Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Бөлім бойынша жиынтық бағалау " Театр өнері мен мәдениеті. Синтаксис"

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ тілінен БЖБ жұмысы 8- сынып.
Материалдың қысқаша нұсқасы

ІV ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҚЫЛАУ ЖҰМЫСЫ

Бөлім: «Театр өнері мен мәдениеті. Синтаксис»

«___»_________2020 жыл. Оқушының аты-жөні:____________________________ Сыныбы:______

Оқу мақсаты:

8.1.2.1 Әлеуметтік-қоғамдық, мәдени-тарихи тақырыптарға байланысты диалог, монолог, полилогтердегі (интервью, пікірталас үзінді) автор көзқарасы мен экспрессивті-эмоционалды сөздердің рөлін талдау

Орындау уақыты: 15-20 минут


Тапсырма

Мәтінді мұқият оқыңыз.

Белгілі сыншы, мәдени сарапшы, еліміздің еңбек сіңірген қайраткері Әлия Бөпежанова қазіргі сатиралық театрлар туралы өз пікірін білдірді.

Қазір әзіл-сықақ театрларының саны бар, сапасы сын көтермейді деп көп айтылып, жазылып жүр. Театр сыншысы ретінде сіздің ойыңыз қандай?

Қазір әзіл-сықақ театрлары көп. Жалпы, қазір әзіл-сықақ театрлары жан-жақты. Негізінен бүгінгі күннің әлеуметтік мәселелерін көтереді. Бірақ бір айтатын мәселе: олар қоғамдық әлеуметтік мәселелерден гөрі отбасы-ошақ қасы, тілді дұрыс айтпау, құда-құдағилар сияқты жеңіл-желпі тақырыптарды шиырланқырап қалып жүр. Көпке топырақ шашуға да болмайды.

Әзіл-сықақ театрларының одан бөлек тағы қандай кемшіліктері сізді ерекше алаңдатады?

Меніңше, театрлардың басты проблемасы материалдарды өздері жазып ала салады. Тақырыпқа жеңіл-желпі қарайды. Сахнаға шығып әйтеуір жұртты күлдірсек болды дейтін сияқты. Тағы бір мәселе: қазіргі жастар сахнаға шығып алып, өздерін жарнамалауға бейім. Оны өздері де байқамайды. Бұл – сахналық мәдениетке томпақ нәрсе.

Сондай-ақ телеарналарда демалыс күндері, түнгі уақытқа қарай, әзілге құралған дүниелер беріліп жатады. Қарасаң, талғам мен эстетика жетпейді. Тақырып аялары өте тар. Бұл да бүгінгі күннің басты проблемасы сияқты. Жақсы әзіл арзан күлкіден құралмау керек. Ол, керісінше, адамды ойлантуға, өмірге басқаша көзбен қарауға итермелеу керек.

Кәсіби авторларға тапсырыс бермей, өздері жаза салу, ақша үнемдеу ме, әлде өз өздеріне деген сенімділік пе?

Біріншіден, мүмкін ақша үнемдейтін шығар. Өнер деген – интеллектуалдық жеке меншік. Шын мәнінде, интеллектуалдық еңбекке лайықты еңбекақы төленуі керек. Бүгін, мысалы, Парламентте мәдениет туралы заң талқыланды. 25 жылдан бері жазушыларға қаламақы төленбейді екен. Бұл, былайша айтқанда, нонсенс. Әрине, театрлардың бәрі бірдей емес.

Расымен де, театрлар неге арзан әзілге құмар болып кетті?

Кез келген өнер адамы саясаткер болу керек. Ол қоғамда не болып жатыр, парламент не талқылады, қандай халықаралық мәселелер қаралды, қысқаша айтқанда, бәрін біліп, бақылап отыру керек. Яғни деңгейі өте жоғары, ой-өрісі кең болуы тиіс. Өнер тек құда мен құдағиға тиісіп немесе әйел болып киінген, шалбарын шорт кескен келіншектерді немесе орысша тіл сындыратын жастарды сынаумен ғана шектелмеу керек. Әрине, оның бәрі қажет. Бірақ интеллектуалдық ізденіс көбірек керек. Меніңше, әзіл-сықақ театрларында білім, ізденіс жағы жетіспейтін секілді…


1. Мәтіндегі экспрессивті-эмоционалды сөздерді теріп жазыңыз.

____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________







2. Кестені толтырыңыз.


Автор көзқарасы қандай?

Автор көзқарасы бойынша менің пікірім





3. Мәтінді пайдалана отырып жай сөйлемнің түрлеріне мысал келтіріңіз.

____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Бағалау критерийі

тапсырма

Дескриптор

Балл

Білім алушы

Мәтіндегі автор көзқарасын анықтайды


1

мәтіннен экспрессивті-эмоционалды сөздерді анықтайды;

1

1

2


мәтіннен автор көзқарасын анықтайды;

1

автор көзқарасы бойынша пікір білдіреді;

1

Мәтінді пайдалана отырып жай сөйлемнің түрлеріне мысал келтіріңіз.



3

Жақты, жақсыз сөйлемдерге мысал жазады;

1

Толымды сөйлемдерге мысал жазады;

1

Толымсыз сөйлемдерге мысал жазады;

1

Жайылма сөйлемдерге мысал келтіреді;

1

Жалаң сөйлем, атаулы сөйлемдерге мысал келтіреді.

1

Жалпы

9





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
15.10.2020
3626
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12