Болашақ
жастардың қолында
Осыған
дейінгі Елбасымыздың қай жолдауын алып
қарасақ та, жастарға қатысты жобалар
ұсынады, жастарға ерекше көңіл бөліп
келеді. Осы жылғы Жолдауда да жастар
мәселесін тағы көтерді. Жастардың білім
алуы, әлеуметтік жағдайы ерекше аталып
өтіліп, 2019 жыл – «Жастар жылы» деп
жарияланды. Менің ойымша бұл біз үшін,
яғни жастар үшін бұл – үлкен мәртебе!
Елбасымыз
Н.Ә.Назарбаев әрдайым Қазақстанда
білікті мамандар даярлау мен білім
саласын әлемдік стандарттарға сәйкестендіру
мәселесіне баса назар аударды. Еліміздің
өркендеуі үшін білімнің маңыздылығын
түсінген Елбасымыз экономикалық және қаржылық
қиындықтарға қарамастан осы
салаға барынша қолдау көрсетті.
Еліміздің «Білекті бірді, білімді
мыңды жығады» деген ұлағатты сөзін,
білімнің шындығында да баға жетпес
үлкен рухани қару екендігін, тек рухани
қару ғана емес, сонымен қатар аса зор
өндіргіш күш екенін білуіміз тиіс.
Білімнің қуатына тең келетін басқа идеялық —
рухани күш, қуат көзі жоқ екені белгілі.
Өйткені, білім — тек ғылымның іргетасы
ғана емес, сонымен бірге тасы өрге
домалаған еңсесі биік елдермен
терезесі тең мемлекет болудың күре тамыры,
ел дамуының алтын қаруы. Білім бар
жерде даму, жетілу, кемелдену үрдісі
бір сәтке толастамайды. Н.Ә.Назарбаев
ең алдымен елге терең білім керек екенін
елден бұрын, аңғарып, ерте түсінген
тұғырлы тұлға болды. Қай жерде-де,
қашан да тұңғыш болудың жүгі
мен жауапкершілігі ауыр екенін білеміз,
сол себепті бірінші болып жол салу,
бірінші болып жеңіске жету, бірінші
болып бәйгеден келу, бірінші болып
биікке көтерілу т.т. секілді үлкен
тәуекелге бел буды.
Елбасы
Н.Ә.Назарбаевтың биылғы Жолдауында
оқыту үдерістеріне қазіргі
заманғы әдістемелер мен технологияларды
енгізу мәселелері кеңінен баяндалған.
Осы бағытта мемлекет тарапынан
ауқымды жұмыстар атқарылуда. Арнайы
министрліктер мен оқу орындары
әдістемелер мен технологияларды жіті
меңгеріп, халықаралық тәжірибені толық
зерделеуде.
Білім
саласының қызметкерлерінің бүгінгі
таңда жауапкершілігі мен маңызы
күшейіп отыр. Өйткені, сапалы білім беру
елімізді индустрияландырудың және инновациялық
даму жолына түсірудің басты алғышарты
болып табылады. Білімсіз қоғамда
прогресс, жаңа өрлеу мүмкін емес.
Н.Назарбаевтың сөзімен айтқанда, қазіргі
уақыт адамзат биігін білекпен емес,
біліммен бағындырудың заманы. Бүгінгі
жас ұрпақ мұны анық сезініп,
білім бұлағынан молынан сусындауға зейін
қоюда. Жастар өз күш-жігерлерін,
білімдерін тәуелсіз елінің
гүлденуіне жұмсамақ. Елбасы
қайсыбіреулердің қатаң сынына
ұшыраған «Тілдердің үштұғырлығы»
бағдарламасын ұсынды. Мұндағы негізгі
мақсат — үшінші мыңжылдықта қарқыны
жеделдей түскен жаһандану, шекара
талғамайтын экономика-қаржы және,
ақпарат, ағымдары заманында еңбек
ресурстарының бәсекелестігін арттыру
мәселесі көзделген болатын. Басқаша
айтқанда, мұнда мемлекеттік тіл —
қазақ тілін, ұлтаралық қатынас тілі —
орыс тілін және халықаралық тіл —
ағылшын тілін халықтың неғұрлым
көп бөлігінің меңгеруіне бағытталады.
Осы жерде ерекше назар аударатын нәрсе,
мемлекет басшысының «тілдердің
үштұғырлығы» идеясын бүкіл ұлттық
идея-деңгейіне көтеру қажет. Неге
десеңіз, біріншіден, бұл идея
халқымыздың болмысында ежелден-ақ бар
«жеті жұрттың тілін біл» деген бағалау
өлшеміне сай келеді; екіншіден,
қазіргі бәсекеге негізделген өмірлік
қағидалардың өзі, яғни жас ұрпақ
буыннан осыны талап етіп отыр.
Білімнің
негізінде болашаққа деген шынайы
сенім мен үкілі үміт, өз халқына деген
ізет-құрмет пен қадір-қасиет жатқанын
Елбасы жақсы түсінді. Ол тәрбие
мен оқу-білімді егіз дүние ретінде
қарастырып, тәрбие арқылы берілетін
білімнің болашағы әрқашан баянды
болатынын назарынан ешқашан тыс
қалдырмады. Өркениет көшіне бет бұрған қыруар
істің алатын арқауы болып есептелетін
ғылыми-техникалық және экономикалық
прогрестің негізгі қозғаушы күші білім
десек, қателеспейміз.
Елімізідің
білім беру ұйымдарындағы тәрбиенің
негізгі мақсаты — жастардың бойында
азаматтық пен қазақстандық патриотизмді
қалыптастыру, мемлекеттік рәміздерді
құрметтеуге, халық дәстүрлерін дәріптеуге,
әлемдік және отандық мәдениет
жетістіктерін оқып үйренуге, ата –
заңымызбен қоғамға қарсы келетін
әрекеттерге төзбеушілікке тәрбиелеу.
Уақыт талабы жаңа көзқарас тұрғысынан
жаңаша ойлап, шешім қабылдай алатын,
креативті ойлау қабілеті дамыған тұлғаны,
өз елі мен жерінің, туған тілінің
жанашырын дайындауды міндеттеп отыр.
Бұл міндет жаңа уақыт талаптарына
төтеп бере алатын, кәсіби білікті,
бәсекеге барынша қабілетті, ұлтжанды
азамат тәрбиелеу ісінің өзектілігін
алға тартады.
Мен
педагогпын. Бұл ретте мен өзіме деген
мемлекеттің зор сенім мен үмітін
сезінемін. Жаңа заманның – жаңашыл
ұстазы болу менің мақсатым мен міндтім
деп білемін.