жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Болашақтың мамандықтары
Қысқа мерзімді сабақ жоспары
|
Пәні: Қазақ тілі мен әдебиеті |
Мектеп: «№18 ЖОББМ» КММ |
|||
|
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Болашақтың мамандықтары |
Мұғалімнің аты-жөні: |
|||
|
Сынып:6 |
Қатысқан оқушылар саны: |
|||
|
Күні: |
Қатыспаған оқушылар саны: |
|||
|
Сабақтың тақырыбы |
7-8 - сабақтар. Кімге ұқсағың келеді? |
|||
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
6.1.6.1 - тыңдалым материалдарының мазмұны негізінде шынайы өмірмен байланыстырып жауап беру 6.2.2.1 - тақырып бойынша диалогті бастау, жалғастыру, аяқтаудың ұлттық сөз әдебі мен сөйлеу этикеті формаларын білу |
|||
|
Сабақ мақсаттары |
Барлық оқушы мәтін мазмұнын шынайы өмірмен байланыстырады. Көптеген оқушы диалогті бастайды, жалғастырады. Кейбір оқушылар сөйлеу этикеті формаларын біледі. |
|||
|
Бағалау критерийлері |
Мәтіндерден тақырыпқа қатысты негізгі ақпаратты табады, шынайы өмірмен байланыстырады, диалог құрады, кімге ұқсағысы келетінін айтады. |
|||
|
Тілді мақсат |
Пәнге тән лексика мен терминология: талапкер, дәріс, тырыс, ірікте. |
|||
|
Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: мамандық, жас дарын. |
||||
|
Бастапқы білім |
Ең жақсы мамандық туралы айтады, сипаттайды. Мұғалім оқушының бастапқы білімін жетекші сұрақтар қою арқылы біле алады. |
|||
|
Сабақтың барысы |
||||
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Жоспарланған жаттығу түрлері
|
Ресурстар |
||
|
Сабақтың басы |
Психологиялық ахуал қалыптастыру. Мұғалім оқушыларды «шаттық шеңберіне» тұрғызады, сәлемдеседі Қызығушылығын ояту. «Тірек сөздер» стратегиясының негізінде тақтадағы плакаттарға бірнеше сөз жазады, ой шақыру сұрақтарын қояды: Жақсы тәрбие алу үшін адамға не керек? Оқушылар кезек-кезек тақтаға шығады. Маркерлерді пайдаланып, ассоциограмма құрайды, сұраққа сызба бойынша жауап береді, өз ойын дәлелдейді (1-тапсырма). Мәтіналды жұмыс. Мұғалім интерактивті тақтадағы тақырыпқа қатысты жаңа сөздермен таныстырады, аудармасын айтады, оқиды, оқушыларға қайталатады, сөздік дәптермен жұмыс жасатады. Сюжетті суреттердің (фотосуреттер) желісі бойынша берілген сөздермен сөйлем құрайды. Тақырыпқа қатысты суреттерді мұғалімнің өзіне де дайындауға болады (2-тапсырма). Жұптық жұмыс. Оқушылар тапсырманың шарты бойынша «Ойлан – жұптас – бөліс» әдісінің негізінде «Кімге ұқсағың келеді?» деген тақырыпта досымен сөйлеседі, ұлттық сөз әдебі формаларын қолданып, диалог құрады (3-тапсырма). |
Тренинг жазылған парақшалар, флипчарт, маркерлер Оқулық, тақырыпқа қатысты суреттер |
||
|
Сабақтың ортасы |
Мәтінмен жұмыс. Оқушылар мәтінді оқиды, тақырып қояды, берілген ақпартты шынайы өмірмен байланыстырады, мәтін мазмұны бойынша кластер толтырады, қою қаріппен берілген сөздерден сөйлем құрайды. Мәтінсоңы жұмыс. Гуманитарлық және техникалық саланың ерекшеліктері мен ортақ белгілерін анықтайды, Венн диаграммасын толтырады (8-тапсырма). Венн диаграммасы
«Ой қозғау» әдісі. Мәтінге сүйеніп, өзі үлгі тұтатын адамы жайлы мәтін құрайды, сұрақтарға жаууап береді (9, 12-тапсырма). Сергіту сәті. Мұғалім сергіту сәтінде аудиотаспадан ән тыңдатады. Әнді тыңдайды, не туралы ән екенін айтады, ән салады (11-тапсырма). |
Оқулық, аудиотаспа |
||
|
Сабақтың соңы |
Топтық жұмыс. «Оймоншақ». «Мамандықтың бәрі жақсы» деген тақырыпта мәтін құратады. Оқушылар мәтін мазмұнын пайдаланып, шынайы өмірмен байланыстырып, 2 минутта мәтін құрауға тиіс (10-тапсырма). Қалыптастырушы бағалау. «Бағдаршам» әдісі арқылы білім алушылар өз сыңарын бағалайды.
Кері байланыс. «Бір сөзбен» әдісі. Оқушылар тапсыманы қалай орындағандарын бір сөзбен айтады. Үйге тапсырма. Үй тапсырмасы ретінде оқулықтағы 7-тапсырма беріледі. Тапсырманың шарты, қалай орындалуы қажет екені түсіндіріледі. |
Оқулық, сурет Жасыл, қызыл, сары дөңгелектер, ғаламтор ресурсы, сақина |
||
|
Қосымша ақпарат |
||||
|
Рефлексия Сабақ барысында оқу мақсатына қол жеткізді ме? Оқу мақсатына қол жетпеудің себебі неде? Бүгін оқушылар не біліп, не үйренді? Сыныптағы психологиялық ахуал қандай болды? Жоспардан ауытқу болды ма? Себебі неде? Жоспарланған саралау шаралары тиімді болды ма? Уақыт дұрыс пайдаланылды ма? Жоспарыма қандай түзетулер енгіздім. Не себепті? |
Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз, сұрақтарға жауап беріңіз (Сабақ жүйелі жоспарлағандықтан, сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері орындалады. Оқушылар мәтін мазмұнын түсінеді, сұрақтарға жауап береді, сөздікпен жұмыс істейді. Сабақ жоғары деңгейде өтеді, өйткені оқу мақсаттары дұрыс таңдалды, уақыт тиімді пайдаланылып, саралау жұмыстары да орындалады). |
|||
|
Қорытынды бағалау: Қандай екі нәрсе (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз) табысты болды ма? Сабақтың өзіне ұнаған 2 тұсын анықтап жазыңыз. 1: __________________________________________________________________________________ 2: __________________________________________________________________________________ Қандай екі нәрсе (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз) сабақтың тиімділігін арттырады? 1: __________________________________________________________________________________ 2: __________________________________________________________________________________ Сабақ барысында өзіңіздің көңіліңіз толмаған 2 әрекетті (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз) атаңыз. 1: __________________________________________________________________________________ 2: __________________________________________________________________________________ Сабақ барысында келесі сабағымда сыны не жекелеген оқушының сапалы білім алуы үшін нені жетілдіруге болатынын білдім. 1: __________________________________________________________________________________ 2: __________________________________________________________________________________ |
||||
шағым қалдыра аласыз




Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген