Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Бөлімдері бірдей бөлшектерді салыстыру

Материал туралы қысқаша түсінік
Шымкент қаласы Циолковский атындағы №84 жалпы орта білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
Материалдың қысқаша нұсқасы

43 сабақ. Тақырыбы:

Бөлімдері бірдей бөлшектерді салыстыру

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 3

Қатысқандар саны:

Қатыспаған оқушылар

Оқу мақсаты: (Оқу бағдарламасының ұзақ мерзімді жоспарына сәйкес)

3.1.1.6 жай бөлшектерді оқу, жазу; бөлімдері бірдей жай бөлшектерді көрнекілік қолдану арқылы салыстыру


Сабақтың

мақсаты:

Оқушылардың барлығы:

  • Бөлшек деген – бұл бүтіннің бір немесе бірнеше бөлігі, бөлшекті жазуда алымы мен бөлімінің не екенін біледі.

Оқушылардың көбі:

  • Жай бөлшектерді оқып, жаза алады;

Оқушылардың кейбірі:

  • Көрнекіліктерді пайдалана отырып, бөлімдері бірдей бөлшектерді салыстыра алады

Бағалаукритерийлері

-бөлшекті жазуда алымы мен бөлімін ажырата алады;

-жай бөлшектерді оқып, жаза алады;

-бөлімдері бірдей бөлшектерді салыстыра алады.

Ғылыми тіл

Пәндік терминология мен тірек сөздер

Бөлшек, алым, бөлім.

Диалог пен жазу үшін пайдаланылатын сұрақтар:

Талқылау:

Санның бөлігін қалай табуға болады?

Бөлік бойынша санды қалай табуға болады?

Бөлшектің алымы нені көрсетеді?

Бөлшектің бөлімі нені көрсетеді?

Құндылықтар

Адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру

Пәнаралық байланыс

Өзін-өзі тану

АКТ қолдану дағдылары

Оқушылар жеке жұмыстарды интербелсенді тақтада орындайды.

Алдыңғы меңгерілген білім

Бөлшектер, бөлшектерді жазу және салыстыру.

Сабақ барысы

Жоспарлан-ған уақыт

Оқушылардың жоспарланған іс-әрекеті

Ресурстар


Сабақтың басы


(Ұ.Ж) Есіңе сақта.

Оқушылардың есте сақтау мен байқампаздық қабілеттерін сынау мақсатында сынып ұжымымен жүргізіледі. Бір минут уақытқа тапсырманы көрсетіп, сонан соң сұрақтарға жауап алынады.

Сұрақтар:

  1. Қандай геометриялық фигураларды есте сақтап қалдыңдар?

  2. Дөңгелектің ішінде жазылған бөлшек санды атаңдар.

  3. Дөңгелектің түсі қандай?

  4. Бөлшек сандардың ішінде 1 саны кездесетін бөлшек бар ма?

  5. Ол бөлшек қай фигураның ішінде жазылған?

  6. Осы бөлшекті ата.

  7. Шаршының түсі қандай?

  8. Үшбұрыштың түсі қандай?

  9. Үшбұрышта жазылған бөлшек санды ата.

Смайлик арқылы бағалау.


(Ж.Ж) Фигураны боя.

Әр жұпқа түрлі үлестерге бөлінген дөңгелектер таратылып беріледі. Жұптар бірлесе отырып көрсетілген бөлшек санына сәйкес дөңгелектің тиісті үлесін бояйды. Орындап болған соң оқушылар өзара бір-бірінің жұмысын тексереді.

Тапсырманы сұрақ-жауап түрінде қорыту.

1) Бөлшек деген не?

2)Бөлшектің бөлімі нені білдіреді?

3)Бөлшектің алымы нені білдіреді?

Басбармақ арқылы бағалау.

















Интербелсенді тақта






















Дөңгелек макеттері, түрлі түсті қарындаштар




















Сабақтың ортасы








(Т.Ж) Салыстыр.

Топқа бірігу арқылы жұмысты жалғастыру.

Топтарға 11 бөлікке бөлінген таспа таратып беру. Оқушылар тапсырмада көрсетілген бөлшектерді кесіп алады. Сонан соң кесіп алынған бөлшектерді салыстыру ұсынылады.

- Таспа неше бөлікке бөлінген?

- Ең үлкен таспа қай бөлшекке тиесілі?

- Ал ең кіші таспа ше?

Пайда болған бөлшектерді атау.Оларды салыстыру.Қай бөлшектің артық екенін табу. Бөлшектерді өсу ретімен жазу. Неге артық, неге кем? Сұрақтарына толық жауап алу.

Ережені қорытып шығару:

Бөлімдері бірдей бөлшектердің қайсысының алымы үлкен болса, сол артық болады.

Мысалдар келтіру.

Смайлик арқылы бағалау.


(Т.Ж) Салыстыр.

Суретті тапсырма таратылып беріледі. Оқушылар топтаса отырып, тортты әсемдеген балауыз бен гүлді санап, салыстырады. Алдымен сынып ұжымымен талдап алып, сонан соң орындауға кіріседі. Торттың неше бөлікке бөлінгенін сұрау. Сонан соң балауыз бен гүлдің санын сұрау. Балауыз торттың қандай бөлігін, ал гүл қандай бөлігін алып тұрғанын сұрау.

Отшашу арқылы бағалау.


Сергіту сәті. "Үлестер" ойыны

Оқушыларды топтағы санына сәйкес сонша тең бөлікке бөлу. Сол бөліктің үлесін атағанда оқушылар орнынан тұрады. Мысалы: 4/6 үлесі дегенде топтағы алты оқушының 4-еуі тұруы қажет.


(Ж.Ж) «Кім жылдам?» әдісі

Бөлімдері бірдей бөлшектерді салыстыруды жұптық жұмыс ұйымдастырып, оқушылардың жылдамдығын анықтау. Тапсырма орындап болған соң, оқушылар өзара тексеру жүргізеді.

Смайлик арқылы бағалау.


(Ж.Ж) «Қай сан жоқ?» әдісі.

Жұптық жұмысты жалғастыра отырып, оқушыларға тапсырма жазылған парақтар тарылып беріледі. Тура теңдік шығатындай жоқ санды жазады. Бөлшекпен берілген шамалардың үлесін табуы керек. Ол үшін алдымен шамалардың ара қатынасын еске түсіріп алу.

  • 1 километрде неше метр бар?

  • 1 тоннада қанша килограмм бар? 1 центнерде ше?

  • 1 сағатта қанша минут бар?

Тапсырманы орындап болған соң, оқушылар бір-бірінің жұмыстарына тексеру жүргізеді.

Басбармақ арқылы бағалау.


(Ө.Ж) Семантикалық карта.

Оқушылардың осы сабақта алған білімдерін пысықтау үшін тапсырманы өз беттерімен орындап, тексереді.

А3 форматты плакаттар, маркерлер, қайшы






























Сабақтың соңы



Кері байланыс. "Өрмекші торы" әдісі

Әр оқушы сөйлемнің қалаған бөлігін алып, оны аяқтайды.

-Сен үшін сабақта не жаңалық болды?

-Бұрынғы білетін қандай білімің тапсырманы орындауға қажет болды?

-Саған сабақта тапсырманы орындауға кім және қалай көмектесті?

-Сабақтағы алған қай білімің саған болашақта қажет болады?

-Сен алған білімді қайда қолдана аласың?

-Сабақтың қай кезеңінде сен өзіңді табысты сезіндің?


Үлестірмелі карточкалар











Қосымша ақпарат

Саралау –оқушыларғақалайкөбірекқолдаукөрсетудіжоспарлайсыз? Қабілетіжоғарыоқушыларғақандайміндетқоюдыжоспарлапотырсыз?

Бағалау - оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық пен қауіпсіздік техникасының сақталуы



Қабілеті жоғары оқушылардың логикалық ойлауын дамыту үшін қосымша мақсатқа сай тапсырмалар беремін. Көбірек қолдауды қажет ететін оқушыларды бөлек топтастыра отырып, әр сабақтың басында өткен мақсатқа шолу жасатамын.

Смайликтер жинау арқылы орындалған жұмыстардың санына сәйкес бағаланады.

Сабақ арасында ұйымдастырылған ойындарда қауіпсіздік техникасын сақтауды сұраймын.






Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
10.01.2019
1801
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12