400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»

Материал туралы қысқаша түсінік
әдіс алмасу
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ашық сабақ


Сабақтың тақырыбы: «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» 
Сабақтың мақсаты: Рухани жаңғыруды сипаттау және патриоттық сананы ынталандыратын ұлттық құндылықтарды жаңғырту; Оқушылардың бойында ұлттық сананы ояту, жас ұрпақ санасына, туған халқына деген құрмет, сүйіспеншілік, мақтаныш сезімін ұялату, ұлттық рухты сіңіру.

Оқыту нәтижесі: Оқушылар рухани жаңғырудың – табысты ел болуымыздың кепілі екенін біледі.

Түйінді идея: Рухани жаңғыру болашаққа бағдар.

Көрнекілік: теледидар, ноутбук, слайд, стикер, карта, флипчарт, постер.

Мұғалімнің іс - әрекеті: Шаттық шеңберіне тұрады. Сұрақ қойылып, жауап берген оқушы теңгемен марапатталады. (2000теңге, 5000 теңге, 10000теңге, 500 теңге). Теңгелер бойынша өз топтарына отырады. Топтың ережесін еске түсіру. 

  1. Осы жеті атаны таратыңыз?

  2. Жеті атаңызды атаңыз?

  3. Жеті күнді атаңыз?

  4. Үш жүзді атаңыз?

  5. Үш байлық?

  6. Үш тәтті ?

  7. Үш арсыз?

  8. Үш биді атаңыз?

  9. Жаңа туған нәрестенің құрметіне жасалатын ойын-сауық той?

  10. Балалардың төбе шашын ұзартып, өсіріп моншақ араластырып өсіріп қояды. Бұл тек ер балаға жасалынатын қандай ғұрып?

  11. Ет желініп болған соң төрде отырған ақсақал табақта қалған етті жас балалар мен жас жігіттерге таратады ? -бұл қандай дәстүр ?

  12. Сыңсуды кім айтады?

  13. «Абай жолы» романында Абай жақсы көрген ойын аты?

  14. «Ақ киімді денелі ақ сақалды» қай өлеңнен үзінді?

  15. Ы.Алтынсариннің өлеңдер мен әңгімелер жинағы қалай аталады?

  16. Желаяқ, таусоғар, саққұлақ атты кейіпкерлер қандай ертегіде кездеседі?

  17. Елбасының туылған күні?

  18. ҚР Конституциясының авторы кім?

  19. ҚР Конституциясы қай кезде қабылданды?

  20. Қазақ хандығының негізін қалаушылар?

  21. ҚР мемлекеттік туының авторы.

  22. Елтаңба авторлары

  23. ҚР мемлекеттік әнұраны авторлары

  24. Еліміздің тұңғыш астанасы?

Таныстырылым: Еліміз жаңа тарихи кезеңге аяқ басты. Біздің мақсатымыз айқын, бағытымыз белгілі, ол – әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу. Мақсатқа жету үшін біздің санамыз ісімізден озып жүруі, яғни одан бұрын жаңғырып отыруы тиіс. 

І. ХХІ ҒАСЫРДАҒЫ ҰЛТТЫҚ САНА ТУРАЛЫ. Күллі жер жүзі біздің көз алдымызда өзгеруде. халқымның тағылымы мол тарихы мен ықылым заманнан арқауы үзілмеген ұлттық салт - дәстүрлерін алдағы өркендеудің берік діңі ете отырып, әрбір қадамын нық басу, болашаққа сеніммен бет алу. (қысқаша түсінік беремін).

Рухани жаңғырудың бағыттары:
1. Бәсекелік қабілет.

2. Прагматизм.

3. Ұлттық бірегейлікті сақтау.

4. Білімнің салтанат құруы.

5. Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы.
6.
Сананың ашықтығы.






Әр топқа тапсырма беріледі. Конвертке салынған тапсырманы алады, бағытын анықтайды, топтарында талқыланып, қорғалады. Стикермен бағытына жапсырады.


Сергіту сәті: Шаңырақ көтеру.

Қадыр Мырза Әлінің «Қазақтарды шетелдік қонақтарға таныстыру» бейнероликті көріп, мазмұнын түсіну, өз ойларын жеткізу.

Қорытынды:

Аяқталмаған сөйлем: «Рухани жаңғыру -........»

«Рухани жаңғыру - дәуір талабына сай жаңғыру» «Рухани жаңғыру - әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу" «Рухани жаңғыру – табысты ел болуымыздың кепілі» «Рухани жаңғыру – ұлттық сана - сезімнің көкжиегін кеңейту».


Ән: «Мен Қазақпын!» өлеңімен аяқтайды.


Кері байланыс: «Табыс баспалдағы».











Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары: М.С.Алим



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
06.06.2018
1060
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі