Тақырыбы: Болашаққа бағдар:рухани
жаңғыру «Ерлікке
тағзым»
Мемлекетіміздің жаңа даму
кезеңі – тікелей жастардың қолында. Тағылымы мол тарихымызбен, ұлы
бабалардың ұлағатты өмірінен алар тәлімімізбен, біз алдағы асулар-
дан оңай асамыз. Бізді бір – бірімізбен біріктіретін де, ба- уыр
ететін де бабалардың бостандық жолында төгілген қаны деп білемін.
Тарихтың тағылымына терең үңілсең, сын сағатта туған елге
перзенттік парызды бәрінен биік қоя білген. Елдік мұрат жолындағы
ұлы ерлік әрқашан аталарымыздың бойынан табылған. Халқымызда
өнегелі де, өміршең, бір туар азаматтардың ардақты етер өрелі
істері жетерлік. Олардың санындағы батырлар мен көрнекті
қайраткерлердің тізімін түгел айтар болсақ олар- ды айтып тауысу
мүмкін емес. Барлығы да қазіргі Қазақстанның іргетасын қалауға
сүбелі үлес қосқан жандар. Жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беруде
зиялы қауымның рөлі зор. Ұлт көшбасшысының «Мәңгілік ел» бастамасы
бүкіл халықты биік мақсатына ортақ мүддеге біріктіретін ұлттық
идеяға айналып отырғанына қуанамыз. Елдің бірлігі – алдыңғы кезекте
тұрады. Бірлігі тату елдің болашағы әлбетте, зор болмақ. Мәңгілік
ел ұғымы – ұлттың қазақ жерінде мәңгілік ғұмыр кешуі. Жаңа XXI
ғасыр еліміздің даму жолындағы оңай ғасыр болмасы белгілі. Бұл
кезең кез – келген қазақ ба- ласы үшін қиындықсыз болмауы мүмкін.
Бірақ жалын- ды, жігерлі жастар бұл қиындықтарды бастан кешіруге
дайын. Қазақ халқында «Бүгінгі жас – ертеңгі ел ағасы», «Ақыл –
жастан асыл -тастан» - деген нақыл сөздер бар. Осы сөздердің мәніне
терең үңілер болсақ, бүгінгі жас ұрпақтың ертеңгі күні еліміздің
тізгінін ұстайтын, басшы азаматтарға айналатынын болашақта ел
билігі жастардың қолында болатынын білдіреді. Сәл шегініс жасап осы
жастар жайлы ойымыздың кешегісіне тоқталайықшы. Еліміздің
тәуелсіздік алуы мемлекеттің жастар саясатына жаңаша қарау талабын
қойды. Елімізде кеңестік жастарды тәрбиелеу жүйесін түп орнымен
өзгертіп, оларды біріктірудің елдікке, отансүйгіштікке баулудың
жаңаша формасын ойлап табу қажеттілігі пайда болды. Міне, осындай
қоғамдық қажеттілікте айқын сезінген Елбасы Н.Ә . Назарбаев «Нұр
Отан» партиясының XIII съезінде Қазақстанның білімді жастарының
басын біріктіретін «Жас ұлан» бірыңғай қозғалысы және «Жас қыран»
бірыңғай бала- лар ұйымдарының жаңа жүйесін құру керектігін айтқан
болатын. Мемлекет басшысының осы идеясы – көп ұзамай жүзеге асып,
республикалық бірыңғай «Жас ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы
Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың туған күнінде, Астана күнінде 2011 жылы 6
шілдеде құрылды. Осы ұйымның құрылу рәсіміне Елбасының өзі қатысып,
ұйымның жастарды елжандылыққа тәрбиелеудегі рөлін баса айтты. «Жас
ұлан» ұйымының мемлекет пен жа- стар арасында байланыс орнату,
оқушы жастар мен жасөспірімдердің басын біріктіру, олардың бойында
елдік сана қалыптастыру бағыттарындағы құлшынысы қуантады. Біздің
мемлекетімізде де, «Жас ұлан» ұйымы белсенді жұмыс атқарып,
Қазақстандағы өмірді жақсартуға, болашағының жарқын болуы үшін
өздерінің бойларындағы білімдері мен шығармашылық күштерін
жұмсауда. «Жас Ұлан» ұйымы әрбір жаңа жобаларға, әлеуметтік
бастамаларға, акцияларға, мерекелерге,өнер мен спорт саласына,
сапалы білімге де ерекше на- зар аударып ұйымның жұмысын
жандандыруға, бағдарламасын дамыту да белсенділік танытуда. Туған
жерімізді, Отанымызды құрметтеу, қорғау, оған көмек көрсетуде
аянбай күш – жігерін пайдаланып келеді. Тәуелсіз еліміздің болашақ
иелерін тәрбиелеудегі үлгілі істерімен қатар қоғамдық жұмыстарға
белсене араласып жүрген ұйым құрылған күннен бастап – ақ,
қайырымдылық шараларын өткізуге ден қойды. «Мектепке жол»,
«Балаларға қуаныш сыйла», «Жол ашар» қайырымдылық акциясына белсене
ара- ласып, әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасы ба- лаларына
көмек қолын созуға араласты. «Қарттарым – асыл қазынам», «Жалғыз
басты қарттыққа жол жоқ» тақырыбындағы іс – шаралар мен акцияларда
ауылда тұратын жалғыс басты, Ауған және тың ардагерлер мен
кездесулер өткізіп, ризашылығына бөленіп келеді. Әрбір өткізілетін
шараның терең мазмұндылығы, оқушыларға берер тәлім – тәрбиесі
ескеріліп отырады. Соның ішіндегі «Елі сүйген, елін сүйген -
Елбасы» атты іс – шараны атап өтер едім. Бұл тәрбиелік шараға «Жас
ұлан» ұйымының мүшелері белсене қатысты. Жиында қазақ халқының
тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың өмір жолы, туып өскен, оның
білім алған, қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат берілді.
Елбасының өмір жолы, жастарға үлгі етілді. Бүгінгі «Жас ұлан»
мүшелері жеті түрлі білім алып, жеті жұрттың тілін біліп қазақ
елінде саламатты өмір салтының салтанат құруына ат салысу үстінде.
Әрбір оқушы осы ұйымдағы белсенді оқушылардың болмы- сына, іс-
әрекеттеріне қарап басқа оқушыларда да бой түзеп келеді. Біздің
өнерде де, спортта да, білімде топ жарған мүшелеріміз жетерлік.
«Отаныма 25 игі іс», «Жас ұлан» ұйымының бес жылдығына орай
ұйымдастырылған «Менің құрдастарым» тақырыбында шығарма жазудан
өткен аудандық байқауда Жандос Бекенов II орынды, аудандық Абай,
Шәкәрім оқуларында жас әншіміз Айару Бағдат II орынды, талапкер жас
ақын Аян Нұрханов III орын тұғырына көтерілді. Халықаралық «Ақ
көгершін» балалар шығармашылық фестивалі байқауына қатысқан Қарақат
Ошақбай I дәрежелі дипломға ие болды. Иә, айта берсе, жетістіктер
жетерлік. Елбасымыздың алдымызға қойған ұлы міндеттерін жүзеге
асырып, еліміздің патриотттарын тәрбиелеуде мектеп ұжымы, «Жас
ұлан» ұйымы аянбай еңбек ете береді.