үшiн қажет едi. Астана Еуропа мен Азияның шектескен тұсында, яғни Еуразия құрлығының қақ ортасында, мұхиттардан бiрдей қашықтықта орналасқан. Еуропалық және азиялық дәстүрлердi бойына тоғыстырған бұл қала Батыс пен Шығысқа да, Оңтүстiк пен Солтүстiкке де ашық бола алады. Екiншiден, бұл шешiмде қауiпсiздiк мәселесi де елеулi рөл атқарды. Тәуелсiз елдiң астанасы сыртқы шекаралардан мейлiнше қашық және елдiң орталығында болуы тиiс едi. Үшiншiден, астананы өзгерту Қазақстан экономикасын сауықтыру үшiн де қажет болды. «Төртiншiден, Астананы құрамы жағынан көп ұлтты өңiрге көшiре отырып, бiз тұрақты саяси-этностық мемлекет құру, Қазақстанды мекендеген этностар арасындағы достықты сақтау мен байыту, дiндер мен конфессиялардың қақтығыссыз тату өмiр сүруiн қамтамасыз ету жөнiдегi бағытымызға адал екенiмiздi тағы бiр дәлелдедiк», – деп жазады Елбасы аталған кітабында.
Астана – қазақ елі болашағының қаласы. Мәдениеттің ошағы, ғылым мен білімнің ордасы. Еліміздің көгілдір туы желбіреген тәуелсіздігіміздің ордасы. Жаңа Астанамыздың құрылысы - жас мемлекетіміздің жасампаздыққа ұмтылысының, бүкіл қоғамымыздың жаңаруының ерекше символына айналған құбылыс. Ғасырлар бойғы бабалар арманын іске асырып, бас-аяғы төрт-бес жыл да Астана салған мемлекет тарихта болған емес. Адамзат тарихында астанасын жаңғыртқан мемлекеттер жетерлік. Біз жаңа ғасырға, жаңа мыңжылдыққа өркениетті ұлт ретінде, тарих сахнасына егеменді ел ретінде ендік. Аз уақыттың ішінде көркейіп, түрленіп, тәуелсіздігіміздің түлегі, Отанымыздың жүрегі - Астанамыз да елдігіміздің жаңа беттерін ашқандай, тәуелсіздігімізді әйгілеп тұр. Жастарымызды болашаққа бастайтын бас қаламыз, арман қала - жас қаламыз -өнер, білім мен мәдениеттің, ғылымның ордасына айналуда;
Астана мемлекетіміздің саяси, әкімшілік, экономикалық, мәдени орталығы және елдікті, ұлттық бірлікті білдіретін бас қала. Осы мәдени орталықтардың, бүкіл зәулім ғимараттардың архитектурасына Н.Ә.Назарбаев үлкен үлес қосқан. Өзі бүкіл ғимараттардың салынуына өте үлкен жауапкершілікпен қарап күнделікті аралап, тексеріс жүргізіп отырған. Осы әдемі ғимараттардың елбасымыздың ойына қалай келгендігі жайлы өз аузынан естиік. (3 бейнежазба)
Осыдан Астана елбасының туындысы екенін көреміз.Жас Астана болса, жыл сайын жайнап көркейе түсуде. Бас аяғы он жылдың ішінде әлем жұртшылығы таныған айбыны аскақ шаһарлардың қатарына қосылды. Елордамыз ел кіндігі Арқа төрінде ту тіккелі бері тәуелсіз республикамыздың өрлеуі мен өркендеуінің басты нышанына айналды. Ол еліміздің ірі саяси және экономикалық, мәдени орталығына айналып отыр. Мен өз Отанымды, Астанамды мақтан тұтамын! Ғажайып шаһар тек біздің ғана емес, дүние жүзіне зиялылық нұрын төгетін тоғыз жолдың торабыңдағы Еуразияның сәулетті қаласына айналып отыр. Сәулетшілерді де елбасы өзі таңдаған. Ол туралы келесі бейнежазбадан көруге болады.(4 бейнежазба)
Бүгінгі Астана – мәдениеттің ошағы, ғылым мен білімнің ордасы. Елорда құрылысы – жас мемлекетіміздің жасампаздықка ұмтылысының, бүкіл қоғамымыздың жаңаруының ерекше символына айналған құбылыс.
-
Астана жайлы деректер
-
Әлем жұртшылығы біздің еліміздің айшықты қадамдарына, Тұңғыш Президентіміздің сарабдал саясатына сүйсініспен қарап отыр.
-
Қазақстан Республикасының елордасы Нұр-сұлтанға 21жыл толды. Осынау қысқа уақыт аралығында елорда әлемге танылып үлгерді

-
«Думан» ойын-сауық кешеніндегі океанариум мұхиттан ең алыс орын тепкендіктен Гиннес рекордтар кітабына енген. Окенариумнан ең жақын мұхитқа дейінгі ара қашықтық үш мың шақырымға жуықтайды

-
Астанадағы «Хан шатыр» ойын-сауық орталығы әлемдегі ең үлкен шатырлы ғимарат болып саналады
6

-
Пирамида іспетті етіп тұрғызылған сарай 2006 жылы 2 қыркүйекте салтанатты түрде ашылды.Халық арасында «Пирамида» деп аталып кеткен ғимаратта бес лифт бар. Оның біреуі – Президентке арналған.

-
Көп жылдар бойы кубрин саябағы болып аталып келген елорда саябағында ғасырдан артық жасаған қара терек өсіп тұр. 120 жастағы терек саябақ ашылғаннан уақыттан бүгінгі күнге дейін жайқалып өсіп тұрған жалғыз ағаш

-
«Изумрудный квартал» тұрғын үй кешені Астананың ең биік ғимараты саналады. Кешен әртүрлі қабатты үш мұнарадан тұрады (37, 40, 53 қабат). Ең биік мұнарасының биіктігі – 210 метр

-
Әлемдегi он алты ұлттық мешiттің бірі «Хазірет Сұлтан» 2012 жылы 6 шілдеде ашылды. Мешітті «Хазiрет сұлтан» деп атауды мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ұсынды. «Хазірет Сұлтан» мешітінде Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың сыйы - күмiс Құран орналасқан.

-
Мұндай бірегей жоба ТМД елдерінің ешбірінде жоқ және Қазақстан Республикасының ең негізгі архитектуралық туындысы әрі мәдени орталығы болып табылады

-
«Қазмұнайгаз» ҰК» АҚ ғимараты. Ол 2002 жылы пайдалануға берілді
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген