«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» балабақшадан бастау алады.
Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы аясында атқарылып жатқан барлық іс-шара қоғамның дамуына өз үлесін қосуда. Мектепке дейінгі мекеме тәрбиеленушілері де өз үндерін қосып, белсенділік танытуда.
– Рухани жаңғыру біздің дамуымыздың ең басты тұғырларының бірі, білім беруге қойылып отырған жаңа талаптарды орындауда, балабақшада көптеген жұмыстар жүргізіліп, балалардың сапалы білім алуына, мамандардың жаңа технологияларды білім беру жүйесінде қолданып, болашақта бағдарлы жұмыстар жүргізілетінін айта келе, ішкі руханиятымыз арқылы, сыртқы өзгерістерді жақсы жағынан қабылдап, жаңғырудың даңғыл жолына түсуге көшбасшымыз бізге дара жол көрсетті. Ол соқпақтардан қалай өту керектігін айтып, бағыт бағдар берді. Ендеше, көкжиектен ауытқымай, ұлт көшбасшысының өскелең ұрпаққа меңзеген дара жолымен биік шыңдарды бағындырайық.
Елбасы «Жаңа тұрпатты жаңғырудың ең басты шарты – ұлттық кодыңды сақтай білу» деп орынды атап көрсеткені белгілі. Елбасымыздың мақаласында атап көрсетілгендей, қазіргі жастар өздеріне үлгі тұтар тұлғалардан өнеге ала білуі керек. Осыған орай бұл туралы балабашада «Рухани жаңғыру» аясында көптеген ертеңгіліктер ,«Менің Отаным – Қазақстан», «Салт-дәстүрім – таусылмайтын байлығым» атты тақырыпқа ашық оқу қызметін көрсетуге болады. Білім беру жүйесінде жаңа технологияларды пайдаланып, жаңаша әдістер қолданылады. Сонымен қатар«Тіл тірегіміз, салт-дәстүр, ұлттық сана, соғып тұрған жүрегіміз» атты тәрбие сағаттарын өткізуге болады. Елбасымыз еліміздің экономикалық, саяси және рухани жаңғыруына ерекше мән беріп отыр. Сондықтан еліміздің әрбір азаматы мемлекетіміздің күшті де қуатты болуына сүбелі үлесін қоса білуі қажет. Бүгінгі өскелең жас ұрпақ, жас маман, жас педагогтар ұлттық рух пен ұлттық сананы жаңғыртуды болашаққа бағытталған үкілі үміт, асқақ арман, абыройлы парыз деп қана қабылдамай, төл міндет және тегеурінді талап деп ұғынғандары абзал.
Мен де, тәрбиеші, ұстаз ретінде өз үлесімді қосу мақсатында білім жолындағы тың идеяларды іздеймін. Біздің ең биік мақсатымыз келешегі кемел білімді ұрпақ тәрбиелеу. Бала бойына сапалы білім мен үлгілі тәрбиені сіңіру - тәрбиешінің алдына қойған басты мақсаты деп білемін. Әр үйдің үміті болған кішкентай бүлдіршіндерді Отансүйгіштікке, ұлттық салт - дәстүрімізді құрметтеуге, өлкеміздің табиғатын қорғауға қалыптастыру балабақша табалдырығынан бастау алуы қажет. Елбасымыздың алға қойған міндеттерінің бірі білім беру саласында ауқымды өлкетану жұмыстарын жүргізуді, экологияны жақсартуға және елді мекендерді абаттандыруға баса мән беруді көздеген. Осы бағытта
балаларға экологиялық білім
мен тәрбие беру бағытын қосымша жоспар жасау арқылы балаларды туған
табиғатқа деген сүйіспеншілікке тәрбиелеп, оның әсемдігін терең
сезінуге, өсімдіктер мен жануарлар дүниесін қамқорлыққа алуға баулу
арқылы, балабақшада табиғат жөнінде қарапайым білім беріп, осының
негізінде тірі және өлі табиғаттағы құбылыстар туралы нақты
жалпылама түсінік қалыптастыруға болады. Осы міндеттерді жүзеге
асыру барысында ең алдымен экология оқу қызметімен пәнаралық
байланыс ұйымдастыру, ертеңгілік жаттығуларды, оқу қызметтерін
табиғат аясында өткізу арқылы табиғаттың әсемдігін сезіндіріп, оны
қорғауға тәрбиелеу. Сонымен қатар күннің екінші жартысында табиғат
бұрышындағы бөлме өсімдіктеріне қамқорлық жұмыстарын ұйымдастыру
арқылы балаларды еңбекке тәрбиелеймін. Отбасы және балабақша
арасындағы ынтымақтастықты арттыру мақсатында «Құстарға қамқор
болайық» тақырыбындағы тәрбие сағатын өткізуге болады.
Қорытынды:
Сөзімді қорытындылай келе, мен өз балабақшамда тәрбиеші ретінде
балабақша бүлдіршіндерін білімге деген құштарлығын арттырып, оны
әрі қарай шыңдап, бүгінгі заман талабына сай етіп, жеке тұлға
қалыптастыруда аянбай еңбек етуге тәрбиелеймін. Мектепке дейінгі
ұйым тәрбиешісі жан - жақты болуы шарт деп есептеймін. ұрпақ
тәрбиесінде үш тілділікке бағыт бұру. Елбасымыз «Рухани жаңғыру»
мақаласында қазіргі заманды және болашақты терең түсіне алатын
білімді адамдар ауадай қажет деп көрсеткен болатын. Осы бағытта
алдағы уақытта атқарылатын жұмыстар мен міндеттер көп. Мағжан
Жұмабаев атамыз өзінің ұлағатты бір сөзінде былай деген: «Баланы
тәрбиешінің өзіндей қылып шығармай, келешек заманына лайықтап
дайындау керек». Иә, Мағжан атамыз айтқан даналық ой бүгінгі күнгі
білімді ұрпаққа қаратылып айтылғаны көрініп тұр. Өйткені елдің
ертеңгі тірегі – балабақшадағы тәрбиеленіп жатқан балдырғандарымыз.
Олар заман талабына сай тәрбиеленуі тиіс деп есептеймін.
Бұл жаңғыру –
тарихи сәт сауапты,
Сауапты іске
бәріміз де жауапты:
Тұлпарымыз озсын десек
бәйгеде, Ұрпағымыз болсын
десек сауатты.
Бұл жаңғыру – Туған Жерді түлету, Ен даланың кең құшағын гүл ету.
Бейсенова Айжан Бектурсыновна «Айналайын» балабақшасының тәрбиешісі
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз