Материалдар / Болашақта мен кім боламын?
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Болашақта мен кім боламын?

Материал туралы қысқаша түсінік
Адамның өмірде өз жолын табуы
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
05 Желтоқсан 2023
142
1 рет жүктелген
700 ₸
Бүгін алсаңыз
+35 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +35 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Мен кіммін? Кім боламын?

Әр адамның бұл өмірде ойып тұрып алатын орыны, атқарып жүрген ролі бар. Ең алдымен біз жаратушының жұмыр басты пендесіміз. Дүниеге бір кейіпте келгенменен, әрікіміміздің тағдырымыз, қызметіміз, бағымыз әртүрлі. Бірінің төбесі көкке жетердей болып жүрсе, бірінің салы суға кетіп жүр. Мұның бір ғана жауабы бар, ол - пешенеңе жазылған тағдыр. Ал мен кіммін? Бұл қоғамда мен қандай орын аламын?

Сенде де - бір кірпіш, дүниеге

Кетігін тап та, бар қалан.  - деп Абай атамыз айтпақшы, адам баласының өмірде өз жолын табуы маңызды. Қазіргі таңда “өмірдегі миссияң” деген атпен танымал сұхбаттар, сұрақтар көп. Әрине бұл дұрыс дүние, өз жолыңды, бағытыңды тауып, содан ләззат ала жұмыс жасау. Ал Абайдың осы өлең жолдарында айтып отырғаны қоғамнан өз орныңды тап, қоғамға пайдаңды тигіз дегені болар деп топшылаймын.

Менің ойымша, адамның өмірдегі ең басты миссиясы - адамгершілігін сақтап, кемелдікке жету. Яғни, мен ең алдымен бұл өмірде адаммын, кейін ғана қоғамның бір бөлшегімін. Адамгершілікті сақтау арқылы кемелдіктің кілтін табу оңай жол емес. Дегенмен, Алланың ең сүйікті құлдары ол адалдықтан аттамаған, адамзатқа көбірек пайдасы тиетіндер. Осы орайда тағы да Хакім Абайдың қара сөзін тіліме тиек еткім келеді. “ Өзің үшін еңбек естең, өзі үшін оттаған хайуанның бірі боласың, ал адамшылықтың қарызын өтеу үшін еңбек етсең, Алланың сүйген құлы боласың дейді”. Екінші кезекте мен қоғам мүшесімін дедім. Туыла сала біз қоғаммен, қоршаған ортамен тығыз байланыстамыз. Адам мен қоғам ажырамас ұғым деуге де болады. Қоғамда мен елімнің азаматы, болашақ ұрпағы, студент ролін аламын. Елімнің азаматы ретінде бірқатар орындайтын міндеттерім бар. Айналама, туған жеріме махаббатпен қарау, оны аялау, оның әр бастамаларын қолдау мен жақсарту. Студент ретінде мен оқуымды жақсы оқып, елге қызмет етуім. Үйге келгенде мен, ата-анамның үлгі тұтар қызы, ағаларымның ерке қарындасы, іні-сіңлілерімнің арқа сүйер әпкесімін. Қарап тұрсақ, біз тек жай жүрген адам емеспіз. Біз де әр адам өмірінде ойнайтын роліміз алатын орнымыз өте үлкен. Сол себепті, әр іске салғырт қарауға болмайды. Қазіргі кезде менің кім екенім белгілі, ал кейін мен кім боламын?

Лев Толстой “ саналы адамға ішіп-жеп, ұйықтап ояну өмірдің негізгі мәні бола алмайды “ деген. “ Армансыз адам, ормансыз бұлбұл” деген тағы бар. Мен қазіргі таңда ұстаздық жолды таңдадым. Осы таңдауды қатты қалап түстім демеймін, физика менің де ұнатпайтын пәндер тізімімде еді. Бірақ уақыт өте келе ұстаздықты ұнатып кеткенім соншалықты, ұнамайтын пәнді оқуға да дайын екенімді түсіндім. Болашақ ұрпақты тәрбиелеу - ұстаздардың қызметі. Бұл өте үлкен жауапкершілік екені айтпаса да түсінікті. Бұдан бөлек, менің арман қиялдарым жетерлік. Армандаудан жалықпау керек.

Мәңгі лаулап жану үшін ғаламда,

Үлкен бақыт табу үшін ғаламда,

Үлкен болып қалу үшін ғаламда

Үлкен арман керек адамға - Мұхтар Шаханов.  Армандау білмейтін адамның мақсаты болмайды. Мақсатсыз адам - өмірін бос өткізген адам. Қазіргі таңда,мен айлап, жылдап емес, күніге жоспар құрамын. Шынымды айтсам, білетінім бір тоғыз , білмейтінім тоқсан тоғыз екен. Уақытымның жетіспей қалуы болмаса, өзімді жан жақты дамытудамын. Және осы өмірлік даму жолымда “аз аздан үздіксіз” принципін қолданамын. Білімдінің күні жарық деген сол екен.

Қорытындылай келе, мен кіммін дегее сұрақтың жауабын айтар болсам, мен ересек өмірге енді қадам басқан, ашық теңізге жүзуге шыққан, буыны қатпаған жас тұлғамын. Өмірдің ақ қарасын енді айырып, білім нәрімен күніге сусындап жүрген жанмын. Болашақта өз армандарымның орындалуына талпынып жүрген білімпазбын.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!