Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

БОЛАШАҚ МЕНЕДЖЕРЛЕРДІҢ БІЛІМ БЕРУДЕГІ КӘСІПКЕРЛІК МӘДЕНИЕТІН ДАМЫТУ

Материал туралы қысқаша түсінік
болашақ кәсіпкер психологтарға
Материалдың қысқаша нұсқасы

БОЛАШАҚ МЕНЕДЖЕРЛЕРДІҢ БІЛІМ БЕРУДЕГІ КӘСІПКЕРЛІК МӘДЕНИЕТІН ДАМЫТУ


Ералықызы Гаухар

ҚазҰПУ-ң магистранты, Алматы қ.

Ғылыми жетекші: Абсатова М.А.- п.ғ.д. профессор


Аңдатпа

Мақаланың мақсаты мәдениет, кәсіпкерлік, кәсіби және кәсіпкерлік мәдениет ұғымдарына жалпылама тоқталып, менеджерлердің білім берудегі кәсіпкерлік мәдениетін зерттей отыра, дамыту.

Кілтсөздер: менеджер, кәсіпкерлік мәдениет, кәсіпкерлік мәдениетін дамыту.


DEVELOPMENT OF ENTREPRENEURIAL CULTURE OF FUTURE EDUCATION MANAGERS


Yeralykyzy Gaukhar

Master's student of KazNPU, Almaty sity.

Annotation

The purpose of the article is to generalize the concepts of culture, entrepreneurship, professional and entrepreneurial culture, develop and study of entrepreneurship culture of education managers.

Keywords: manager, entrepreneurial culture, development of entrepreneurial culture.


Болашақ менеджердің кәсіпкерлік мәдениетін дамыту мәселесін тұжырымдау мен зерттеудің өзектілігі елдің даму ерекшеліктерімен, жоғары білімнің гуманистік құндылықтар мен мағыналарға бағдарлануымен байланысты.

«Кәсіпкер» термині ХVIII ғасырдың басында өмір сүрген француз экономисті Ришар Кантилльон арқылы енгізілді және бұл сөз қазіргі уақытқа дейін жаңа кәсіпорынды құрумен немесе қоғамға ұсынылатын жаңа идея, өнім және қызмет түрін жасап шығарумен байланысты тәуекелді өз мойнына алатын адам ұғымын білдіреді [1].

Кәсіпкерлік жұмыс нәтижесі бойынша ұжымдық әкімшілік жауапкершілікті емес, ал жеке тұлғалық экономикалық жауапкершілікті білдіреді. Менеджер табиғатына П. Друкер сипаттама берді. Оның пікірінше, менеджер арнайы екі міндетті атқарып дамытады [2].

Менеджердің бірінші міндетіне - қолда бар ресурстармен “нағыз тұтас” өндірістік бірлік құру. “Өндірістік бірлікті” құру міндетін шешу үшін менеджерге бүкіл әлсіз буындарды жою, барынша дамытуды қамтамасыз ету, ұйымдық мәселелердің барлық күшті жақтарын, бірінші кезекте адам ресурстарын пайдалану үшін тырысуына тура келеді. Кәсіпорынның күнделікті іс-әрекеті менеджердің көз алдына әрдайым елестеуі, қол жеткен нәтижелер барынша үйлестіріліп отыруы тиіс.

Менеджердің екінші міндетіне – кез келген шешімді қабылдап, іс-әрекетке кіріскенде бүгінгі талапты ескерумен қатар кәсіпорынның болашағы туралы да ойланып-толғануы да жатады. Әрбір менеджерге өзінің басқару міндетіне жатпайтын көптеген істерді атқаруына тура келеді. Алайда барлық менеджерлер үшін олардың қызмет орнына қарамастан, ортақ қызмет міндетті болады.

Кәсіпкерлік мәдениетті оның тұрақты кешенінен тұратын жеке тұлғаның субъективті сапасы ретінде қарастыруға болады. Әдіснамалық білім және өмірлік тәжірибе бизнес саласына байланысты құнды қатынастар болып табылады. Осы негізде болашақ мәдениетті жүйелі түрде анықтайтын, кәсіпкерлік мәдениеттің құндылық-семантикалық компоненті жетекші деп санауға болады. Ол мазмұнын және кәсіпкерлік қызмет саласындағы менеджерлердің әлеуметтік бағыты, сонымен қатар менеджерлер қолданатын тиімділікке әсер етеді.

Кәсіпкерлік мәдениеттің практикалық құралдары құндылық-мағыналық дамытуымен қатар белсенді коммуникативті және операциялық-тактикалық деп бөлуге болады.

Біз бірінші компоненттің мазмұнын екі негізгі компонент бойынша негіздедік: менеджердің кәсіпкерлік қызмет пен қалыптасудың тар утилитарлық және әлеуметтік бағыттарын үйлестіре отырып, құндылық қатынастарының тұрақты кешені бар кәсіпкерлік мәдениеттің әдістемелік аппараты.

Екінші, болашақ менеджерлердің кәсіпкерлік мәдениетінің белсенді және коммуникативті компоненті, менеджер дамыған рефлексияны; өзін-өзі талдау және өзін-өзі түзету дағдыларын танып жан-жақты қамтиды.

Үшінші, оперативті-тактикалық компонент экономикалық басқаруда болашақ менеджерлердің кең хабардарлығын және оған іргелес жатқан ғылым салалары; кеңейтілген ақпаратқа ие болу технологиялары; құқықтық және іскери құжаттамадағы жұмыс тәжірибесі жатады.

Болашақ менеджердің кәсіпкерлік мәдениеті - бұл болашақ менеджерлердің әртүрлі функциялар туралы хабардар болуымен көрінетін интегративті жиынтығы. Жоғары оқу орнындағы білім беру процесінің ақпараттық-білім беру және қызметтік-практикалық компоненттерін пайдалана отырып, негізгі жобаларды әзірлеу және іске асыру қабілеті болып табылады. Менеджмент – адамдардың қарым-қатынасының ең қолайлы тәсілі. Кез-келген жұмыстың сапалы, нәтижелі орындалуында адамдардың өзара қарымқатынастарының алатын орны ерекше. Менеджмент жүйесінде маманға аса қажетті сапалар: адамдарға деген сүйіспеншілік; маманның кәсіби сана сезімі мен жауапкершілігі; маманның өзін-өзі әрдайым жетілдіруге дайындығы; әділдік; эмпатия; тілектестік; ынталылық; ашықтық.

В.И.Андреев даму мен өзін-өзі дамыту процесінің 2 ерекшелігін атап өтеді: тұлғаның өзгерісі сырттан емес, оның өзіне-өзінің ішкі мақсатқа бағытталған әсерінен болады; өзгерістер тек қана мотивте, интеллектуалды, эмоционалды аймақта ғана болмайды, сондай-ақ, барлық «өзіндік» процестерде жүреді: өзін-өзі тану, өзін-өзі анықтау, өзін-өзі жетілдіру, өзін-өзі өзектендіру, өзін-өзі басқару (1-сурет) [3].

Shape1

Сурет-1. Тұлғаның өзін-өзі басқа алу сапалары


Кәсіпкерлік мәдениет тұтас мәдениет ретінде қарастырылады. Оның тұтастығына қоғамның барлық салаларында әсер ететін өзара байланысты өлшемдер арқылы қол жеткізіледі.

1. Субмәдениетін қалыптастыратын кәсіпкерлердің әлеуметтік қауымдастығы.

2. Кәсіпкерлік қызмет белгілі бір қызмет түрі ретінде сипатталады: бастамашылдық пен мақсаттарға инновация арқылы жету, тәуекелге баруға дайын болу, тәуелсіздік және жауапкершілік алу.

3. Өз іс-әрекетінде кәсіпкерлік мәдениеттің негізгі құндылықтарын мақсатты түрде жүзеге асыратын жеке субъект [4].

Сонымен қатар, кәсіпкерлік мәдениет, бір жағынан, қазіргі қоғамның жай-күйі мен дамуын бейнелесе, екінші жағынан, өзінің құндылықтар мен қатынастар жүйесіне түзету енгізеді.

Қорытындылай келе, кәсіпкерлік және кәсіпкерлік мәдениет түсініктері егіз ұғымды. Себебі, кәсіпкер болатын адам кәсіпкерлік мәдениетті сақтау тиіс. Яғни, іскерлік қарым-қатынас этикасын дұрыс ұстану керек. Кәсіпкердің шыншыл болуы – онық мағызды моральдық қасиеті болып табылады. Ол екіжүзділікке, өтірік айтуға, ырғақтарды жеке мақсаты, мансабы үшін өзгеше сипатта қарауға, түсінуге қарсы.

Сонымен қатар кәсіпкерге өзіне шектен тыс сенімді болу, қызметтеріне, бағыныштылары мен келушілерге шыдамсыздық таныту – үлкен қателік болып табылады. Қоғамдық пікірді еске ала отырып, өз-өзіңе жоғары талап қоя білу кәсіпкердің өзің-өзі ұдайы жетілдіру ғана емес, өзгелерден сондай жетілуді талап ету болып табылады. Талап қоя, сұрай білу де – кәсіпкердің кәсіптік имиджін моральдық кодексінін талаптарынығ бірі. Талап ету – сенім білдірумен, сыйлаумен сабақтасып жатуы қажет. Қазіргі жағдайда кәсіпкерлік мәдениет «қоғамдық түсіністікке» және «ынтымақтастық» гуманистік қағидатына бағытталған жеке мәнді мәдениеттің ерекшеліктерін өздігінен дамытуға тырысады.

Бүгінгі таңда кәсіпкер деп, иелігіндегі қажетті құралдары бар пайдалы жұмысты ұйымдастырушы адамды айтады. Бұлардың қатарына жататындар – шағын кәсіпорындар иесі, акционерлік қоғамның басқарушысы, кооперативтің жетекшісі және шаруашылық бірлестіктерінің менеджерлері немесе жалдамалы басшы. Сонымен қатар, ұлттық кәсіпкерлік мәдениет деңгейін сақтау болып табылады.


Әдебиеттер тізімі:

  1. https://cyberleninka.ru/article/n/formirovanie-predprinimatelskoy-kultury-buduschih-menedzherov-usloviya-i-printsipy

  2. Ожерельева О. Ю. Предпринимательская культура: ценностные ориентиры и социокультурные механизмы развития в российских условиях // Историческая и социально-образовательная мысль. 2012. №2 (12). С. 178–182.

  3. Лебедева А.Н. Білім берудегі менеджмент.- Алматы, 1998

  4. Исаева З.А. Подготовка менеджеров образования в высшей школе.- Алматы: Қазақ ун-ті, 2005.-135с.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.05.2021
312
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12