БОЛАШАҚТЫҢ ЭНЕРГИЯСЫ –
«ЭКСПО-2017»
Сатбек С.К., география пән
мұғалімі,
«Балқаш қаласы №15 мектеп-
лицейі» КММ.
ХХI ғасыр тоғысында адамзат
экономика тұрғысынан алғанда, қалпына келмейтін энергия көздерінен
(көмір, мұнай, газ және т.б.) энергия шығару өндірісіне ғана
қатысты болмайтын күрделі мәселеге келіп тірелді.Ол табиғаттағы
динамикалық тепе-теңдікті бұзатын және соған назар аударуды қажет
ететін экологиялық қиындықтармен байланысты.Әрине, термоядролық
реакторлардың көмегімен энергияны өндіруге үміт бар. Бірақ қазіргі
кезде, бұл мүмкіндік тіпті демонстрациялық термоядролық
реакторлардың жоқтығынан, іс жүзінде жүзеге асыру мүмкін де емес.
Сонымен қатар,термоядролық реакторлар радиобелсенді қалдықтардан
толығымен тазарған жоқ. Ал осындай қалдықтарды өңдеу мен көму
мәселесі толығымен шешілген жоқ.Сондықтан адамзат электр энергиясын
алудың жаңғыртылатын және ресурсты сақтайтын технологияларын
қолдануға мәжбүр.[1]
Көптеген зерттеулердің
нәтижесі бойынша, органикалық отындар 2020 жылға қарай әлемдік
энергетика сұраныстарының тек ішінара ғана бөлігін қанағаттандыра
алатындығы айқын. Ғалымдарэнергия қолданудың қалған бөлігі ЖЭК-тің
есебінен қанағаттандырылады деп
санайды.
Жаңғыртылмайтын энергия
көздері– адамның энергия өндіруге
қолдана алатын органикалық материалдар мен заттардың табиғи
қоры.Оған ядролық отын, көмір, мұнай, газ, т.б. жатады.
Жаңғыртылмайтын энергия ЖЭК-пен салыстырғанда табиғатта байланысқан
күйде болады, және адамның белгілі бір мақсатқа бағытталған
әрекеттерінің нәтижесінде
туындайды.
Жаңғыртылатын қуат көздерінің
басқалар сияқты нақты аумақ үшін белгілі бір шектеулері болады.
Жаңғыртылатын және ресурсты сақтайтын қуат көздерін қолдану мен
пайдалану қажетті деңгейге жету үшін, осы қуат көздері туралы өз
түсінігімізде бетбұрыс жасауымыз
керек.[2]
Қоғамда осы қуат көздерімен
жұмыс істейтін құрылғыларды ендірудің алғышартын жасау қажет, және
осындай құрылғыларды жасап қана қоймай, оларды сауатты түрде
пайдалануға бере алатын біліктілігі жоғары мамандарды да
дайындауымыз керек. Болашақтың энергиясы «ЭКСПО-2017»
оқушыларымызға, жастарымызға терең ой
салды.№15 мектеп-лицейінің
оқушыларынан құрылған «Жасыл ел» экологиялық-экономикалық бағыттағы
үйірме жұмысыны жалғасын табуда.

Бұл жұмыстардың барлығы
облыстық семинарда көрсетіліп қана қоймай, облыстық, республикалық
байқауда оқушылар жеңімпаз атанып, жүлделі орынға ие
болды.
Жұмыстар жинақталып, «Жаңа
энергия.Журналистика.Ландшафтық көгалдандыру» тақырыбында
республикалық «Гүлстан» журнал бетінде жарық
көрді.Табиғат пен оның байлықтары
Қазақстан Республикасы халықтарының өмірі мен қызметінің, олардың
тұрақты әлеуметтік – экономикалық дамуы мен әл-қуатын арттырудың
табиғи негізі болып табылады.Жастар бойында қоршаған ортаны қорғау және
онымен жарасымды қатынас жасауда көзқарасын,өмірлікұстанымдарын
қалыптастыруға КЛУБ мүшелері ықпал
етуде.
Қаламыздан қаншама оқушы және
қала тұрғындары « ЭКСПО -2017»көрмесіне тамашалауға барып
қайтты.Көрмеден алған әсерімізді мен былай жеткізер
едім:
«Жер-жаһан назар салған ЭКСПО
халықаралық көрмесi есiгiн айқара ашқалы, Арқа төрiне төрткүл
дүниенiң әр шалғайынан қонақтар ағылып келуде екен. Көрме алдында
ұзын сонар кезек. Көркi көз тартар ЭКСПО қалашығына әр ел өз ғылыми
жаңалығын ала келiптi. Көрмеге келгендер кiреберiстен-ақ таңдай
қағып, таңданыстарын жасыра алмай жатыр.Мен EXPO-2017-нің басты
артықшылығын көркемдік, кеңдік, заманауилық, ұлттық осы сөздермен
бағаладым.


Астана электроэнергетика
саласында үздік идеялар мен тәжірбиелерді жинайтын, ғылым мен
техниканың, жаңа технологияның ең озық нәтижелерін ұсынатын және
сол шешілетін мәселелерді тиімді пайдаланатын орталыққа айналуы
тиіс.Қазақстанда атом энергиясы, күн сәулесінің энергиясы және жел
энергиясы жан-жақты және қарқынды түрде пайдаланылатын
болады.[3]
Соның нәтижесінде
электроэнергияны қолданатын ғылыми мекемелер, өндіріс салалары
дамиды да, Еліміздің экономикасы жоғары деңгейде болатын болады.
Оқушыларымыз рухани қанаттанып
болашақтың энергиясы –
«ЭКСПО-2017» алған әсерлерінен тың идеяларын
тудыруда.
ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ
-
Назарбаев Н.Ә., «Қазақстан
жолы – 2050: Бір мақсат, Бір мүдде, Бір болашақ», Егемен Қазақстан.
- №11, 18.01.2014ж.
-
Нұғманбекова Раушан, «Атом
қуаты – адам игілігі», Егемен Қазақстан. - №125,
27.06.2014ж.
-
Назарбаев Н.Ә., «Қазақстан
Республикасының ЭКСПО – 2017 Халықаралық көрмесін Астанада өткізу
туралы шешім қабылдануына байланысты Қазақстан халқына Үндеуі»,
Егемен Қазақстан. - №807 - 808,
07.12.2012ж.
-
Жылқыбай Жағыпарұлы. «Астана
ЭКСПО – 2017»., Егемен Қазақстан. – 10 шілде
2014ж.
-
Талғат Ермегияев.,
«Қазақстанның серпілісі үшін тың мүмкіндіктер»., Егемен Қазақстан –
21 мамыр 2014ж.
-
Сұңғат Әліпбай., «Үшінші
индустриялық ревалюция»., Егемен Қазақстан - 5 ақпан
2014ж.
-
Динара Бітікова., ЭКСПО –
2017: Эмблема бар. Эскиз бекітілді. Іске сәт!, Егемен Қазақстан
газеті – 23 қазан 2013 ж.,
№237.