15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру». Бәсекеге қабілетті мамандар даярлау
«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру». Бәсекеге қабілетті мамандар даярлау
Елбасымыз Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты жолдауында
«Жастарымыз басымдық беретін межелердің қатарында білім әрдайым бірінші орында тұруы шарт, болашақта ұлттың табысты болуы оның табиғи байлығымен емес, адамдарының бәсекелік қабілетімен айқындалады, компьютерлік сауаттылық, шет тілдерін білу, мәдени ашықтық сияқты факторлар әркімнің алға басуына сөзсіз қажетті алғышарттар санатында» - деп атап өткен болатын.
Олай болса ХХІ ғасырға лайықты білімді, қажетті алғышарттарды бойына сіңірген, латын тілін жетік меңгерген, бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау бүгінгі күннің талабы. Өйткені, ел болашағының кілті - бүгінгі жас ұрпақтың қолында. Жас ұрпақ болашағына бағдар беріп, рухани жаңғыру жолында «Бағдарламалық қамтамасыздандыру» кафедрасының оқытушылары да өз үлестерін қосуда.
Елбасымыздың өз жолдауында «ағылшын тілі - жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі» - деп айтып қана қоймай, оны жүзеге асыруда құрылған «Болашақ» бағдарламасы аясында кафедрамыздың білікті оқытушылары Ж.Ергешова, А.Аманова Малайзия мемлекетінің Куала Лумпур қаласындағы «Инновациялық және технологиялық Азия-Тынық мұхиты» университетінде, ал А.Амренова Англияның Glasgow Caledonian University университетінде ағылшын тілін beginner деңгейінен preintermediate деңгейіне арттырып, курстан өтуде. Әрине, бұл оқытушыларымыздың техникалық және кәсіптік білім беруде «Кәсіпқор холдингі» ҰАҚ енгізген, модульді-құзыреттілік оқыту жүйесі негізінде эксперименттік алаң ретінде құрылған, П2У тобында арнайы пәндерді ағылшын тілінде СLIL технологиясымен оқытуға үлес қосары анық, ал М.Балғазиеваның balgazieva.kz, multiurok.ru/sd-kz қолданыстағы жеке блогының осы жүйе бойынша дәріс беретін оқытушылар мен білім алушыларға да көмегі тиюде.
Техникалық және кәсіптік білім беру саласын жаңғырту мақсатында енгізілген Елбасымыздың дуальды оқыту жүйесі негізінде 1304012 - «Электрондық есептеу машиналарының операторы» біліктілігі бойынша әлеуметтік серіктестік мекемелермен бірігіп, тығыз байланыста жұмыс жасау нәтижесінде жас маманға деген сұраныс артуда.
Талантты жастарды іздеу және қолдау мақсатында кафедра меңгерушісі Г.Қанабекова мен оқытушылар В.Сигаева, Ұ.Құдабаева, Ә.Климова, М.Серікжан ұйымдастырған «Веб-дизайн» және «Компьютерлік графика» кәсіби шеберлер конкурсының нәтижесінде, жеңімпаздар Almaty 2018 WorldSkills аймақтық чемпионатына жолдама алды.
Елбасымыз жолдауының аясында Г.Имангалиева, С.Бердібаева, Г.Қанабекова ұйымдастырған «Болашаққа 6 қадам алгоритмі» атты кафедра аралық жас оқытушылар арасындағы сайыс барысында, әр қадам бойынша рухани жаңғыруда жас оқытушыларға бағыт-бағдар беріліп, педагогикалық көмек көрсетілді.
Мемлекеттік «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасы» бойынша 1304000 «Есептеуіш техникасы мен бағдарламалық қамтамасыздандыру» мамандығының 1304012 – «ЭЕМ операторы» біліктілігі бойынша білім алушыларға кафедра оқытушылары М.Балғазиева, А.Амренова, Е.Молдабеков, А.Қабылбек, С.Бердібаева еңбектерін компьютерлік сауаттылық факторын қалыптастырудағы үлесіміз деп мақтанышпен айта аламыз. Бөлім меңгерушісі А.Бастасова жетекшілігімен 94 білім алушыға біліктілік сертификаттары тапсырылса, 22 білім алушы қазіргі таңда дәріс алуда.
«Жастар Отанға» бағдарламасы аясында кафедра оқытушылары Г.Омарова, Ұ.Құдабаева, Г.Аманова ұйымдастыруымен және «Жас Отан» жалынды жастарының қатысуымен ҚР-ның еңбек сіңірген қайраткері, психология ғылымдарының кандидаты, PHD докторы, «Асыл арна» телерадиокомпаниясының директоры, айтыскер ақын Мұхамеджан Тазабекпен кездесу кеші өтті. Кездесу кешінің басты мақсаты - жастар арасында қоғамдық-рухани құндылықтарымызды дәріптеу және жаңа қазақстандық патриотизмді қалыптастыру.
Рухани жаңғыру жолында кафедраның әрбір жетістігінің артында өзінің еңбегімен, білімімен, өнерімен ат салысқан әріптестеріміз бен студенттерімізді Елбасымыздың «100 жаңа есім» жобасы бағытына негізделіп құрылған, кафедраның «10 жаңа есімі» құрметіне лайық деп есептеймін.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген