Материалдар / Болашаққа кітаппен
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Болашаққа кітаппен

Материал туралы қысқаша түсінік
оқушының білімді болуға, кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
14 Қаңтар 2019
916
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: Болашаққа кітаппен

Сабақтың мақсаты: оқушының білімді болуға, кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру.

Міндеті:оқушылардың ақпараттық коммуникативтік біліктерімен дағыдыларын анықтау

Көрнекілігі: « Кітап-ақылды қуаттандыратын құрал» атты кітап көрмесі, қанатты сөздер.

Өту барысы:

1.Таныстыру.

2.Бәсекеде білімділік (сұрақ-жауап)

3. «Кім тапқыр?» ребус шешу.

4.Үй тапсырмасы (өзіннің сүйікті кітабына байланысты буклет жасау)

5.Қорытынды

Әділқазылар мүшелерін сайлау

Кітапханашы: Армысыздар, жас оқырамандар.Бәсекеге қабілеттіліктің басты көрсеткіші білімнің кәусар бұлағы кітап екені бәрімізге белгілі.

Кітапхана –оқырмандар ордасы,

Талпынғанға ең алғашқы қолдаушы.

Қажетті өтеу кітапхана парызы,

Іздегенді бағыттаушы жолбасшы,

Кітапханашы: Ұнатамын халық әнін сарынды,

Биіктектен ой-санамды, арымды.

Ізгілікті әндерінен Абайдың.

Парасаттың шұғыласы тарайды.

Ән: «Көзімнің қарасы».

Кітапханашы:Қатысушылардың өздерін таныстыруына құлақ түрейік.

Көрініс: «Кітаптардың әңгімесі».

Кітапханашы:(бәсеке жасырылған сұрақтарды суырып алып, жауап беру арқылы өтеді)

1.Астана қаласы қай жылдан бастап, Қ .Р. астанасы болды?(1998)

2. Н.Ә Назарбаев қай жылы Президент болып сайланды? (1желтоқсан 1991 жыл)

3.Жеті жарғы заңдар ережесін кім шығарған? (Тәуке хан)

4. Өнер білім бар жұрттар,


Тастан сарай салғызды.

Айшылық алыс жерлерден,

Көзді ашып жұғанша,

Жылдам хабар алғызды

Кімнің өлеңі? (Ы. Алтынсарин)

5. «Құтты білік» кітабының авторы кім? (Жүсіп Баласұғын)

Кітапханашы; «Науқас кітап» көрініс.

«Кім тапқыр?» айдары бойынша ребус шешейік.

1. Кітапхана.

2. Оқулық.

3. Мектеп-кеме, білім теңіз.

4. Кітап –рухани құндылық.

Кітапханашы: Қуан бүгін, қуанатын күн бүгін, Серпіп таста мұңды жүрек түндігін.

Кел, оқырман тойын тойла кітаптың,

Шаттанатын мерекелі күн бүгін.

О, кітап бас иемін мәртебеңе,

Игілік-қазынасың бар адамға.

Сен берер жақсылықтың есебі жоқ,

Жеткізіп жолын тауып айта аламын ба? – дей келе оқырмандарымыздың келесі тапсырмасы бойынша өздерінің сүйікті кітаптарынан бүктеме жасау керек еді. Сол тапсырмаларын қорғауға шақырамыз.

Кітапханашы: Кітапхана кітап қоры кешені,

Ерен істер атқарылды еселі.

Ғүламалар мұрасының міңгі орны,

Ой еңбектің қасиетті мекені.

Биіктей бер мақсаты үлкен шаңырақ,

Тануда әлем алдың нұрлы шамшарақ.

Ой еңбегі жарқырасын өміршең,

Ғылым, ілім өркендеп өс болашақ, - дей келе бүгінгі байқауымыздың қортындысын шығаруға әділқазыларға сөз береміз.

(Әділқазылардың қортындысы бойынша қатысушылар жүлделі орындармен марапатталады)

Қорытынды:Сөз соңында тілегім бар былай деген,

Киелі, алтын бесік, құтты мекен.

Кітапханам-жиырма бірінші ғасыр да,

Қажетіне халқымның жараса екен,-дей келе бүгінгі байқауымызды аяқтаймыз.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!