400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

БОЛАТБЕК ӘБІШЕВ

Материал туралы қысқаша түсінік
Болатбек Әбішев Жамбыл облысы , Мойынқұм ауданы, Бірлік ауылында дүниеге келген (бұрынғы Көктерек). Ол кісі жастайынан қолына қалам алып, өлең жаза бастайды. «Киров» орта мектебін оқып бітірген соң, Алматы ауыл шаруашылық институтына оқуға түсіп, Агроном-экономист мамандығын алып шығады.
Материалдың қысқаша нұсқасы







БОЛАТБЕК ӘБІШЕВТІҢ

ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ

















































«Мойынқұм» деген, есімің қандай,

Ауызға түсер еріген балдай.

Алыстап кетсең, аз ғана сәтке,

Қайтарар сені, сағыныш қоймай.



Тұтасып өскен, теріскен, жусан,

Аралап жүріп қоянын қусаң.

«Сұңқардан» аққан тап-тастай суға

Шөліңді басып, бетіңді жусаң.



Әлезір аздау, көк-орай желек,

Іздеме жаным, сан түрлі себеп.

«Хантаудың» желі, анаңдай иіп,

Маңдайдан сыйпап, аймалап, өбед.

























«Мойынқұм» сені бақыт қой сүю,

Рахат, тіпті, құмдаққа күю.

Қысқасы, осы, киелі жерге,

Сауапты болар, басыңды ию.



Әділдік пенен адалдық барын,

Өмірдің, мына, жаңалықтарын.

«Мойынқұм» тегі, игеріп тезден,

Ысырып таста, ескінің бәрін.



Бөленіп гүлге, құлпырсын дала,

Кеңінен ойлап, қабылда шара.

Тәуекел етіп, «Мойынқұм», қане

Тұрғызып көргін, сен де бір қала!

























«Мойынқұм» қасиетті алтын бесік,

Ата-жұрт болдың-дағы, аштың есік.

Тәңірім сонау бастан шын пейілмен,

Өзіңе берген екен молдау нәсіп.



Сондықтан «Мойынқұмым» малды мекен,

Шөлейтті, қыратты да, таулы мекен.

Бабалар «Сұңқар» шыңға шығып алып,

Назарын бар әлемге салды ма екен?



Құрметтеп өттік біздер Жаз атаны,

Сыйладық Ділдәш-сынды жан апаны.

Сол кезде қазақ емес, Одаққа да,

Дүрілдеп шыққан еді бар атағы.



Ол кезде партия ғой басқаратын,

Бар қоғам одан, тіпті, жасқанатын.

Бірінші хатшы болып «Мойынқұмға»,

Бәйгеге Айтбай аға қосқан атын.



Бәріміз білеміз ғой, обал-нешік,

Айтекең «Мойынқұмға» болды нәсіп.

Мал өсті кеңшарларда қора-қора,

Ал қырман, жатушы еді асып-тасып.



Болған соң ойы сергек, сөзі ұшқары,

Тізгінді ұзақ жылдар нық ұстады.

Қалды ғой бүгіндері аңыз болып,

«ЯК-40» Мойынқұмнан тік ұшқаны.



«Мойынқұм» қашан-дағы киелісің,

«Ақбақай» бүгіндері сүйенішім.

Мақтансаң, мақтана бер, төл ұрпағың,

Өзіңді құрметтейді, сүйеді шын.









БОЛАТБЕК ӘБІШЕВ

Болатбек Әбішев Жамбыл облысы , Мойынқұм ауданы, Бірлік ауылында дүниеге келген (бұрынғы Көктерек). Ол кісі жастайынан қолына қалам алып, өлең жаза бастайды. «Киров» орта мектебін оқып бітірген соң, Алматы ауыл шаруашылық институтына оқуға түсіп, Агроном-экономист мамандығын алып шығады. Алғашқы жұмысын №62-ші Бірлік кәсіптік училищесінде тәрбиеші болып бастайды. Қазіргі таңда Болатбек Әбішев Биназар ауылында тұрады және өз шығармашылығын әлі күнге жалғастыруда. Осы күнге дейінгі шығармашылықтарын атап айтатын болсақ, «Өмір – дария, өмір – өзен», «Қозғалтсаңшы кеудемнің бір жартасын», «Шөкім бұлт».





«Өмірді терең ұғына білген ақын» ақын-сазгер Болатбек Әбішев Жамбыл облыстық Ш.Уәлиханов атындағы әмбебап ғылыми кітапханасында



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
9 наурыз
867
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі