Материалдар / Болашақта керек мамандықтар

Болашақта керек мамандықтар

Материал туралы қысқаша түсінік
Болашақта адам өзіне керек мамандық иесі атанып жетістікке жету керек
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
14 Ақпан 2021
364
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақ жоспары

Тақырыбы: «Оқуды қайда жалғастыруға болады»

Мақсаты:

Білімділік: оқушыларға болашақ мамандық және оқу бағдарын таңдауда көмектесу, мамандық әлемі және оның ерекшеліктері туралы дүниетанымын кеңейту;
Дамытушылық: оқушылардың өмір туралы, мамандықтар туралы көзқарасын дамыту, алдағы уақытта мамандық таңдауда дұрыс жолда болуына себепкер болу, таңдаған мамандығының өз бейімділігі мен қабілетіне сәйкес келуін нақтылау, өз-өзін танудың жалпы әзірлігін қалыптастыру
Тәрбиелік: мамандық таңдау мәселесін белсенді арттыру, мамандық әлемі туралы ақпарат алу арқылы және өзін тану шекарасын кеңейту арқылы мамандық бағытын таңдауда жауапты шешім қалыптастыру.

Көрнекілігі: интерактивті тақта

Әдіс- тәсілдері: «Ми шабуылы», дидактикалық ойындар.

Сабақ барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі

Саламатсыздар ма құрметті оқушылар мен  ұстаздар! Бүгінгі ашық тәрбие сағатымызға қош келіпсіздер!

Бәріміз де алдымен мынадай «Бұл кім?» тренингін ойнайық. (Оқушыларға  интерактивті тақтада белгілі бір кәсіп иелері көрсетіледі)

-          Бұл кім?

-          Мұғалім

-          Кітапханашы

-          Наубайшы

-          Заңгерлер

-          Шекарашылавр

-          Футболшылар

-          Әртістер

-          Суретшілер

-          Күзетшілер

-          Құрылысшылар , т.б.

-          Сіздер қалай ойлайсыңдар,  бұларды не біріктіреді? Жалпы түрде қалай айтуға болады?

-          Мамандық

-          Дұрыс айтасыңдар. Олай болса  ашық тәрбие сағатымыздың тақырыбы «Оқуды қалай жалғастыруға болады?» Яғни келешектегі мамандықты дұрыс таңдау.


Сабағымызды бастамас бұрын оқушыларымызды 2 топқа бөліп алайық. Оқушылар 2-топқа бөлінеді: 1-топ және 2-топ.

ІІ. Негізгі бөлім:

«Ми шабуылы» - ой қозғау: Мамандық дегеніміз не?

Оқушылардың қысқаша жауаптарын тыңдау.

 «Мамандық» сөзіне  анықтама беру.

 Профессия- латын сөзінен шыққан , “professio”- анықталған іс, мамандық дегенді білдіреді.

 Мамандық- қарапайым өмір сүру көзі болып табылатын және қандай да бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі.

  Әлемде 50 мыңға жуық мамандық бар екен және жыл сайын оған 500-ге тарта жаңа түрі қосылып отырады екен. Олардың ішінен өзімізге қажеттісін қалай таңдауға болады? Біз олардың қаншасы туралы білеміз? Мамандық таңдауда нені бағдар ретінде алуға болады? «Мектеп бітіргеннен кейін кім боласың?» деген сұрақтарға мектеп оқушыларының көбісі нақты жауап бере алмайды. Шындығына келгенде мамандық таңдау мәселесі әсіресе біздің қоғамымыз нарықтық қатынасқа көшіп отырған жағдайда өте күрделі мәселе. Жақын арада әрқайсыңыз мамандық таңдау мәселесіне тап боласыз. Мамандық таңдау- тағдырыңды таңдау деген сөз. Кейінгі өмірде өкінбейтіндей, өз қабілеті мен бейімділігіне сай кәсіп түрін таңдау.. Бұл өте жауапкершілікті және маңызды іс. Мамандық таңдауда әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына сүйену керек. Сондай- ақ өз мамандығының 10-20 жылға дейін өз сұранысын жоғалтпауына көңіл бөледі. Бұл мамандықтарға деген бірқалыпты тұрақты сұраныс деп аталады. Өзінің сұранысын, қызығушылығын жоймаған кең тараған мамандықтарға дәрігер, мұғалім және құрылысшы мамандықтарын атап өтуге болады. Ал, өзекті мамандықтар қатарына жоғары технология, байланыс, коммуникация, әлеуметтік орта, экономиканы басқару  мамандықтары және еңбек сұранысына қажетті жаңа мамандықтары жатады. Қоғамның дамуында  біздің өңірде, қазба-байлықтарын игеретін мамандық  иелері қажет.


«Әріпті мамандық»- ойыны. Әр топқа бір әріптен беріледі. Қай топ сол әріптен басталатын мамандық аттарын көп тапса, сол топ жеңіске жетеді. Сонымен қатар өздері тапқан мамандықтарының   қыр- сырын айту керек. 

     І- топ: «А», ІІ- топ: «К»

-Осы аталған мамандықтарды игеру үшін кәсіптік білім алуымыз қажет пе?


КӘСІПТІК БІЛІМ БЕРУДІҢ  ҚҰРЫЛЫМЫ:

Болашақ мамандықты әр түрлі оқу орындарынан алуға мүмкіндік бар. Оның негізгі түрлері:

  • Бастауыш кәсіптік білім: профессионалды лицейлер, кәсіптік мектептер

Бұл оқу орындарында жұмысшы мамандықтарын даярлайды.

  • Арнаулы орта білім: техникумдар, колледждер. Бұл оқу орындарына жалпы орта, орта және бастауыш кәсіптік біліммен алуға болады.

  • Жоғары кәсіптік білім:  ЖОО- ры (институттар, университеттер, академиялар). Бұл оқу орындарына орта біліммен және арнаулы орта білімнен кейін түсуге болады.

Сонымен қатар оқу орындарында оқу гранттары және ақылы оқу түрлері бар. Оқуға қабылданар алдында белгіленген пәндерден емтихандар тапсырады. Сол емтихан балдарына қарай топтарға бөледі. Әрі қарай біліміңді жалғастырып, мектепте оқытылған пәндерді тереңірек үңіле түсесіздер.


  • Мысалы өзіміздің қаламызда қандай оқу орындарын білесіздер?

  • Оқушылар жауаптары тыңдалынады

Дұрыс айтасыздар, біздің қаламыз кішкене болса да, мақтанарға тұрарлық оқу орындарымыз баршылық. Болашақта таңдау жасаған мамандығымызды осы лицей, колледждерімізден де табуға болады екен: педагогикалық мамандықтар, қаржы мамандары, инженер мамандары, аспаздар, техникалық мамандықтар, заңгер мамандықтары, т.б. көптеген сұранысы бар мамандықтар оқытылады.


Ал қазір «Ойлан, тап!» тапсырмасына назарымызды аударайық:

Мына мамандықтардың қайсысы

1) Қазіргі уақытта жоқ, жойылған

2) Сұранысқа ие

 

Суретші,  ЭВМ операторы, программист, егінші, трубочист, редактор, сыршы, атқосшы, дәрігер, ұшқыш, бухгалтер, сандық программалық құрадармен қызмет істейтін оператор, экскурсовод, ағаш өңдеуші, бақша маманы, аспазшы, клоун, педагог.


«Қол мидың жалғасы». Алақан бойынша мамандық саласын анықтау. Саусақтарымызды кеңірек ашып, ақ параққа  алақандарымызды түсірейік. Бас бармақпен  шынашақтың орта О нүктесімен белгілеп,  әрбір саусаққа түзу сызық жүргіземіз. Осы  жүргізілген сызба бөліктерін сызғышпен олшеп шығарыңыз.

Жауап.

1 Егер алақан  сызығыңызда  бас бармақ пен О нүктесі арасында сызба бөлігі ұзын болса, сіз басқарушысыз.

 

2. О нүктесі  мен сұқ саусақ  нүктесінің арасындағы сызық басқармаларынан ұзын болса, сіздің қорғаушы  әскери қабілетіңіз мол.

 

 3. Ортаң қол сызығы ұзынырақ болса, сіз дін адамы,  саясаткер болуға бейімсіз.

 

4.  Аты жоқ саусақ сызығы үлкенірек болса, сіз өнерге бейіміңіз мол, суретші, музыкант, архитектор, дизайнер  болуға қабілеттісіз.

 

5 .Шынашақ  сызығы үлкенірек  болса,  сіз-дәрігерлік, шипагерлікке  бейімсіз.


Өзің келіспейтін тұжырымдарды таңдап алып, ойыңды дәлелде

  • Мамандық бір-ақ рет біржола таңдалады

  • Мамандық таңдау қалтаның қалың болуына байланысты

  • Отбасы және достарынның ақылына сүйеніп мамандық таңдауға болады

  • Қартайғанда да мамандық таңдауға болады

  • Жақсы білім алу үшін қымбат оқу орнына түсу керек

  • Ақша болса, мамандық қажет емес

  • Мамандық таңдауда психологтің  көмегі қажет

  • Мамандық таңдаудағы басты өлшем – қызығу мен қоғамдық сұраныстың сәйкестігі

  • Таңдайтын мамандығымды болашақ табысым анықтайды

  • Мамандық таңдау – күн көріс қамы


«Ең жақсы» ойыны.
Қатысушылар екі командаға бөлінеді. Әрбір командаға мынадай нұсқау беріледі, оқушылар берілген мінездеме қай мамандыққа сай екендігін айтулары керек. Мысалы, ең ақшасы көп мамандық. Қай мамандық ең ақшалы болып табылады.


Қатысушыларға келесі мамандық мінездемелері ұсынылады:
Ең ақшасы көп- бухгалтер, экономист.
Ең жасыл- эколог, географ, бақташы, гүл өсіруші.
Ең тәтті-аспазшы, кондитер.
Ең күлкілі- клоун, карикатурашы.
Ең жауапты- сот, бухгалтер.
Ең салмақты-мұғалім,заңгер.
Ең қарым-қатынасы күшті-бизнесмен


«Менің арманым» деп аталатын келесі тапсырма: Әр оқушы өзінің болашақта кім болуды армандайтындарын айтсын.
- Себебі?

  • Басқа бір адамның әсері болды ма?

  • Оқушылар жауаптары тыңдалады.


«Сын сағат»

Адамдар қоршаған ортасына бейімделеді. Сол себепті де айналасындағы адамдарға ұқсауға немесе сол адамның салған ізімен жүруге тырысады. Ал біздердің қазіргі айналамыздағы көп мамандықтардың бірі – мұғалім. Дәл қазір сіздерге бір сәт болса да мұғалім болып көруге мүмкіндіктеріңіз бар.

Экранда сандар жазылған, сол сандарды таңдау арқылы сабақ беретін пәнді анықтаймыз.


1 және 2: 1 – қазақ тілі - Тақырып: Буын түрлері (ашық, тұйық, бітеу)

2 – тарих – Алғашқы адамдар тіршілігі, үй-жайы

- рахмет! Өте жаксы мұғалімдердің міндетін атқардыңдар. Отыра қойыңдар.


Қорытынды:

 

Мамандықтың жаманы жоқ әлемде,

Жаман қылған жалқаулар бар әр елде.

Сондықтан да жалқаулықты тастайық,

Игі істермен өмір жолын бастайық!

Оқыған маман – шын маман,

Мамандық алмай қоймайық.

Үйренем десең жалықпа,

Мамандық сырын анықта.

Қолыңнан жұмыс келмесе,

Тие ме пайдаң халыққа?

Еңбектің бәрі- мамандық,

Жер-көктің бәрі- мамандық.

Білуге бәрін талаптан,

Танытып нағыз адамдық.

Қорыта айтқанда, алтыннан да қымбат уақытымызды босқа өткізбейік, болашаққа деген сеніммен өмір сүрейік! Бүгінгі сабағымыз мамандықты дұрыс таңдауға аз да болса дұрыс бағдар берді деген сенімдемін. Жоғары оқу орындарының студенттері атанып, үкілеп үміт артып отырған ұстаздарымыздың, ата-аналарымыздың зор сенімдерін ақтайық!

. Ж. Аймауытов айтқандай

«Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ, мұның кез келгеніне икемділік қажет, бұл жай күнелту, тамақ асыраудың ғана жолы емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе»

Егеменді еліміздің ертеңі – маман  иелері болуларыңызға тілектестігімді білдіремін!

Қатысып ,белсенділік танытқандарыңа рахмет!


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ