жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"Болашақ маманда креативтілікті қалыптастыру"
Тараз қаласы, Тараз өңірлік университеті
«Педагогика және психология» білім беру бағдарламасы
ПиП 17-1 тобының студенті Қали Мадина Сәбитқызы
Болашақ маманда креативтілікті қалыптастыру
Шығармашылық — жеке тұлға мен оның мəдениетіне маңыздылықпен жаңашылдық əкелетін іс-əрекет. Шығармашылық түсінігі көп мәліметтерде «креативтілік» түсінігімен ауыстырылады. Шығармашылық – бұл қазіргі әлемнің негізі. Қазіргі таңдағы педагогикалық-психологиялық еңбектерден «креативтілік» ұғымының əрі қарай толыға түскенін аңғаруға болады. Креативтілік жаңа нәрсеге құмар адамның интеллектуалдық қабілеті ғана емес, оның психикалық толысқандығының белгісі ретiнде де қарастырылады. Креативтіліктің белгілеріне ғалымдар өнертапқыштық, бастамалылық, интуиция, болжай алушылық, прогностикалық ойдың, сезімнің еріктілігі мен еркіндігі, тапқырлықты жатқызады.
Болашақ маманның креативтілігін, шығармашылық дербестігін қалыптастыру өте күрделі, маңызды жəне көп салалы мəселе болып есептеледі. Креативтілікті қалыптастыру шығармашылыққа жетелейтін қабілеттер мен шығармашылық қызметі сапасын анықтайтын, жаңаны тану мен жасауға бейімделуге апаратын əрбір жеке тұлға мен болашақ маманға тəн интеллектуалдық үрдіс ретінде сипатталады. Жаңа педагогиканың мақсаттарының бірі баршаға бірдей білімді игерту жəне болашақ мамандардың біліктері мен іскерлігін қалыптастыру, сонымен бірге оқу процесінде жаңа білімдерді алуға жағдай жасау болмақ.
Педагог-психолог іс-әрекетін талдаудың нәтижесі бойынша еңбекті жалпы ұйымдастыру, педагогикалық ұжыммен өзара әрекеттесу жолдары мен тәсілдерін қолданудан басталатын кәсіби қиындықтар білім беру жүйесіндегі тәжірибелік жұмыстағы технологиялық аспектілермен байланысты болатыны анықталды. Іс-әрекеттің жеке тұлға дамуындағы ерекшеліктері әрекетінің нәтижесінен көрінеді. Адамның іс-әрекетін тиімді ұйымдастыру оның өз ісіне қызығу мен жауапкершілік сезімін оятады. Сонымен қатар бұл пайымдаулар тексті талдау, оның жекелеген бөліктерін ойша салыстыру, бұл бөліктердегі басты сәттерді ойша айқындау, бірегей көрініске біріктіру, жалпылау жатады.
Қазіргі таңда білім беру саласында пcихологиялық қызметте кәсіби шеберлікті жетілдірудің негіздері ол педагог мамандардың шығармашылық қабілетін, әлеуеті мен кәсіби құзырлылығын арттыруға қолдау көрсету. Креативтілік дағдылар, дәлелдер, қорлар синергиясы болып келеді. Шығармашылық түрде ойлау дағдылары – дәстүрден тыс ойлау қабілеттілігі, бұрынғы ойдың жаңа оймен үйлесімділігі. Ішкі дәлелдер – креативті болуға ықыласты болуға мүмкіндік береді. Қорлар – қажетті ақпаратқа қатысты білімділік, тәжірибе. Сонымен теориялық зерттеулерге сүйене отырып, креативтілік ұғымына мынадай анықтама береміз, креативтілік: тұлғаның ойлау дағдылары мен іс-əрекеттерінің нəтижесінде белгілі бір жаңа сапаның туындауы жəне ешқашан бұрын қайталанбайтындығымен ерекшеленетін, мəдени бірегейлігімен көрініс беретін шығармашылықтың жоғарғы сатысы.
Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты – бәсекеге қабілетті маман дайындау. Ізденімпаз оқытушының шығармашылығындағы ерекшелік оның сабақты түрлендіріп, тұлғаның жүрегіне жол таба білуі. Болашақ маман сабақты түрлендіре отырып, педагогикалық психологиялық тұрғыдан тұлғадағы өз-өзіне деген сенімділікті, өзара сыйластықты, өзара түсінушілікті қалыптастыру, тұлғаның өз-өзін жетілдіруіне мүмкіндік беру оқытушының құзырындағы үлкен мүмкіндік. Өзгермелі қоғамдағы жаңа формация мұғалімі – педагогикалық құралдардың барлығын меңгерген, тұрақты өзін-өзі жетілдіруге талпынған, рухани дамыған, толысқан шығармашыл тұлға құзіреті.
Креативтілікті дамыту, тұлғалық, кәсіби және рухани шыңдарға жету үдерісінде, тұлғаның өзін-өзі маңызды етуі маманның шығармашылық кемелдігінің қалыптасуына әсер етеді. Креативті тұлғаның өзін-өзі маңызды етуінің жоғары деңгейінде, өмірлік болмыстағы маманның шығармашылық кемелденуі тиімді, аса тұрақты және ұзақ болып табылады. Креативті тұлғаның өзін-өзі маңызды ету үдерісінде, маманның шығармашылық кемелдігінің қалыптасуы және дамуы, акмеологиялық онтогенез кезінде, рухани, тұлғалық және кәсіби шыңға жетуде адам өмірінің нәтижелі кезеңі болып табылады.
Қорыта айтқанда, қоғамда жаңа экономикалық жағдайда еліміздің өркендеуі мен ғылымның даму ықпалы білім беру құрылымы мен мазмұнын жетілдіру міндетін қояды. Білім мазмұнының ұлттық негізде берілуі мен оқытудың жаңа міндеттері және озат тәжірибелердің жинақталуынан білім беру креативті-педагогикалық өркениетке енуде. Мұндағы ең басты талаптардың бірі – білім беруді дамытудың жаңа бағдары – инновациялық жаңару стратегиясыңда болашақ маманның бәсекеге қабілетті тұлға ретіңде кәсіби құзырлығының жоғары дәрежеде болуы.
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген